Маңғыстау ауданы
Өтес орта мектебі
Нургуль Алтайқызы
Әліппемен қоштасу
Жүргізуші мұғалім:
-Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Әліппеге мың алғыс!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, бірі әзірге жалғызы, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр. Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Сонымен «Әліппеге мың алғыс!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз!
Сахна сыртынан:
-Ерте, ерте, ертеде бір жаһанда «Әліпби» атты ел болса керек. Бұл елде ханзада мен ханшайым ұзақ жылдар өмір сүріпті. Содан екеуі елдің орта шегіне көшет отырғызады. Оны күтіп бағады. Күтім жақсы болған алма ағашының тамыры кеңге жайылып, көкке шарлап өседі. Алайда ханзада мен ханшайымның алма ағашына көңілдері толмайды. Өйткені оның себебі де бар еді. Ал ол қандай себеп екен?
Ханзада:
Е, ханшайым, біз отырғызған алма ағашы тамыры жайылып өскенмен неліктен жеміс бермейді?
Ханшайым:
Ханзада, мұның да бір себебі болар-ау!
Ханзада:
Иә,солай шығар! Оның сырын тезірек ашу керек қой. Неліктен бүгін бақтың іші тып-тыныш?
Ханшайым:
Бұл сұрақтың сырын сиқыршы қыздан сұрап көрейік.
Cиқыршы қыз:
Бұл бақта неше жылдан бері ешқандай кеш, ешқандай мереке өтпейді. Сол себептен осындағы тіршілік иесінің бәрі ұйқыда.
Ханшайым:
Онда оларды оятайық. Сен бізге көмектесші.
Сиқыршы қыз:
Мынау тұрған жұмыртқалардың ішінде бірнеше балапандар бар. Соларға жан бітірсем, олар осы баққа тіршілік енгізеді.
(Сахнада жайлы ертегілер әнімен Альбина жұмыртқаларға жан бітіреді)
Ән: «Ертегілер»
(жұмыртқадан шыққан балапандарға жан бітіп, балапандар биін билеп, орындарына жайғасады)
Ханшайым:Саламатсыздарма кішкентай балапандар? Сендер келіп едіңдер бақтың іші жайнап кетті ғой.
Ханзада:
Кішкентай балапандар айтыңдаршы, біз ханшайым екеуміз осыдан бірнеше жыл бұрын жеміс алма ағашын отырғызған едік, алайда ағаш бізге жемісін берер емес. мұның сырын қалай білуге болады?
Мұғалім:
— Оның сырын мен айтайын ханзада мен ханшайым. Сіздер ағаштарың жеміс бермеді дейсіңдер ме? Бұл кішкентай бүлдіршіндер №1 мектеп лицейінің 1г сыныбының бүлдіршіндері. Сендер ағаштарыңыз жеміс бергенін жақсы көрсеңдер, мен осы бүлдіршіндеріме берген білімімнің жемісін көргім келеді. Ал білім басы әліппеден бастау алады. Міне біз сол әліппеден алған біліміміз арқылы сендердің ағаштарынның жеміс беруіне көмектеседі. Солайма балалар?
— Балалар біздің қазақ тілінде қанша әріп бар?
— 42
— Онда неше таңба бар?
— Бұл әріптерді біз қайдан үйрендік?
— Әліппеден
— Ендеше біз әліппені ортаға шақырайық
— Әліппе келеді
Әліппенің сөзі:
Мұғалім:
Әліппе біздің бүлдіршіндеріміз сенен әріп танып, міне бүгін қоштасқалы отыр. Сен арқылы сауаттанып, әріп үйреніп, енді өздері қосып оқып, өздері жаза алады.
Әліппе:
Барлық әріпті меңгердік пе?
Ия
Мұғалім:
Біздің бүлдіршіндер барлық әріптерді үйренді. Ендеше таныған әріптерін еске түсіре отырып біздің бүлдіршіндеріміз ханзада мен ханшайымға ағаштарының жеміс беруіне де көмектеседі.
Алма,алмұрт егеміз
Айға сапар шегеміз
Алақай-ау алақай
«А» дыбысын білеміз
Тайға мініп шабамыз
Тау мен тасты табамыз.
Тарақ тайлақ тауықтан
«Т» дыбысын табамыз
Бала отыр партада
Оқы,үйрен шаршама
«П» дыбысы дауыссыз
Мәлім болды баршаңа
Гүлдер,гүлдер көп гүлдер
Өте берсін көп күндер
«Г» дыбысын үйреніп
Гүлге қарап өсіңдер
Нан-әлемнің азығы
Дастарқанның қазығы
Нар сөзінен балалар
Н дыбысын таныды
Ғасыр,ғылым ғаламшар,
Ғайша ғалым Ғаламдар
Ғарышкерлер ғарышкерлер
Сөзінде Ғ дыбысы қараңдар
Хор: «Топ балақан»
Ризамыз оқуға
Ретімен тоқуға
«Р»-ды айту қиын-ақ
Кейбіреулер қорқуда
Лағым менің лағым,
Селтеңдейді құлағың
Босқа жүрмей сенімен
«Л»-дан сөзді құрадым
«У»-дауысты дауыссыз
Айыра білсең қауіпсіз
Уық,уыс сөздерін
У дан бастап айтамыз
Шеңбер жасап тұрайық,
Басымызды бұрайық
«Ш» дыбысын білеміз
Сөзден сөйлем құрайық
Ою,жою,сою,
Тәттілерге тою
Тыю,жою,қию
Барлық сөзде ю
Он саусағым ойнасын
Бояп-бояп қоймасын
Отан,орман сөздерін,
«О» әрпімен ойлайсың,
Би: «Вальс»
Қауын,қарбыз жинаймыз
Қағазды бос қимаймыз
Қ дыбысы қатаң ғой
Оны қалай айтпаймыз
Добым-добым домалақ,
Домалатсам жоғалат
Домбырамен күй тартып,
Д ны айту оңай ақ
Ақ мақтаны терейік
Мектепке тал егейік
Мерекелі жиында,
М ны айтып берейік
Бостан-босқа ойнама,
Бидай толтыр қоймаңа
Бақа,балық ботақан
Сөздерінен б ны ойла
Сан, сәнді, сағатты
Сегіз сері таратты
Сарбаздар мен сақшыны
С дыбысы жаратты
Заман,заңғар биікте,
Құзғындарға ілікпе
Бізден басқа балалар
З дыбысын біліп пе
Хор: «Жарқын жүзді ұстазым»
Ыдыс, ырыс сөздері
Ұқсас екен өздері
Ы дыбысы құрап тұр
Дәл осындай сөздерді
Жан-жағыма жантайдым,
Жапырақтай жалпайдым
«Ж» әрпін жаздым жа
Жарға қарай шалқайдым
Ұршықтай зырлаймыз
Ұяны сырлаймыз
Ұлт, ұят сөзінен
Ұ дыбысын жырлаймыз
Балпаң-балпаң басайық
Аңдарға жем шашайық
«Ң» дыбысын білмеген
Балалардан қашайық
Қояным,шаяным,
Суретін боядым
Сөздермен осындай
Я дыбысын ойладым
Ерлік,еңбек елдікпен,
Егеменді теңдікпен
Емендей мықтымыз,
Е дыбысын білдік біз
Би: «Ламбада»
Күндей күліп өсеміз,
Көңілді кең көшеміз
«К» дыбысы көп екен,
Кітабымды көрсеңіз
Әже, әке әніміз
Әрқашанда сәніміз
Енді білдік әдемі,
«Ә»әрпінің мәнін біз
Ине ұстай аламын
Икемімді табамын
Инеліктей иіліп,
«И» әрпін саламын
Үй мен үйшік жасайық,
Үзеңгіні басайық
Үрлеп үлкен шарларды ,
Ү әрпін жасайық
Ханшайым:
Ой, қандай керемет! Біздің ағашымыз жемісін берді.
Ханзада:
Балалар рахмет сендерге, сендердің білімдеріңнің арқасында біз ағашымыздың жемісін көрдік. Осының барлығы әліппенің арқасы екенін ұқтық.
1-оқушы:
Бар кітапқа бас болған
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
2-оқушы:
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те,
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе!
Әліппе:
Рахмет балалар! Әріп танып, білім алып, міне ағаштың жеміс беруіне көмектеріңді тигізіп жатырсыңдар. Мен сендерге ризамын. Сау болыңдар!
Бәрі:
Қош бол, құтты әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Мұғалім:
Міне балалар, біз енді әліппемен қош айтыстық, енді өзіміз оқып, өзіміз жаза аламыз. Енді біз қолымызға ана тілін алатын боламыз.
Бәрі:
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
(Ортаға ана тілі келеді)
Мұғалім:
Қош келдіңіз ана тілі! Біздің балалар әліппеден алған білімдерін одан әрі сенімен жалғастырмақ.
Ана тілінің сөзі:
Қандай тілектерің бар?
Ән: «Бала тілегі»
Бәрі:
Бар әлемде анаға
Басымызды иеміз,
Бабамыздың, даламыздың үні деп
Ана тілін, Ана тілін сүйеміз!
Қорытынды:
Армысыздар,жас достар!
Армысыздар ата-ана.
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың
Айтары көп әріптің
Қуанышы халықтың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп.не білдік.
Қане.ортаға салайық!
-Амансыздар ма.ханзада мен ханшайым. Мен мұнда 40 әріп пен 2 таңбамды ертіп келдім.ендеше олар сізге көмек беріп қалар.
-Менің әр әрпімнің сыры бар.Іші толып толған ғажап.Қазір өздері де таныстырар.
(Әр әріп өздерін таныстырған сайын ағаш жеміс бере бастайды)
Жүргізуші:Ханзада мен ханшайым міне,көрдіңіздер ме,Әліппенің арқасында алма ағашымыздың жеміс бергенін.
Ханшайым:Керемет! Ағашымымыз бірнеше жемісін берді. Әліппе,сізге коп рахмет!
Ханзада :Әріптер,көп-көп рахмет! Бізге үлкен көмек бердіңдер Әліппе,сенің әріптері енді «Әліпби» елінің тұрғындар болсын. Алма ағашын да бірге қарап,жемісін бірге жемейміз бе?
Жүргізуші:Әліппе,біздің балалар,сізге ризашылығын,рахметін айтқысы келеді.
(Балалар тақпақтарын айтады)
Әліппе:Рахмет,балалар!Әріптердің бәрін таныпсыңдар! Енді,сауатты жаздырып,мәнерлеп оқытатын Ана тілін оқитын боласыңдар! Ал,қош болыңдар! Әрдайым биіктерден көрініңдер!
Хормен:Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиеттті Әліппем!
Жүргізуші: Ханзада мен ханшайым,енді біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз!
Келген бізге қонаққа,
Биші балдар алыстан.
Келген біздің мейрамға,
Өздерінің биімен.
Ханшайым:Жарайсыңдар, енді мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр.
(Ханзада мен ханшайым жұмбақ жасырады ).
Жүргізуші:Ал, кәнекей достарым,
Асқақ әнге салайық.
Думандатып мейрамды,
Шырқып-шырқап алайық – деп сахна төріне «Ана тілі» әнімен Алмаханова Айникамалды шақырамыз.
( Әуен ойналып ортаға, Шимұрын келеді
Шимұрын: Армысыңдар,жас достар!Мен Шимұрынмын! Сендердің дауыстарыңды естіп осында келдім. Естуімше,сендер бүгін әліппемен қоштасып жатырсыздар демек,енді сендер «Ана тілі» деген оқулық оқитын боласыңдар.әліппеден алған білімдеріңді жалғастырып, өздерің жемісінің гүлденуіне көмек берген алма
Ханшайым:Жарайсыңдар, енді мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр.
(Ханзада мен ханшайым жұмбақ жасырады ).
Жүргізуші:Ал, кәнекей достарым,
Асқақ әнге салайық.
Думандатып мейрамды,
Шырқып-шырқап алайық – деп сахна төріне «Ана тілі» әнімен Алмаханова Айникамалды шақырамыз.
( Әуен ойналып ортаға, Шимұрын келеді
Шимұрын: Армысыңдар,жас достар!Мен Шимұрынмын! Сендердің дауыстарыңды естіп осында келдім. Естуімше,сендер бүгін әліппемен қоштасып жатырсыздар демек,енді сендер «Ана тілі» деген оқулық оқитын боласыңдар.әліппеден алған білімдеріңді жалғастырып, өздерің жемісінің гүлденуіне көмек берген алма
[bws_related_posts]