Басы » Баяндамалар » ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫН БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ҰТЫМДЫ ҚОЛДАНА БІЛУ

ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫН БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ҰТЫМДЫ ҚОЛДАНА БІЛУ

Кусманова Л.М

№ 45 бейімделген орта мектебі КММ

Информатика пән мұғалімі

 ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫН БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ҰТЫМДЫ ҚОЛДАНА БІЛУ

                                                    «… Мектеп, тәрбиешіжәне ұстаздар – адамның

                                              тіпті жалғыз ғана тәрбиешілер емес, оның

                                             сонша күшті, ал мүмкін және әлде қайда

                                                    күшті арнайы тәрбиешілері: табиғат, отбасы,

                            қоғам, халық… және оның тілі»

К.Д Ушинский

ХІХ ғасыр алғашқы жылдарынан бастап ғалымдар халық педагогикасының проблемасына назар аудара бастады. Белгілі этнограф және педагог  Г.С Винаградов өзінің еңбегінде халық педагогикасын жеке адамды қалыптастыру мақсатында қолданылатын дағдылар мен тәсілдерідің, білім мен іскерліктің жиынтығы деп сипатталады.

Г.С Винаградовтың пікірі бойынша – жас өспірімдерді оқыту және тәрбиелеу мақсатында халықтың көзқарасын қолданатын құралдары халық педагогикасы деп атауға болады, өйткені халық педагогикасы халықтың өмірлік тәжірбиесі.

Халық педагогикасы – бұл ұлттық қазына, кең өрісі ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев т.б. педагогикалық ой – пікірлерді дамытқан қазақ халқының ғалымдары.

Бұл демакрат – ағартушылардың еңбектері, халықтың әдет – ғұрыптары, салт – дәстүрлері, мақал – мәтелдері, фольклорлық жырлары мен көркем шығармалары, тілі мен мәдениеті ұлттық тәрбиенің құралына айналды.

Халық педагогикасын дамытуда қазақтың асқан ақыны, педагог М. Жұмабаев үлкен үлес қосқан. Ол бала тәрбиесі жөнінде көп өлеңдерінде (Бесік жыры, «Ана» т.б.) өзінің терең педагогикалық ойларын ортаға салды. «Балалық шақ әлемінде өмірді қызықты өткізу, білім алуға тырыс, білімді адам ел басшысы және мейірімді, көптеген көреген азаматы бол» деп тілегін білдіреді.

Қазақ халқының сан ғасырдан бері тәрбие жөніндегі өнегелі істері мен сөздері, тұрмысы, өнері, өмір тәжірибесі халық педагогикасының асыл қазынасы болып келеді. Қай заманда болмасын ұрпақ тәрбиесі адамзаттық парызы боды. Әрбір халық өзінің тарихы мен тәжірбиесін жалғастыратын жас түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір тәжірбиесі сынынан өткен әдетілік, сыпайлылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қабілеттерді олардың бойына екті. Осылардың бәрі адамзат тәрбиесінде халық педагогикасының қандай рөл атқаратының көресетді.

Халық педагогикасының құрамды бөліктері – қазақстың ұлттық ойындары, мақал – мәтелдер, жұмбақтар, ауызша есеп т.б. ерте заманнан бастап, жасөспірімдердің ой – өрісін, зеректігін дамыту және тапқырлығы мен шешендігін анықтау үшін тәрбие құралы түрінде қолданып келді.

Білім беру ғылымдар жүйесін білім алу және танымдық, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру оның негізінде жеке бастың көзқарасын, адамгершілік т.б. қасиеттеррін қалыптастыру. Адамның күшімен, қабілетін дамыту үрдісі.

Білім беру – оқыту мен тәрбие жұмысын және жеке бастың  дамуына ықпал жасайтын үрдіс.

«Дала қоңырауы» аталып отырған қазақстың тұңғыш ағартушы – тәлімгері, ғалым әрі этнограф – публицист Ы.Алтынсарин өзінің «Қазақ хресторматиясы» атты оқулығының сөз басында – қазақ халқы «азбаған, талап тілегі біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сыя алмайтын ой – пікірі еркін халық» екенін айта келіп, « … оның келешегі үшін сана сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрету ккерек болып отыр»  — деген. Бұл ойын жүзеге асыруда қазақ балаларына мектептер ашты. «мектеп қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық ұлтымыз, қазақ халқының келешегі осы, тек қана осы мектептерде». Ы. Алтынсариннің халықтық педагогика тағылымдарын мектеп өміріне түбегейлі енгізуде жетекші құрал ретінде қызмет атқарған «Қазақ хрестоматиясы» оқулығында бала біліміне, бала тәрбиесінің сан түріне нұсқау беретін әңгімелер енгізген. («Әке мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Бір уыс мақта», және т.б.) оқушыларға осы әңгімелерді оқыта отырып еңбек сүйгіштіккке, ұйымшылдыққа, жомарттылыққа және т.б. тәрбиелеген.

Халық педагогика элементтерін жүйелі түрде пайдаланып информатика

сабағында «Ақпарат түрлері», «Компьютер құрылғылары», «Paint графикалық редактор» тақырыптарын түсіндіргенде тек оқулықтағы мысалдармен шектеліп қоймай, нақыл, тыйым сөздермен ертегілерді        ұтымды пайдалануға болады. Сонымен қатар, қазақ халқының мақал – мәтелдері жас ұрпақты, ата – ананы, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеуге  бағытталған.

В.А Сухомлиский « …ойын баланың алдынан өмір есігін ашып оның шығармашылық қабілетін дамытады, оятады» —  дей келіп былай жазды: «Ойынсыз ақыл-ойындардың қалыпты дамуы жоқ және жай болуы мүмкін емес, ойын дүниеге ашылған үлкен жарық дүние сияқты іспеттес. Ол арқылы балаланың рухани байлығы жасақтас өмір байланысып айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын білуге  құмарлықпен еліктейтін маздап жанар оты».

Қазақтың халық ойындары – мәдени мұралардың бірі болап саналады, ғасырлар бойы балаларды тәрбиелеудің бір құралы болып келеді. Ойындар екі топқа бөлінеді: шығармашылық және ережелі ойындар. Егер бірінші топ ойындарында бала өз ойынап шығарын ойнаса, екінші топ ойындары: дидактикалық және баланың ойлау дағдысын  қабілетін бағытталған түрлеріне бөлінеді. Ойнау барысында баланың дұрыс қозғалу, ойлау қабілеттері, бір-бірімен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі, ұлттық ойындарды сабақта сергіту минуттарында «Бес саусақ», «Жылдам айт» үй тапсырмасын сұрағанда, сабақты бекіту, қайталау сабақтарында «Ақсүйек», «Сиқырлы сандық» «Найза ату», «Асық» ойындары   байқағыштыққа, қырағылыққа, бытылдыққа, шапшаңдыққа баулиды.

                     

 

Халық педагогика элементтерін тек информатика пәнінде емес басқада пәндер арасында қолдануға болады және сабақ үстінде ғана пайдаланып қоймай, сабақтан тыс жүргізілетін білімділік – тәрбиелік жұмыстарда да қолданылады. Оқушылардың ұлттық рухта тәрбиеленуіне мол мүмкіндік береді. Қазақ халқының ауыз әдебиеті шығармаларымен тереңдетіп таныстыру, ұлттық ойындары арқылы эстетикалық тәрбие беру арқылы оқушыларды Ұлттық патриотизмге, Отанын сүюге, салт – дәстүрлерді білуге, олардың маңыздылығын түсінуге, пән сабақтарына қызығушылықтарын арттыру.Сонымен қатар үлгерімі нашар оқушыларға халық педагогикасының элементтерін қолдана отырып, ақпараттық – технологиялар түрлерін үйренуге деген ынтасын қалыптастыру, ал үлгерімі жақсы оқушылардың білім – біліктілігін жоғарлату. Жас ұрпақ – біздің келешегіміз және халық педагогика элементтерін күнделікті сабақ барысында, сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында пайдалануда оқушылар бойында өз халқымыздың салт-дәстүрімен, ұлттық ойындарын, ауыз әдебиттерін ұмыт қылмауы. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. К.Д. Ушинский «Сборник произведений» Москва 1957 г.

  2. Əбиев Ж. Ə., Бабаев С. Б. Педагогика. Алматы, 2006.

  3. Ермеков Н., Стифутина Н. Информатика: Жалпы білім беретін мектептің7 – сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра,2007

  4. Мұғалім // Интернет сайтынан, 2010 жыл

  5. Е.Сағындықов «Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану» (Алматы, 1993)

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *