Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қарашалаң ауылы,
№75 мектептің математика мұғалімі Жолымбетова Маншук
Қазақтың байырғы өлшемдері.
Халық өлшемдері – ұлт мәдениеті мен этнографиясының қызықты салаларының бірі болып саналады. «Халық айтса, қалып атпайды» дегендей халық өлшемі анық өлшем десек, қателеспейміз. өйткені оны ата – бабаларымыз бірнеше ғасырлар бойы қолданып және сол арқылы өлшем негіздерін жасаған.
1)Ұзындық өлшемдері:
Енді халық арасында кең таралған байырғы өлшемдерге тоқтала кетейік.Орта Азия мен Қазақстанда ең көп тараған байырғы өлшемдердің ішінде ұзындық бірліктері төмендегідей:
Қолдың қары немесе қары – кеуденің орта тұсынан кере созылған қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралық (80-85 см шамасы) тең ұзындық бірлігі. Кейде оң иықтан бүкіл кеудені бойлай өтіп, кере созылған сол қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралықта (1 м шамасы) қары ретінде пайдаланылған. Шығыс елдерінде кең тараған бұл бірліктің шығу тегі де тым әріден басталады. Ертедегі вавилондықтарда қолдың қары 525 мм шамасында болған. Ол вавилондық өлшеу бірліктері жүйесінің негізінде алынған. Қалған ұзындық бірліктері осы бірліктің туындысы ретінде пайдаланылған. Египеттіктерде үлкен қары (шамамен 525 мм) және кіші қары (шамамен 450 мм) қатар қолданылған.
Бабырдың жазбаларында (16 ғ.) 6 тұтамға (шамамен 500 мм) және одан бір жарым есе артық қары да кездеседі. Бұхарада 1,07 м-ге немесе 1,5 аршынға тең қары пайдаланылған. Ол базар қарысы (177,8 см) және хан қарысы (213,36 см)болып бөлінеді. Алғашқысы сауда – саттықта, ал соңғысы салықты өтеу пайдаланылған. Мысалы, арқан салығы құлаш пен және қан қарысымен өтелген. Сонымен қатар жібек маталар құлаш қары немесе ұзын қарымен (164,45 см), ал бөз келте (қысқа) қарымен (57,79 см)өлшенген.
Қарыс – толық жазғандағы бас бармақ пен шынашақ ұштарының арасына тең ұзындық бірлігі (19-20 см шамасында). Тұрмыста, құрылыс жұмысында пайдаланылған. Киіз үйдің уығы 12 – 16 қарыс мөлшерінде жасалды.
Елі – сұқ қолдың еніне тең ұзындық бірлігі (шамамен 2 см) мұнда өлшенетін дененің үстіне қолды салып, оған сұқ қолдан бастап шынашаққа дейін қанша саусақ орналасқанын анықтайды, қатар орналасқан төрт саусақтың ені төрт елі деп аталады (шамамен 7-8см) . Бас бармақтың ені үшін (шамамен 2,2 -2,3 см) кейбір жерлерде қатар қойылған алты арпа дәнінің ені алынған (Бабыр жазбалары 16 ғ.). Қазы майының қалыңдығы, ою — өрнектің мөлшері тағы басқа енімен өлшенген. Буын – ортаң қолдың ұшынан оның ортаңғы буынына дейінгі аралыққа тең ұзындық бірлігі (шамамен 5-6 см). Сәулетті сарайлар мен түрлі ғимараттардағы ою — өрнектің мөлшерін осы буынмен өлшенген; тігін, киім пішу жұмыстарында да қолданылған.
Шынтақ – қолдың ортаңғы саусағының ұшынан шынтақтың бүгілген жеріне дейінгі аралық. Қазақстанда кең тараған Бұхар шынтағы шамамен 40-41 см.
Тұтам – бүгілген төрт саусақ пен алақан арасындағы қуыстың ұзындығына тең өлшем. Бабыр жазбаларында тұтам шамамен 8-8,5 см – ге дейін ұзындық өлшемі делінген.
2)Қашықтық өлшемдері:
Қадам – адам адымына тең ұзындық бірлігі. Бүкіл шығыс елдеріне кең тараған фарсах – 12000 қадамға тең деп саналады. Құрылыс жұмыстарымен суару жүйесінде кеңінен қолданылған. Бұхар әмірі бойлары бірдей бірнеше адамды іріктеп алып, қадамның мөлшерін белгілемек болмақ. Бұл сияқты талпыныстар басқа жерлерде де кездеседі. Осындай мәліметтерге қарағанда қадам 60-70 см шамасында болғанға ұқсайды.
Құлаш – иық деңгейіне сәйкес созылған екі қол ұшының арасына тең ұзындық бірлігі. 1838 жылғы мәлімет бойынша Фергана құлашы 1666-170 см, Қазақстанда қолданылып келген Бұхар құлашы 142 см – ге тең. Құлаш сауда – саттықтың жұмысында тұрмыста сондай – ақ салықты өтеу кезінде пайдаланылған. Сондай – ақ құлаштың да сала, кере, көш, құлаш атты түрлері болған. Аршын – көне түрік заманында қолданылған ұзындық бірлігі. Ол кездегі мәні белгісіз. Кейбір мәліметтерге қарағанда 16 ғасырдан бастап аршын 71,12 см-ге тең ұзындық өлшемі ретінде Россияның шет аймақтарында пайдаланылған. Парсы (Иран) тілінен енген бұл өлшемнің бастапқы дәл мағынасы – шынтақтан саусақтың ұшына дейінгі аралық. Кейбір әдебиеттерде хан аршыны деген атпен саусақтың ұшынан мұрынның ұшына дейінгі аралыққа тең өлшем де ұшырасады. Кез – ескілікті әдебиеттерде аршынның синонимы ретінде кездесіп қалады.
Өлшеу техникасы жөніндегі оқулықтар мен техникалық әдебиеттерден «ярд», «дюйм», «фунт» сияқты ескілікті өлшемдердің күні бүгінге дейін маңызын жоя қоймағандығын байқауға болады. Өндірістік маңызы бар кейбір ұзындық өлшемдері (мысалы, құбырдың диаметрі) қазірдің өзінде дюйммен берілетінін талай естігіне боларсыздар. Өйткені мәдениетті жоғары, сауда саттық қатынасы жедел дамыған елдерде байырғы өлшемдер алғашқы шыққан күйінде қалып қоймай «цивилизациялған» яғни нақтылана түскен. Бұл келтіріліп отырған мысалдардан қазақтық халықтық терминдердің шығу төркіні, қолданылу мақсаты, өміршеңдігі, аталу сәттілігі жағынан да басқа халықтардың ұлттық өлшемдерімен деңгейлес болғанын байқауға болады. Алайда түрлі тарихи себептерге байланысты өлшеулік мәні бар байырғы терминдеріміз ұлт шеңберінен аса алмай, нақты мәнге ие бола алмаған. Сондықтан да қазақтың «бармағы» мен «табаны» немесе «құлашы» мен «қарысы» арық пен семіздің, ұзын мен қысқаның жекелеген мүшелеріне тәуелді күйінде қалып қойған.Өлшемдердің ала – құлалығынан туатын түрлі халықаралық қатынастардағы қиыншылықтарды жеңілдету мақсатымен қазіргі кезде дүние жүзінде өлшемдердің бірыңғай метрлік жүйесі (СИ) қолданылды. Сондықтан барлық жерде қолданып келе жатқан байырғы өлшемдер әр елдің көне мұрасы ретінде ғана сақталып, тарих қойнауында қалып барады.
Қазақ халқының егін шаруашылығымен айналысқан жерлерінде жер мөлшерін (ауданын) өлшеуге пайдаланылған бірліктерінің ішінен ең көп тарағаны – танап. Танап – Орта Азия мен Қазақстанда пайдаланылған аудан бірлігі. Оның алуан түрлі мәндері бар. Көне жазбалар мен саяхатшылардың естеліктеріндегі мәліметтерде қайшылықтар көп. 1927 жылы Өзбек ССР Орталық статистикалық басқармасы ұйымдастырған комиссияның қорытысында мөлшері келтірілген. Осы мәлімет бойынша танаптың ең көп тараған мөлшері: Хорезм танабы – 4097 шаршы метрге, Бұхара мен Самарқанда қолданылған танап – 2731,35 шаршы метрге, Қазақстанның суармалы аудандарында (Әулиеата, Қазалы, Шымкент т.б.) танап – 1820,83 шаршы метрге тең. Тепе – Орта Азия, Монғолстан және Қазақстанда жер өлшеу кезінде қолданылған көне аудан бірлігі. Ол шамамен екі шаршы шақырымға тең.
ә) Көлем өлшемдері:
Ертедегі адам бір нәрсенің ауданын, үлкендігін (көлемін) сөз еткенде, оны да өзіне таныс басқа нәрсенің ауданымен, үлкендігімен (көлемімен) салыстырып, мысалы, аудан туралы айтқанда: «түймедей», «теңгедей», «ат төбеліндей», «алақандай», «туырлықтай», «ауыл аймағындай» деп, ал бір нәрсенің үлкендігін «жұдырықтай», «ат басындай», «үйдей», «таудай» деп ұғынысқан. Әдет бойынша қазірден қолданылатын, өлшеуіштердің алғашқы нышаны болған. Осы сөздер өлшеу мен өлшеуіштер тарихы жөнінде және халықтың өмірі, кәсібі туралы едәуір мәліметтер береді.
Ауданды қазіргідей өлшеу мәселесі, кейін егіншілікпен кәсіп етіп жер участоктарының аудандарын өлшеу жұмыстарын жүргізген вавиоландықтар, мысырлықтар, тағы да басқа сияқты елдерден басталды. Ал көлем өлшеу мәселесі обсерваториялар, храмдар, пирамидалар т.б. күрделі құрылыстар салынып әр түрлі нәрселердің көлемдерін өлшеу қажет болған кезде басталды.
Ертедегі адамда заттардың салмағын өлшейтін қазіргідей таразы мен гирлер болған жоқ, нәрсенің ауыр – жеңілін көрсететін «зілдей», «қаңбақтай» деген сияқты салыстырма ұғым ғана болды.
б) Салмақ өлшемдері: Мысқал (1 грамм), қадақ (750 грамм), келі (1 килограмм), пұт (16 килограмм), батпан (100 килограмм).Бұл өлшемдермен бірге халық «Салмағынан жер ойылғандай», «түйеге жүк болғандай» деген сияқты бейнелеу теңеу сияқты айшықты сөз өрнектерін қолданып , ауыр, жеңіл деген сөздерді де пайдаланады.
в) Тереңдік, ауа – райы, сауда өлшемдері:
Қанжылым, жылы, ыстық, суық, салқын, мұздай,тағы да осылайша анықтап, бір заттың судың астын немесе ауа – райының қалыбын белгілейді. Ауа – райын жылы, ыстық, қапырық, қайнап тұр, күйіп тұр, аспан айналып жерге түскендей, ми қайнататын ыстық… деп жаз айындағы күн райын айтса, қыста: шуақ, май тоңғысыз, шыбынсыз жаз, суық, салқын,үскірік, бет қаратпас аяз, тфу десе түкірік жерге түспейтін аяз деген теңеулер арқылы күннің қаншалықты суық екенін анықтап соған сәйкес әрекет ете бастайды.
Ақшалай саудада тиын мен теңгені, алтын, күміс, жамбы (қой тұяқ, тай тұяқ) сияқты құнды металдарды қолданған. Ал айырбас саудада әркімнің келісіміне сәйкес шамамен түйені – құлынды биеге, биені – бұзаулы сиырға, сиырды – тай, құнанға, тайды – үш – төрт қойға айырбастаған.
Тайыз, биік, аласа.