Кап Ақмарал
Ақмола облысы
Ақкөл ауданы
Новорыбин ауылы
Новорыбин орта мектебі-бақшасы
«Дарабоз 2012» тарихи танымдық ойын
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамыта отырып, ой-өрісін кеңейтіу, білімге құштарлығын арттыру, оқушылардың арасынан озық ойлы дарабозды анықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, тариха деген қызығушылығын және ойды жүйелеу қабілетін дамыту, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.
Түрі: Танымдық ойын сабағы.
Пән аралық байланыс: Тарих, ағылшын тілі, қазақ тілі,орыс тілі.
Көрнекілігі: «Дарабоз2010» деген лента, сайыстың аты жазылған плакат, нақыл сөздер, шарлар.
Сайыстың барысы:
І. Кіріспе бөлім.
Ұйымдастыру кезеңі:
А) сайысқа қатысатындарды анықтау;
Ә) Қазылар алқасын сайлау.
ІІ.Негізгі бөлім:
Сайыстың шарттары:
1) «Сәлем сөздің анасы» таныстыру оқшы ұраны
2) «Білім ағашы» / сұраққа жауап./
3) «Полиглот»тіл өнер сайысы /үш тілден білім тексеру./
4) «Менің білім деңгейім» тест сұрақтары.
5) «Қазақстан болашағы –менің болашағым» Шешендік өнер.
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, көрермендер, оқушылар!
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылықпен зергенлік
Жеткізер сіздердей өренді.
Жеңістің мынау шыңына деп бүгінгі бақ бақсынасар сайыскерлерімізді қол соғып ,қошеметтеп ортаға шақырайық.
Сайыскер сіздерге сәттілдік тілейміз!
Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі тапқыр алар
Кім өнерлі кім тапқыр шешу қиын
Қазылар алқасыболмаса нақ сыналар дегендей кез келен сайыс бағалануы тиіс.Оның ара жігін ажыраттатын қазылар алқасы. Бұл жарыстың ажарамас бір бөлшегі. Әділдігін айтып тура шешім шығарар,әділқазыларды сайлайық.
Әділ қазылар: Мектеп мүдірі:Кирибаева К.С., оқу ісінің меңгерушісіжәне ағылшын тілінің маманы Алма Хажат, бір ата-ана.
І. «Сәлем сөздің анасы» таныстыру , оқушы ұраны.
Армысыз,айналайын дана халқым
Сақтаған ұлтымыздың берік салтын
Тіл ұшына оралар кездескенде
«Сәлем сөздің анасы» деген нақыл
Сәлемдесу парызы әр бір жастың
Өнерлерін паш етер өнегелі
Сәтте келіп қалғандай танысатын.
Әр оқушы өзінің ұранымен таныстыруын айтады.
ІІ . «Білім ағашы» сұрақтарыКөңілін халқының таптың бүгін
Елес қой мынай бізге жат күн бүгін
Бір бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық
Байқайқ оқушылардың тапқырлығын.
Келесі кезекте«Білім ағашы» айналымы. Бұл айналымда оқушылар сандардың артында жасырылған сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтары:
1. Ежелгі грек аңыздары қалай аталды?
Дұрыс жауап: Миф.
2.Этнонимика нені зертейді?
Дұрыс жауыбы: /ру,тайпа,халық атауларын/.
3. Ява аралынан табылған қаңқа қалай аталады?
Дұрыс жауап:
питекантроп /1890-1892 ж./
4. Әйтеке бидің шын аты.
Дұрыс жауабы : Айтақ
5. Қазақстанда ежелгі адам неше жыл бұрын өмір сүрген?
Дұрыс жауабы: 1 млн.
6. Түрік қағанаты қай жылдары билік басына келді?
Дұрыс жауабы: 552-603жж.
7. Қимақ қағанаты Қазақстанның қай аумағын мекендеді?
Дұрыс жауап:
Шығыс және Орталық Қазақстан
8. Орта жүзге кіретін тайпаларды ата.
Дұрыс жауап: Арғын,найман,қыпшақ,
қоңырат,керей, уақ т.б.
9. Жүсіп Баласағұн өмір сүрген жылдар.
Дұрыс жауап: 1021-1075 жж.
10. “Ақиқат сыйы” еңбегінің авторы.
Дұрыс жауап: Ахмет Иүгінеки.
Келесі айналым «Полиглот білм саяхаты» деп аталады. Оқушылар бұл саяхатта көптеген жұмбақтарға жауап беріп үш тілдегі өздерінің білімдерін көрсетеді. Ендеше сіздерге іске сәт дей отырып сайысымызды бастаймы!
Көп моншақ үй үстіне қойдым шашып,
Қарасан толып жатыр көзіңді ашып
Үйіме сәулеленіп түссе жарық.
Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып.
( Жұлдыз –звезда-star)
- Қыс жатады ,жаз тұрады
Жоқ болсада қол,аяқ қазтұрады.
( Қар – снег – snow)
- Жол үстінде қу қазық
Мергеншіге жол азық
( Қоян – заяц – rabbit )
- Алыстан қарасам аппақ
Татып қарасам тәтті ақ
( Қант – сахар – sugar)
- Бұдан кір қорқады
Судан бұл қорқады.
(Сабын – мыло – soap )
- Көкпеңбек еді көктемде,
Қызарды күзге жеткенде.
(Алма – яблока – apple)
- Білімнен мол сый-асы
Балғындардың ұясы
(Мектеп – школа – school )
- Өзі айлакер өзі бір қу
Жүрген жері айқай да шу
(Түлкі –лиса – fox )
- Бойын жерге жасырған
Бұрымы бар жасылдан
( Сәбіз – морковь – carrot)
Біле бер қанша білсең –тағы тіле
Жетерсің мақсатыңа біле,біле.
Келесі айналым «Менің білім деңгейім»тест сұрақтарына жауап беру.
Толықтыру тест:
1. Темір дәуірдегі адамдар тобы темірден еңбек құралдарын жасау қызметін атқарды.
2. Қола дәуіріндегі шаруашылықтың басты саласы мал және жер шаруашылығы болды.
3. Б.з.б. І Дарий сақтарға қарсы жорыққа аттанды?
4. Ең алғашқы адам Қазақстан жерінде1 млн. жыл бұрын өмір сүрген.
5.“Петроглиф”тастағы сурет деген мағына білдіреді
Сәйкестендіру тесті: І тапсырма
Космонимика ру,тайпа,халық аттарын зерттейді
Этнонимика кісі есімдерін зерттейді.
Антропонимика хайуанаттар атауларын зерттейді
Фитонимия аспан әлеміндегі ғаламшарларды зерттейді.
Зоонимия өсімдіктер атауларын зерттейді.
ІІ тапсырма.
Люси Франциядан табылған археологиялық ескерткіш
Синантроп Ява аралынан табылған қаңқа.
Питекантроп Пекин маңынан табылған адам қаңқасы
Краманьон Африкадан табылған адам қаңқасы.
Кім жүйрік, өнерпаз білейікші
Оқушылар үйінің дарабозы деп жүрейікші
Әділқазылар тек әділдікті
Ал, білімді жастарға сәттілік тілейікші
Құттықтайқ ал енді
Дарабоз болған ұланды
Өрге жүзіп өнері
Тауға өрлесін талабы
Қуаныштан жанары
Шоқтай болып жанады,-дей отырып бүгінгі «Дарабоз2 010» тарихи танымдық сайысымызды осымен аяқтаймыз. Назар қойып тыңдап,белсене қатысқандарыңызға рахмет.