Басы » Биология » Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі

Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі

ЕрмекҚызылорда облысы,
Қазалы ауданы,
Бекарыстан би ауылы
№24 орта мектеп
Достанов Ермек
Сабақтың тақырыбы:  Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік – оқушыларға тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі, бейімделушіліктің түрлері, тірі ағзалар үшін бейімделушіліктің маңызы туралы түсіндіру.
ә) дамытушылық – оқушыларға түрлі деңгейлі тапсырмалар бере отырып, ой-өрістерін, қызығушылықтарын арттырып, дамыту.
б) тәрбиелік – оқушыларды жауапкершілікке, адамгершілікке, достыққа және тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, «Организмдердің бейімделгіштігі» плакат, «Ағзалардың бейімделгіштігі» видеоролик.
Сабақтың пәнаралық байланысы: география
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгелдеу
Оқу-құралдарын тексеру
Зейіндерін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау. Гендердің ығуы. Популяциялық толқындар.Оқшаулау.
а) сұрақ-жауап әдісі
1. Популяциялық толқындар дегеніміз не?
2. Популяциялық толқындардың авторы кім?
3. Оқшаулау дегеніміз не?
4. Гендердің ығуы дегеніміз не?
5. Эволюцияның үш себебін айтыңдар?

  • 6. Биологиялық алға басу және кері кету деген не?

 

ә) «Сызбалар қатары»

 

Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі.  Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі.

 

1. Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері

Мәтіннен негізгі жаңа ұғымдарды тауып, оларды альфавиттік ретте жаз.

Бейімделу, бейімделгіштік, бейімделгіштік рең, ортаға бейімделушілік.

2. Маңызды өмірлік даналық

Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.

Эволюцияның нәтижелерінің бірі – тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделгіштік.

3. Таныс және таныс емес

Мәтіннен сізге алдын таныс болған және сізге мүлдем таныс емес ақпаратты табыңыз.

Таныс: эволюция, тіршілік үшін күрес, қоршаған орта, бейімделу.

Таныс емес: адаптация, ортаға бейімделушілік, бейімделгіштік рең, бейімделгіштің салыстырмалылығы.

4. Иллюстрациялық бейнелеу

Мәтіннің негізгі ойын, сызба, сурет, т.б. арқылы бейнелеу.

Бейімделгіштік-адаптация дегеніміз тірі ағзалардың ағзалардың қоршаған ортаның нақтылы жағдайларында құбылысында, мінез-құлқы мен физиологиясында тірі қалуды жоғарылататын ерекшеліктерді иемдену қасиеті.

Эволюция нәтижелерінің бірі – тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделгіштік.

Қорек талғауға бейімделу. Көптеген жануарлар қорек тапшылығынан және тіршілік үшін күрестің түр ішінде шиеленісуінен пайда болып, дарақтардың бір бөлігі қоректенудің жаңа көзіне ауыады.

Климаттық бейімделу. Ағзалардың төтенше табиғи жағдайларындағы тіршілікке байланысты қандай бейімделу пайда болды.

Қорғаныш рең. Қорғаныш реңді 3 негізгі типке бөлуге болады. Олар: қорғаныш реңі, еліктеу реңі және көрнекілеу реңі.

Гүлді өсімдіктердің айқас тозаңдандыруға бейімделуі. Көбею мүшесі ретіндегі гүлдің пайда болуынан тұқымды өсімдіктердің үйлесімді өзгергіштік дәрежесі күрделене түсті. Өсімдіктердің барлық түрі желмен тозаңданатын, бунақденелілер тозаңдандыратын, су тозаңдандыратын және жануарлар тозаңдандыратын (колибри) өсімдіктер болып бөлінеді. Бұған тозаңданып, ұрықтану арқылы жабық гүлдің ішінде өздігінен тозаңданатын түрлер қосылмайды.

Гүлді өсімдіктер — ең алға басқан, сандары өте көп және сан алуан өсімдіктер тобы. Олардың саны бунақденелілерден аз болғанымен, таралуы, өзге өсімдіктер ағзаларынан гөрі гүлді өсімдік түрлерінің таралу деңгейі казіргі кезде биолоғиялық тұрғыдан алға басып түр. Бунақденелілердің және гүлді Өсімдіктердің биологиялық алға басу себептері өте көп екені сөзсіз. Ең бастысы болмаса да, ең маңыздыларының бірін олардың бірлес эволюциясы деп санауға болады.

Қорғаныш реңінің мынадай түрлері бар: бүркемелену реңі – қоршаған ая түсіне ену; бөлшектену реңі – денедегі рең тұтастығы жойылады; көлегейлену реңі – жарық пен көлеңкенің құбыла көрінуі.

Еліктеу рең – қорғанышсыз жануарлар немесе өсімдіктердің біреуі екінші бір едәуір қорғанышы бар немесе жеуге жарамсыз түрге ұқсас болу нәтижесі.

Көрнекілеу реңі – бұл қарсыласын үркіту немесе абдырату жолы.

Кері байланыс.

Деңгейлік тапсырмалар. І-деңгей (5-балл) Сызбаны толтыр, сұрақтарға жауап бер:

(қорек талғауға бейімделу, климаттық бейімделу, қорғаныш реңдер және гүлді өсімдіктердің айқас тозаңдандыруға бейімделуі)

 

  • Бейімделгіштік қандай күштердің әсерінен (себептер, факторлар) қалыптасады?

  • Бейімделгіштіктің үнемі салыстырмалы болуы неліктен?

 

ІІ-деңгей (+4 балл=9 балл) Бос орынды толтыр:

1. _______________ дегеніміз – тірі ағзалардың қоршаған ортаның нақтылы жағдайларында құбылысында, мінез-құлқы мен физиологиясында тірі қалуды жоғарылататын ерекшеліктерді иемдену қасиеті. (Бейімделгіштік)

2. _______________ – қоршаған ая түсіне ену. (Бүркеніш реңі)

3. _______________ – бұл қарсыласын үркіту немесе абдырату жолы. (Көрнекілеу

реңі)

4. Бейімделгіштік тірі қалушылықты арттырып, ________________________ алып келеді.

 

ІІІ-деңгей (+3 балл=12 балл) Тест:

1. Қорғаныш реңді неше типке бөлуге болады?

а) 1

ә) 2

б) 3

в) 4

2. Мимикрияға төмендегі жануарлардың қайсысы мысал:

а) қанқыз;

ә) теңіз атбас балығы;

б) кеңалқым;

в) батбат.

3. Ағзалардың төтенше табиғи жағдайларындағы тіршілікке байланысты қандай бейімделу пайда болды?

а) қорек талғауға бейімделу;

ә) қорғаныш рең;

б) климаттық бейімделу;

в) гүлді өсімдіктердің айқас тозаңдандыруға бейімделуі.

 

Оқушыларды бағалау. Бүгінгі сабақта үй тапсырмасын орындап, жаңа сабақты бекітуге арналған тапсырмаларға жауап беріп, белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.

«Ашық журнал»

 

р/с

Оқушылардың аты-жөні

І деңгей

5 ұпай

ІІ деңгей

4 ұпай

ІІІ деңгей

3 ұпай

Сыныптағы жинаған балы

Үй тапсыр-масының

балы

Барлық

балы

Баға

(журналға)

1

Абдулла         Н

2

Ақеділ            Ә

3

Асаналы         С

4

Әнуарбек        Қ

5

Ерали              Қ

 

Үйге тапсырма. Оқушыларға үйге тапсырмаға §44. Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі тақырыбын оқып, аяқталмай қалған деңгейлік тапсырмаларды толық орындап, сұрақтарға жауап жазу келу.

[bws_related_posts]

2 комментария

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *