Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы
Бірлік ауылындағы
М.Мирманов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Ерғали Бақыт Кәрімқызы
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік мүшелері қандай қызмет атқарады? Тамыр.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Оқушылар өсімдіктердің мүшелерін анықтайды, тамырдың қызметі туралы ой қалыптастырады, оларды ауызша және жазбаша тұжырымдайды.
Дамытушылығы: Оқушылар логикалық және шығармашылық тұрғыдан ойланады, өз ойларын дәлелдейді, мәселені шешуге дағдыланады.
Тәрбиелілігі: Оқушылар топта бірлесе еңбектенеді, шығармашылық қарым-қатынас құрады,бірін-бірі үйретеді, ортақ мәмілеге келуге ұмтылады.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Көрнекілігі: «Топтастыру», «Сұрақ қою», және «Бестармақ» тәсілдерін қолдану.
Қажетті матерталдар:Өсімдіктердің суреттері, ақ қағаз,плакаттар,скотч, маркерлер.
Топқа бөлу.Оқушылар 4 баладан тұратын шағын топтарға заттар бойынша бөлінеді.
1.Ойсергек (2минут) Әр оқушы өзінің бір ұсақ затын мұғалімге тапсырады, мысалы: қаламсап, өшіргіш, сызғыш, дәптер, маркер т.б. Бұл заттар қапшыққа салынып, араластырылады. Содан кейін заттар әр партаға 4-4-тен ретсіз қойылады. Оқушылар өзінің заты қойылған парталарға отыруы керек. Олар топтарды заттар бойынша атап, атауларды үшбұрыштаған қағаздарға маркермен жазып қояды. Топтық жұмыс.(4минут) Үй тапсырмасын тексеру (екі ағаштың суретін салып, «Күзгі бақ пен бақша» тақырыбына эссе жазып келу тапсырмалары. Топ ішінде оқушылар бір-бірінің үй тапсырмаларымен танысады. Плакатқа ағаштардың суреттері мен эсселерді скотчпен іліп қояды. Плакаттар қабырғаға ілінеді. Жариялау (6минут) Әр топтан бір оқушы 1минут ішінде үй жұмысымен бүкіл сыныпты таныстырады. Басқалар олардың жұмысы туралы өз ойларын ортаға салып, пікірлерін айтады. Жаңа тақырыпқа бағытталу. Тапсырма. Оқушылардан «Топтастыру» тәсілінің көмегімен өсімдіктердің мүшелерін көрсетуді сұрау. Бұл жұмыста оқушылар тақтада ілінген өсімдіктердің суреттерін пайдаланады.
Топтық жұмыс. (2минут) Оқушылар тапсырманы топта талқылап, жауаптарын қағазға жазып, оны парталарының ернеуіне іліп қояды.
Қортындылау (1минут) Оқушыларға сабақ тақырыбының өткен сабақпен тығыз байланысты екендігін айтып, оның мақсаттарын жариялау.
2. Тапсырма. Оқушыларға оқулықтағы «Тамыр» мәтінін «Сұрақ қою» тәсілі бойынша оқуды тапсыру. Мәтін 4 -ке бөлініп, әр бөлімі жеке оқылады.
«Сұрақ қою» тәсілі»(10 минут).
1)Оқушылар мәтіннің бірінші бөлімін (алғашқы екі абзац) өздігімен оқиды. Мұнда топ ішінде бір оқушының дауыстап оқуына да болады.Оқып болғаннан кейін әр оқушы мәтіннің бірінші бөлімі бойынша бір сұрақ дайындайды. Оқушылар топ ішінде бір-біріне дайындаған сұрақтарды қойып, оларға жауап береді.
2)Оқушылар мәтіннің екінші бөлімін (үшінші абзац) оқиды (бір оқушы дауыстап оқиды. Оқып болған соң олар бір сұрақ дайындап, бір-біріне қояды, оларға жауап береді.
3)Оқушылар мәтіннің үшінші бөлімін (4 және 5 абзацтар) оқып, дәл сол тәртіп бойынша жұмыс жасайды: бір сұрақ дайындайды, бір-біріне сұрақ қояды, оларға жауап береді.
4)Оқушылар мәтіннің төртінші бөлімін (соңғы екі абзац ) оқиды, бір сұрақ дайындайды, оларды бір-біріне қояды, жауап береді. 3.Тапсырма. Оқушыларға «Сабақта үйренгенді қалайша қолдануға болады?» деген сұрақты талқылап, мәтін бойынша өзге топтарға бір сұрақ дайындайды, оларды бір-біріне қояды,оларға жауап береді. Топтық жұмыс (4 минут) Оқушылар топ ішінде берілген тапсырманы талқылайды, бір-бірінің пікірлерін тыңдайды, ортақ тұжырым жасап, өзге топтарға бір сұрақ дайындайды. Жариялау (6 минут) Әр топтан бір оқушы жауаптарын сыныпқа жариялайды, сұрағын қояды. Өзге топтардың оқушылары сұраққа жауап береді. Бағалау. Оқушыларға «Тамыр» тақырыбына «Бестармақ» жазу тапсырмасын беріледі. «Бестармақ» тәсілі. Бұл тәсілде оқушылар өз ойын қортындылау үшін тек 11 сөзді қолданады. Бестармақ бес жолдан тұрады. Мұнда жазбаша келесі сұрақтарға жауап беру керек.: 1.«Не?» – 1 сөз. 2. «Қандай?» -2 сөз. 3. «Не істейді?» -3 сөз. 4. «Оның маңызы қандай?» — 4 сөз. 5. «Оны басқаша қалай атауға болады?» -1 сөз. Мысалы: Тамыр Қажетті, шашақ Бекітеді, тартады, қоректендіреді Өсімдіктің өсуі үшін қажетті Мүше. Топтық жұмыс (2 минут) Оқушылар қалай орындауға болатынын топ ішінде талқылайды, бір-біріне кеңес береді. Жеке жұмыс (4 минут) Оқушылар «Бестармақты» жекелей орындайды. Жариялау. Топтық жұмыс (3 минут) Олар топ ішінде бір-біріне оқып береді, талқылайды, қажет болса өз жұмыстарын түзейді. Сыныптық жұмыс. Әр топтан бір оқушы «Бестармақтарын» сыныпқа жариялайды. Содан соң жұмыстарын жинап аламын. Үй жұмысы (2 минут) Оқушыларға «Біздің бақтағы өсімдіктердің тамырлары» атты тақырыпқа эссе жазып, бірнеше шөпті жинап келу.