Басы » Бастауыш сыныптар » Сын есім (Презентация)

Сын есім (Презентация)

ГульмираҚостанай облысы.
Әулиекөл ауданы.
Диев ауылы.
Диев орта мектебі.
Бастауыш сынып мұғалімі Изгалиева Гульмира Жуныскановна.
Сабақтың  тақырыбы:   Сын есім.
Сабақтың  мақсаты:Білімділігі: Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін еске түсіру, кеңейту.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрістерін танымдық қабілеттерін, сөздік қорын . Шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Тиянақтылыққа, тілді құрметтеуге, достарын сыйлауға, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер, сызбалар, тест.
Әдісі:  ақпараттық технологияны қолдану, сұрақ-жауап, мақал-мәтелдер, ой-толғау, сөйлем құрастыру.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен математика.
Сабақтың  барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе сөз:
Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым бақытым дара тілім.
ІІ. Психологиялық дайындық.
IIІ. Үй жұмысын тексеру.
Етістік дегеніміз не?

  • Етістіктің жақтары.    Мысал келтір.

                                                                 осы шақ

  1. Етістіктің шақтары                            өткен шақ

                                                                      келер шақ

Мысал келтір.

1 қатар                    2 қатар                        3 қатар

осы шақ

өткен шақ

келер шақ

1

1

1

2

2

2

3

3

3

IV. Сөзжұмбақты шешу.

  1. Шік түсті, бүк  түсті,

Алшы тұрды, тәйке тұрды,

Шеше алады ал кім мұны?   /асық/

2. Қанаты бар ұшпайды, су астында қыстайды.    /балық/

3. Жерде туып көкте өледі.   /түтін/

4. Қанаты жоқ ұшады, аяғы жоқ қашады.  /жел/

5. Жылт-жылт еткен, жырадан өткен.       /су/

6. Дегендей ешкім тимесін, алыпты қадап инесін. /кірпі/

7. Өзі жап-жас мұрты бар,

  Ет пен сүтке ұмтылар.  /мысық/

 

Балалар қай сөз табы шықты?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы балалар сын есім.

Сын есім дегеніміз не?

Қандай сұрақтарға жауап береді?

 V. Көркем жазу минуты.

Дәптерімізді ашайық ,

Қолға қалам алайық .

Салақтықтан қашайық ,

Көркем етіп жазайық.

К к әрпін жазу.

Көп білсең, шыңға жетерсің!

Дәптермен жұмыс. «Түртіп алу стратегиясы».    Терме диктант.

Көкшіл бояу әперші                    Ақшыл бояу әперші

Көк теңізді салайын.                    Ақ теңізді салайын.

Жасыл бояу әперші                    Қоңыр бояу әперші

Жапырақты салайын.                   Топырақты салайын.

    IV. Оқулықпен жұмыс жасау.

1-жаттығу.

  • Көп нүктенің орнына сұраққа жауап болатын сын есім қойып, мақалдарды толықтырып жаз.

  • Мағынасы қарама-қарсы сын есімдерді ата.

    V. “Менің бағытым” ойыны

1. тәтті                                                         жар

2. тік                                                             адам

3. тегіс                                                         қант

4. суық                                                         қоян

5. сұр                                                             су

6. ақылды                                                     жер

    VI. Оқулықпен жұмыс жасау.

   3-жаттығу.

 Төмендегі зат есімдердің бірінші дыбысынан басталатын сын есімді тауып,  тіркеп жаз.

      Үлгі: Өнерлі — өрен

 VII. Сергіту сәті

Бір, екі, үш

Қарлығаш боп ұш.

Төрт, бес, алты

Қарлығаш боп шалқы.

Жеті, сегіз

Тоғыз, он

Қарлығаш боп қон.

Көз жаттығуы.

VIII. “Сиқырлы сандар” ойыны.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

а

т

щ

і

ы

к

с

қ

ұ

Р

IХ. Оқулықпен жұмыс жасау.

4 — жаттығу.

  1. Төмендегі сөздердің қасына заттың атын білдіретін сөздер тауып жаз.

  2. Сын есімдерге сұрақ қой.

Үлгі: қызыл бояу (қандай бояу?)

Қол жаттығуы

Х. Семантикалық карта

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Етістік

ақылды

+

табиғат

+

жинады

+

мың

+

XI. Сын есім тауып жаз.

           XII. Тест.

XIII. Үй тапсырмасы:  4- жаттығу. 128  бет.

        XIV. Қортындылау.  Мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар.

       XV.  Оқушыларды бағалау.

(ЖҮКТЕУ)

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *