Басы » Дене шынықтыру » Волейбол добын қабылдау және әріптесіне беру

Волейбол добын қабылдау және әріптесіне беру

ҒалымҚызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жөлек ауылы №152 қазақ орта мектебінің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әлтаев Ғалымжан

Тақырыбы
Волейбол добын қабылдау және әріптесіне беру.
Сілтеме:
Жоспары:
Жалпы мақсаттар:
Волейбол добын қабылдау және әріптесіне беру жөнінде мағлұмат беру. Волейбол добын әріптесіне беру мен қатар қабылдау технологияларын меңгеруге үйрету. Өзара бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
— Волейбол добын қабылдау және әріптесіне беру жөнінде білетін болады.
— Волейбол добын әріптесіне беру мен допты қабылдау технологияларын меңгеретін болады.
— Өзара бірлесіп жұмыс жасай алады.
Негізгі идеялар:
Допты қабылдау үшін екі алақанды жоғары қарата біріктіріп және қолды бос, еркін ұстау керек. Допты жоғарыдан беру үшін екі қолдың басы бет деңгейіне келтіріліп, саусақтар допты қабылдау жағдайына дайын болады. Осы қалыпта тұрып допты өзгеге береді.
Тапсырмалар:
Топтық жұмыс. «Сұрақ – жауап әдісі»
Жұптық жұмыс. «Кім жылдам»
Жеке жұмыс. Допты төменнен және жоғарыдан өздігінше орындау.
Топтық жұмыс. «Командалық сайыс» волейбол ойынын ойнату.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады).
І . Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды бір қатарлы сапқа тұрғызу, кезекші мәліметі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, оқушы формасына назар аудару . (3 мин)

2. Сынып оқушыларына жалпы дамыту жаттығуларын бере отырып 2 топқа бөлу. (10 мин)
Оқушыларға жалпы дамыту жаттығуларын (жүру, жүгіру, секіру, жылдам жүгіру) орындату. Жаттығу соңында ілулі тұрған екі түсті қағазды кезегімен секіріп алып, оқушылар сол түске қарай екі топқа топтасады.

ІІ. Талқылауға арналған сұрақтар (5 минут)
1. Волейбол ойын алаңының өлшемі қанша?
2. Волейбол ойынында қанша ойыншы ойнайды?
3. Допты ойынға қосудың қанша түрі бар?

ІІІ. Топтық жұмыс. «Тақырыппен танысу» (7 мин)
. Допты қабылдаудың әдіс- тәсілдерін түсіндіріңіз.
Екі топ берілген тапсырманы өзара талқылап қағаз бетіне түсіреді. Әр топтың баяндамашысы топ жұмысын қорғайды. Әр топтың жұмысы екі жұлдыз бір ұсыныспен бағалайды.
Бақылаушы топ мүшелерінің жұмыстарын критерийлер арқылы бағалайды.

Бақылау парағы
Критерийлер
Көш басшысы
Уақыт сақшысы
Хатшы
Баяндамашы
Тақырыпқа қосқан үлесі

Өз міндетін атқаруы

Топтағы ынтымақтастық

Ү. Жеке жұмыс .
Оқушылар жекелей волейбол добын жоғарыдан, төменнен ұрып өздігінше орындайды. (7 мин.)

Оқушылардың жұмыстары орындалу тәртібіне қарай бармақпен бағаланады.

ҮІ. Жұптық жұмыс. (5 мин)
Әр жұпқа волейбол доптары таратылып беріледі. Допты жерге түсірмей жоғарыдан, төменнен
бір-біріне береді.
Әр жұптың жұмысын бірінші жұп келесі жұпты бағдаршам арқылы бағалайды.

ҮІІ. Топтық жұмыс «Командалар сайысы» (8 мин)
Бұл сайыста екі топ ойын алаңының екі жағына шығып, екі топқа волейбол ойыны ойнатылады. Ойын барысында ойынға қосылған допты жрғарыдан, төменнен допты қабылдау әріптесіне беру техникаларын орындайды.

Командалық ойын ұпайлар бойынша және екі жұлдз бір ұсыныспен бағаланады.

Кейінгі тапсырмалар. Волейбол добын өздігінше жоғарыдан, төменнен ұрып үйрену.
Кейінгі оқу: Волейбол добын төменнен, жоғарыдан қабылдау тақырыбын оқып келу.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *