Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы,
Бекарыстан би ауылы
№24 орта мектеп
Достанов Ермек
Ч.Дарвин, оның эволюциялық теориясы
Оқушылардың өздігінен білім алуын дамыта отырып, өз жауапкершілігін сезінуге, ойын толық жеткізе алуға, өзінің пікірін қорғай білуге және бірін-бірі тыңдай білуге үйрету мақсатымен үш өлшемді әдісін қолдана отырып «Ч.Дарвин, оның эволюциялық теориясы» тақырыбында сабақ өткіздім.
І-кезең (5-7 минут)
Ұйымдастыру сәті.
Үй тапсырмасын сұрау.
а) сұрақ-жауап әдісі;
1. Эволюция дегеніміз не?
2. Эволюция терминін ғылымға енгізген ғалым?
3. Эволюциялық табыс деген не?
4. Биологиялық прогресс дегеніміз не?
5. Биологиялық регресс деген не?
ә) «Ассосациациялар қатары»
ІІ-кезең. Жаңа тақырыпты өздігінен меңгерту кезеңі. (20-25 минут)
«Данышпан үкілер»
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
1. Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері |
|
Мәтіннен негізгі жаңа ұғымдарды тауып, оларды альфавиттік ретте жаз. |
Бәсекелестік, көбеюдің шексіздігі, тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу, эволюциялық табыс |
2. Маңызды өмірлік даналық |
|
Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз. |
Эволюцияның негізгі факторы – табиғи сұрыпталу. |
3. Таныс және таныс емес |
|
Мәтіннен сізге алдын таныс болған және сізге мүлдем таныс емес ақпаратты табыңыз. |
Таныс: тұқымқуалаушылық, өзгергіштік, көбею. Таныс емес: бәсекелестік, тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу, эволюциялық табыс |
4. Иллюстрациялық бейнелеу |
|
Мәтіннің негізгі ойын, сызба, сурет, т.б. арқылы бейнелеу. |
|
|
ІІІ-кезең. Кері байланыс. (12+3 минут)
Деңгейлік тапсырмалар. І-деңгей (5-балл)
1. Сызбаны толтыр, сұраққа жауап бер:
2. Көбеюдің шексіздігі дегеніміз не?
3. Сандардың мөлшерден көп болу құбылысы дарақтар арасында не туғызады?
ІІ-деңгей (+4 балл=9 балл)
1. _______________ дегеніміз – бұл ағзалардың өз ата тектеріне ұқсау және кейбір белгілерін өз ұрпақтарына беру қасиеті.
2. _______________ – тіршілік үшін күрес.
3. _______________ дегеніміз – бұл барлықтірі ағзалардың өз ата-тектерінен ерекшеленетін ортақ қасиеті.
4. _______________ дегеніміз – ол биологиядағы табыс.
5.
ІІІ-деңгей (+3 балл=12 балл)
1. Ч. Дарвин, оның эволюциялық теориясы» тақырыбына тірек-сызба сыз.
2. Тақырып бойынша ойыңды қорытып, тірек-сызбаға түсініктеме жаз.
[bws_related_posts]