Сабақтың тақырыбы: «Windows туристері Қазақстанның PAINT графикалық редакторы жерінде»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Перфокарточкалар, плакат қағаздарымен өткен сабақты қайталау арқылы сұрақтарға жауап, ою өрнектер
иллюстрациясын компьютерде салуға, жұмбақ шешуге баулу. Paint графикалық редакторында құралдар панелін,
түстер палитрасын пайданып суретін салу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрістерін, логикалық ойлау, есте
сақтау қабілеттерін, пәнге деген қызығушылықты
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушының пәнге деген қызуғылын ынтасын арттыру, өз
бетімен еңбек етіп тапсырмаларды тиянақты орындауға,
жекелеме жұмыс істеп мақсатқа жету.
Сабақтың түрі: қорытынды, ойын сабақ.
Сабақтың типі: түсіндірмелі, сұрақ жауап.
Көрнекіліктері: қазақтың ұлттық киіз үйі, қоржын, асықтар, сандық, Paint графикалық редактор бағдарламасы.
Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, сурет пәні.
Сабақтың жоспары:
І. Шашу
ІІ. «Киіз үй құру»
ІІІ. «Қонақтарды күту»
ІҮ. «Асық ойыны»
Ү. «Қонақтар қол таңбасы »
Сабақтың барысы:
Сәлеметсіздер ме, бүгінгі сабағымызда сіздермен 4 – бөлім -Paint графикалық редакторы тақырыбының қорытындысын ойын сабақ арқылы жасаймыз. Сіздердің осы бағдарламаны қаншалықты меңгергендеріңізді білемін және тоқсандық бағаларын осы бойынша бағаланады. Ойын сабағымызда бағалауға көмек беретін әділқазылар алқасы отырады. Ойынға қатысушылар екі топқа 8 оқушыдан бөлінеді. Топтарды Windows 98 және Windows ХР деп бөлінеді. Оқушылар жоспармен таныстырылады.
І.Шашу.
— Қазақстанның PAINT графикалық редакторы жеріне Windows туристері қонаққа келіпті. Қарсы алайын. (Windows 98 және Windows ХР топтары кіріп келеді) Шашу (шашу шашылады, шашылған кәмпит қағаздарында сұрақтар болады.) Сіздер қазақтың киелі киіз үйін көргілеріңіз ме? Онда сіздер кәмпитте оралған сұрақтарға жауап береңіздер.
Принтердің неше түрі бар? (3 түрі)
ЭЕМ – нің неше буыны бар? (5 буыны)
Жыпылықтап тұратын тік сызық? (меңзер)
Ақпаратты шығару құрылғысы? (принтер)
Морзе әліппесінде қандай таңбалары бар? (нүкте, сызық)
«Компьютердің атасы» деп кімді атаған? (Ч. Бэббидж)
Принтердің түрлерін ата (матрицалық , сия бүріккіш, сызық)
Компьютер жанына қойылатын өсімдік (кактус)
Ақпаратты ең кіші өлшем бірлігі (бит)
«Комьютердің миы» деп нені айтады? (процессор)
Бэббидж машинасына алғашқы программа жазған кім? (Ада Лавлейс )
«Информатика» нені зертейді? (ақпараттық процестерді)
Адам ақпаратты қалай сақтайды? (жеткізіледі, сақталады, өңделеді)
ЭЕМ – нің неше буыны бар? (5 буыны)
Пернетақта құрылғысының қызметі? (ақпарат енгізу)
Тышқан құрылғысының түрлерін ата? (екі — үш батырмалы, лазерлік, оптикалық)
ІІ. «Киіз үй құру»
Жақсы міне туристеріміз қандай керемет, білімді адамдар.Енді, сіздермен киелі киіз үйімізді көру үшін сол киіз үйді құрастыру керек. Құрастыру үшін киіз үйдің негізін құрауымыз керек. Жауап бергенге әр
.
топтан үш-үш оқушыдан келіңіздер. (Оқушылар киіз үйді қалай құрау керектігін өздері айтып, сұрақтарына жуап беру, киіз үй тақтада ілінеді)
Бірінші болып Windows 98 тобы жауап береді.
«Керегең кең болсын десен» — Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз? ( Қосу-Программалар-Стандартты-Paint). Керегенің басы мен аяғы сәл шалқайтыла, ал ортасы дөсеңдеу жасалады. Дайын керегені қанат деп атайды,яғни 18 қанат үйде 18 кереге болады. Келесі киіз үйдің қай жерін құрастырамыз?
Басқұрмен ары қарай не қойылады? Киіз үйдің қасиеті, киелі мүлкі – Шаңырақ – «үй,отбасы» дегенді білдіреді. «Шаңырағын биік болсын»деп тілек айтады. Шаңырақ артындағы сұрақ — Paint графикалық редакторында файлдың кеңетілуі (bmp)
Кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөліктің бірі – Уық. Уық алақан, иіні, қары және қаламы деген атаулардан тұрады. Әр үйде көлеміне қарай 60-160-тай уық болады. Уық артындағы сұрақ — Paint графикалық редакторында құжатты бірінші рет сақтау үшін қандай командалар орындалады? (Файл—Сохранить как)
Екінші болып Windows ХР тобы жауап береді.
Кіріп шығар келесі есікгі болады, сол есікті құру үшін мына сұраққа жауап беріңіздер. Суретті салу мен оны редакторлеу құралы қанша? (16 құрал). Киіз үйде есік екеу болады: ішкі сықырлауықтан жасалады және киіз есік — киізден жасалады, ол сықырлауықтың сыртынан жабылады.
Киіз үйдің бір бөлшегі – кәдімгі ши, оның сыртың жабу үшін – үй киіздері жабылады. Үй киізінің артындағы сұрағы — Үзіндіні көбейту дегеніміз ? (Көшірмелерді көбейту)
Киіз үйдің ішіне сәнделініп жасалған келесі — кілемдер, сандықтар орналастырылады. Кілем артыңдағы сұрақ — Құжат басылымға қандай түрде берілетіні қарап шығу үшін қандай команда орындалады? ( Файл — Предварительный просмотр).
ІІІ. «Қонақтарды күту»
Бесбармақ тағамы
Барлығымыз киіз үйді құрап шаршаған шығармыз, киіз үйге кіріп төрлетіңіздер, Терезе тақырыбы атты қосылған — пиязы, менюлер қатары атты — майы, құралдар тақтасы атты жылқы — еті бар, сурет салу алаңы бар — жаймасы, үстінен түстер палитрасы құйырлаған — тұздық бар «Бесбармақ» тамағынан ауыз тиіп, демалыңыздар. (оқушылар алдына табақпен «бесбармақ» конфертегі сұрақтары бар тамағы қойлады). «Бесбармақ» ішіндегі ең пайдалы құралдар тақтасы деп аталатын етінің өз соншалықты пайдалы екенін білесіздер ме? Топтарыңыздан төрт оқушыдан жауап бересіздер. Табаққа салынған перфоркарточкалардағы сұрақтарды бір – бірден алып жауап бергендеріңіз тобыңызға ұпай жинап отырасыздар. Қарындаш құралының қызметі қандай? (ерікті сызықтарды салуға арналған) Бүріккіш құралының қызметі (бояуды бүрку эффектісін жасау үшін қолданылатын құрал Масштаб құралының қызметі қандай? (суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді) Құю (Заливка) құралының қызметі (тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды) Ерікті аймақты белгілеу (құралы, бұл қисық (дұрыс емес) пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады) Белгілеу құралы (суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады) Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш, ( суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған) Түс таңдау құралы — …? ( кескіннің немесе оның фонын суреттің кез келген нүктесінің түсіне кіреді)
Қылқалам (Кисть) -… ? (ерікті сызықтарды салуға арналған. Қылқаламның қажетті түрін таңдап алуға болады)
Жазу бұл — …? (суреттің ішіне мәтінді орналастырады) Сызық — …? ( түзу сызықтар салуға арналған) Қисық сызық — …? (тегістелген, қабаттасқан сызықтар салуға мүмкіндік береді) Тік төртбұрыш,- …? (тік төртбұрыштар салуға арналған) Көпбұрыш ( ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады) Эллипс — …? (шеңбер және эллипс салуға арналған)
16. Бұрыштарды дөңгеленген (доғал) тік төртбұрыштың қызметі — ..? (бұрыштарды дөңгеленген квадраттар салу)
ІҮ. «Асық ойыны»
Асық ойыны
Демалып алдық, қарыңымыз тоқ. Енді бой жазып ұлттық ойынымыз «Асық» ойынын ойнайық. Ойынға келесі 4 оқушылар қатысады.Ойын шарты сіздер нөмірленген асықтың сызық бойына тізілгендерін атып, нешінші нөмірдегі асықты ұтып алдыңыз сол асық өзіңізде қалады, бірақ сұрағына жауап бересіздер. Кім көп асық ұтса сол топқа ұпай қосылады. Ойынымызды бастайық па? Бастасақ бастайық. (оқушылар ойынды бастайды)
1 асықта — Түс таңдау құралының қызметі (кескіннің немесе фонның суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді)
2 асықта — Суреттің бейнелену өлшемін өзгерту үшін қолданылатын команда(Вид — Масштаб)
3 асықта — Суретті қағазға басып шығару үшін ….( Файл -Печать)
4 асықта — Суреттің бөлінген бөлігі қалай аталады? ( үзінді)
5 асықта — Paint графикалық редакторында ақырғы қанша әрекетті орындауға болады? (4)
6 асықта — Дискіде сақтаулы тұрған суретті ашу үшін …..( Файл — Открыть)
7 асықта — Paint программасымен жұмыс барысында жаңадан құжат құру үшін…( Файл — — Создать)
8 асықта — Үзіндіні көбейту дегеніміз –( Экранда тышқанның нұсқағышын жылжытумен қатар оның көшірмелерінің тізбегін жасау)
9 асықта — Түс таңдау құралының қызметі (тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды)
10 асықта — Құжат басылымға қандай түрде берілетіні қарап шығу үшін қандай команда орындалады? ( Файл —- Предварительный просмотр)
Ү. «Қонақтар қол таңбасы »
Windows туристері өте мерген екен. Сіздер біздің Қазақстанның PAINT графикалық редакторы жеріне келгендеріңіздің белгісі ретінде кетпей тұрып бізге өздеріңізден естелік ретінде PAINT графикалық редакторы бағдарламасында әрбір топтан бір оқушы келіп ұлттық ою өрнегімізді салып берсеңіздер.
Гүл оюы
Әділ қазылар сіздер бізге естелікке сурет салып жатқанша, топтың ұпай санын санап, жеңімпаз топты анықтайық. Бүгінгі ойынмыздың Windows туристеріне бізді ұмытпаңыздар, Қазақстан жеріне келіп тұрыңыздар деп үстеріне шапан кигізу. Бүгінгі ойын сабағымыз аяқталды, белсене қатысқандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар!
[bws_related_posts]