Балқаш қаласы, Қарағанды облысы
Жалпы білім беретін №9 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі:Салимбаева Сауле Какитаевна
Ашық сабақ Дүниетану
Тақырыбы: Адам және өсімдіктер мен жануарлар
Мақсаты: Тірі табиғаттың бір бөлігі болып саналатын адам және өсімдіктер мен жануарлар арасындағы тығыз байланыс жайында түсінік беру арқылы, олардың маңызын білуге жағдай жасау.
Міндеттері:
Білімділік: Адам және өсімдіктер мен жануарлардың байланысын, бір-біріне пайдасын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Тірі табиғатты қорғап, күтуге баулу.
Түрі: Ашық сабақ.
Типі: Дамыта оқыту.
Қолданылған әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Көрнекіліктері: тірек-сызбалар, сөзжұмбақтар, мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Саламатсыздар ма? Біздің бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше болғалы тұр. Өйткені бізге көптеген қонақтар келіп отыр.Сондықтан біз өзіміздің білімді, тәрбиелі екенімізді көрсетуіміз керек.
Қайырлы, күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен,
терезені ашып Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар.
Дәл бүгінгі күні табиғат-Ана бізді несімен қуанты, бізге не айтады?
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
Келісесіңдер ме? Өте керемет!
Үйге қандай тапсырма берілді?
№1. «Менен сұрақ, сізден жауап »
Көбею дегеніміз не?( жануарлардын тіршілігін жалғастыруы, санының артуы, ұрпақ беруі)
Қандай жануарларды сүтқоректілер дейді?
Қандай жануарлар жұмыртқа салады?
Бақалар мен балықтардың көбеюінде ұқсастық бар ма?(екеуінің де жұмыртқасы уылдырық деп аталады, екеуі де уылдырығын суға салады?)
Балықтар мен бақалар ұрпағына қамқорлық жасай ма?
Қолтырауын ұрпағына қамқорлығы туралы айтып бер.
Мақсатымыз: Бүгінгі сабағымызда «Адам», «өсімдік», «жануарлар» деген ұғымдардың арасындағы байланысты, олардың қандай маңызы бар екенін білетін боламыз.
Проблемалық сұрақ: Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не ? Оларға нелер жатады?
Оқушылар: Ауа, су ,өсімдіктер, хайуанаттар, құстар,балықтар…
Мұғалімнің сөзі: Дұрыс айтасыңдар сондықтан біз оларды тірі табиғаттың бір бөлігі деп санаймыз. Табиғат- күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, тал бесігі.
Мағынаны тану. Ой қозғау
Әр топқа сөзжұмбақ беріледі.
1 топ сұрақтары:
Аң
Тірі табиғат
Адам жалғасы
Үй жануары
А |
||||||||
Д |
||||||||
А |
||||||||
М |
||||||||
Сөздік жұмысы
Адам – человек –
2 топ ұрақтары:
-
Адамға 1-ақ рет беріледі.
-
Көкжиекті қалай өлшейді.
-
Топырақта болады
-
Су қандай?
-
Ауырғанда көмектеседі.
-
Адамға жақын жүретін аң
-
Оқушы айнасы
Ө |
||||||||||||
С |
||||||||||||
І |
||||||||||||
М |
||||||||||||
Д |
||||||||||||
І |
||||||||||||
К |
||||||||||||
Сөздік жұмысы — өсімдік — растение —
3 топ сұрақтары:
-
Ағаш көркі
-
Өсімдік құрылысы
-
Ас атасы
-
Киіз үй жабдығы
-
Қу адам
-
Жануарда болатын рең
Сөздік жұмысы – жануар – животное –
Ж |
||||||||
А |
||||||||
Н |
||||||||
У |
||||||||
А |
||||||||
Р |
||||||||
Сонымен
1 топ – «Адам»,
2 топ «Өсімдік»,
3 топ «Жануар»
Сөзжұмбақ шешуі бойынша жаңа материалдың тақырыбының аты шықты.
Әр орталықтарға тапсырма беру.
Әр орталықтарға тапсырма беру.
1 топ. «Адам» орталығы
дене аяқ қол
АДАМ ДЕНЕСІ
бас мойын
Не қажет?
Су, тамақ, ауа, жарық, жылу.
Ұрпақ суретін сал.
Қорғау: Айналадағы дүниеге табиғат заттары мен табиғат құбылыстары және адам мен адам қолынан жасалған дүниелер жатады. Осылардың ішінде адам ерекше рөл атқарады. Адам өмірінде еңбектің маңызы зор. Еңбектенген адам ғана жақсы өмір сүреді. Адамдар өсімдіктің арқасында таза ауамен дем алады. Өсімдіктер адамға әдемілік, сұлулық сыйлайды. Түрлі гүлдерді бір- біріне сыйлап, адамдар бір- біріне сыйлап, адамдар бір- бірінің көңіл күйлерін көтереді.
2 топ. «Өсімдіктер» орталығы
ағаш бұта шөп
ӨСІМДІК
тал жапырақ шыбық
Не қажет?
Су, тамақ, ауа, жарық, жылу.
Өскін суретін сал.
Өсімдіктер — тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (біріншісі — жануарлар). Құрлықтың барлық жерінде өседі, суда кездесетін түрлері де бар. Барлық өсімдіктерқоректенеді, тыныс алады, жарықты жылуды, суды қажет етеді. Олар –тірі ағза. Көбею – барлық тірі табиғатқа тән қасиет.
3 топ. «Жануар» орталығы.
қосмекенді балық бунақ денелілер
ЖАНУАРЛАР ТОБЫ
құстар бауырмен жорғалаушылар
Не қажет?
Су, тамақ, ауа, жарық, жылу.
Балапан қалай пайда болады?
Жануарлар – тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; Жануарлардың кеңістіктегі тіршілік ету қабілеттілігі; белгілі бір экологиялық жағдайға бейімділігі.
Мағынаны тану. Ой қозғау
Оқушылар парақшалары бойынша түсіндіреді. Осы тірек сызбалар арқылы біз үшеуінің тығыз байланыста болатындығын көреміз.
АДАМ
ӨСІМДІК ЖАНУАР
Әр орталық оқулықтан өзіне керек жерін оқып, көрнекілік бойынша түсіндіреді?
1 топ. «Адам» орталығы – адам туралы
2 топ. «Өсімдіктер» орталығы — өсімдік туралы
3 топ. «Жануар» орталығы — жануар туралы
Бір-біріне дәлелдеп береді. Рольдерде ойнады.
Мұғалімнің қорытындылауы: Осы тірек — сызбалар арқылы біз үшеуінің тығыз байланыста болатындығын көреміз.Осы үшеуіне де ортақ белгілер бар ма? Ойланып көрейікші?
Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы да осы ұғымдардан алыс емес. Адам және өсімдіктер мен жануарлар деп аталады.
Оқушылар жауабы:
Мысалы:
1. Үшеуі де тірі ағза, тірі табиғаттың бөлігі.
2.Үшеуіне де ауа, су, қорек, жылу, жарық қажет.
3. Үшеуі бір – бірімен тығыз байланысты , табиғатта тепе — теңдікті сақтайды.
АДАМ
ӨСІМДІК ЖАНУАР
№2 тапсырма ( Флипчартта орындалады)
1 топ Бунақденеқоректі және өсімдікқоректі жануарларды тиісті контейнерге орналастыр: бақа, ақбөкен, шақшақай, түйе,тоқылдақ түлкі, аю, бүркіт, сазан.
Бунақ дене қоректі:
шақшақай,
бақа,
тоқылдақ
Өсімдік қоректі:
ақбөкен,
түйе,
аю,
сазан.
2 топ
Сәйкестендіру
Өнімдер |
жануарлар |
Шұбат |
ешкі |
Қымыз |
түйе |
Түбіт |
қой |
Ірімшік |
бие |
Жұмыртқа |
сиыр |
жүн |
тауық |
3топ
Сызба жұмыс дүниетану электронный кітаптан
-
Әр топ адам, жануар, өсімдік туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
-
Сиырдың сүті – тілінде.
-
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
-
Бір тал жұлсаң – он тал ек.
-
Артыңда мал қалғанша, бір тал қалсын.
Ия, балалар топпен, орталық бойынша жақсы жұмыс жасадыңыздар.енді келесі кезек
«Егер табиғатқа тіл бітсе…» тақырыбы бойынша оқушының таза жүрегінен шығармаларға кезек берейік:
мысалы:
Ұлпан: Егер табиғатқа тіл бітсе, ол былайша бізге тіл қатар еді: «Ей, адамзат баласы! Сен менің бауырымда өсіп ер жеттің. Мен сені тонғаныңда күн шуағыммен жылыттым, ыстықта ағаштарыммен жаныңа сая болдым. Мөлдір, таза ауаммен дем алдың. Жер- ана сені асырады, бақты ұрпағың ғасырдан ғасырға жалғасып келеді. Мен арқылы сен сұлулықты , әдемілікті сезіндің! Бірақ мен саған өкпелімін. Неге дейсің ғой бүгінгі күніме қарашы. Ауам ластанды. Суым лайланды, тартылды. Орманымдағы ақбөкенім мен сұлу киігім қайда қашты? Даланы әсем әнге бөлеген құстарым неге азайды? Балықтарым неге жағада өліп жатыр? Сен бүгін менен бәрін алып алсаң, болашақ ұрпағың қалай күн көреді? «Судың да сұрауы бар» деп адамдар өздерің айтатын едіңдер ғой. Бүгін мен сендерге осындай сұрақ қоямын. Жауап беріп көріңдерші- деуші еді табиғат.
Диляра: «Егер табиғатқа тіл бітсе, сүйікті қалам – Балқаш. Жайқалған орманым қайда? Оның ағаштарын есепсіз кестің. Соның салдарынан қалаңда азынаған жел соғатын болды. Аспанға құм ұшып жатыр. Ал оның денсаулыққа қаншалықты зиян екенін білесің бе? Егер ұрпағыңның болашағын ойласаң , орманыңды қалпына келтір, адамзат!»
Нұргелді: «Егер табиғатқа тіл бітсе, Семей полгонына биыл 25 жыл. Сол себепті,адамдар, сендер қандай қатыгездік жасағандарыңды білесіңдер ме? Сен менің ауамды ғана улаған жоқсың, ұрпағыңды мүгедек еттің. Осы жарылыстың салдарынан қаншама адам бүкіл өмірін жылаумен өткізіп келеді. «Кім кінәлі?» деген сұраққа олар, «маңдайыма жазылғаны осы» дейді». Бірақ бұған тек адамдар кінәлі, полигон –адам қолымен жасалған қастандық. Менің ауам тазарар, бірақ ұрпағыңның денсаулығын қайтадан қалпына келтіре алар ма екенсің?- деп айтар еді Табиғат»
ІV. Бағалау
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау. Рольде ойнаған оқушыларды бағалау, мадақтау.
Оқушылар сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен мынандай сөздерді апарып іледі.
Гүлдей бер, Жер-Ана!
Аспаның ашық болсын!
Аспаныңды бұлт торламасын!
Тоғайың аң мен құсқа толсын!
Суың мөлдір, таза болсын!
Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын!
Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын!
Күнің жарық болсын!т.б.
Хормен :
Табиғат сені сүйеміз,
Басымызды иеміз!
-
Үйге тапсырма беру
Оқулықтан мәтінді түсініп оқып келу, үйдегі үй жануарларын, үй өсімдіктерді, дүниені бақылап келу, сурет салу.
Табиғат, Ана құшағын саялайық,
Қорғау үшін күш-жігер аямайық.
Ол болмаса, сен жоқсың, осыны ұқ.
Адамзат! Табиғатты аялайық!
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ»
1 топ сұрақтары:
-
Аң
-
Тірі табиғат
-
Адам жалғасы
-
Үй жануары
2 топ сұрақтары:
-
Адамға 1-ақ рет беріледі.
-
Көкжиекті қалай өлшейді.
-
Топырақта болады
-
Су қандай?
-
Ауырғанда көмектеседі.
-
Адамға жақын жүретін аң
-
Оқушы айнасы
3 топ сұрақтары:
-
Ағаш көркі
-
Өсімдік құрылысы
-
Ұлы тағам
-
Киіз үй жабдығы
-
Қу адам
-
Жануарда болатын рең
дене аяқ қол
АДАМ ДЕНЕСІ
бас мойын
Не қажет?
Су, тамақ, ауа, жарық, жылу.
Ұрпақ суретін сал.
ағаш бұта шөп
ӨСІМДІК
тал жапырақ шыбық
Не қажет?
Су, тамақ, ауа, жарық, жылу.
Өскін суретін сал.
қосмекенді балық бунақденелілер
ЖАНУАРЛАР ТОБЫ
құстар бауырмен жорғалаушылар
Не қажет?
Су, тамақ, ауа, жарық, жылу.
Балапан қалай пайда болады?
АДАМ
ӨСІМДІК ЖАНУАР