Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қарашалаң ауылы,
№75 мектептің математика мұғалімі
Жолымбетова Маншук
«Математика –тапқырлықты талап етеді»
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деп Ш.Уәлиханов, «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну,тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп Қ.Сәтбаев айтып кеткендей еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.
Олай болса, 5-6 сынып оқушылары арасында өткен «Математика –тапқырлықты талап етеді» атты интеллектуалдық сайысымызды бастаймыз.
Ортаға ойынға қатысушыларды шақырымыз.
Ұпай есептеу үшін әділқазы мүшелерін сайлап алайық.
1.Орынбасарова С.
2.Бигелдиева Н.
3.Өтеген М.
Сайысқа қатысатын сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз:
1.5 сынып оқушысы Әбілғазиева Д
2.5 сынып оқушысы Әлқуатова А.
3.6 сынып оқушысы Шамшаева А.
4. 6 сынып оқушысы Қыстаубаева Н.
Сайыс 5 бөлімнен тұрады:
І бөлім «Бәйге»
ІІ бөлім «Тіл өнер»
ІІІ бөлім «Дода»
ІҮ бөлім «Тапқырлық»
Ү бөлім «Жорға»
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын І бөлімін бастаймыз.
І бөлім «Бәйге». Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы қолындағы карточкасын бірініш көтереді сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.Сұрақтар:
- Геометрия сөзі грекшеден аударғанда қандай ұғымды білдіреді? (Жер өлшемі)
- 2. Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан? («Әл жебр деген араб сөзі»)
- Параллелепипедтің неше қыры, неше жағы бар? (12 қыры, 6 жағы бар)
- 4. Үшбұрыштың төбесі мен қарсы жақтан қабырғасының ортасын қосатын кесінді. (медиана)
- Шеңбердің ең үлкен хордасы (диаметр)
- 6. Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)
- 2 ғасырда неше жыл бар? (200)
- Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құрылатын геометриялық фигура. (Бұрыш)
- Кез келген екі нүкте арқылы нені жүргізуг болады? (түзу)
- Қандай түзулердің ортақ нүктесі жоқ? (Параллель)
ІІ бөлім «Тіл өнер»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізеді.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – дей келе, «Тіл — өнер» деп аталатын ІІ бөлімде жұмбақ, мақал – мәтел, өлең жолдарынан айтылмай қалаған сөзді тауып, орысшаға, ағылшынға аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, үш тілде жауап берсе 30 ұпай.
Осы бөлімнен кейін ұпай аз екі ойыншы ойынмен қош айтысады.
1) Жоқ өзіңде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. ( сызғыш, линейка, a ruler)
2) Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса
қанша тартады? (он екі, двенадцать, twelve)
3) Өзі сөлей білмейді, салған ізі сөйлейді. (қалам, ручка,pen)
Ұпайы аз 2 оқушы шығады.
ІІІ бөлім «Дода»
Сайысымыздың «Дода» бөліміне келіп жеттік. Енді «Дода» бөлімінде білімдеріңізді ортаға салуға мүмкіндіктеріңіз бар. Бұл бөлімде 4 тақырып бар беріледі. Әрбір оқушы көрсетілген ұпайлар бойынша 1 тақырып таңдайды. Дұрыс жауап берсе сол ұпай қосылады.
1 | Қазақтың байырғы есептері |
20 |
30 |
40 |
50 |
2 | «Ақбота» есептері |
20 |
30 |
40 |
50 |
3 | «Кенгуру» есептері |
20 |
30 |
40 |
50 |
4 | Викториналық сұрақтар |
20 |
30 |
40 |
50 |
- Қазақтың байырғы есептері:
20 – ұпай. Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады? – деп атасы немересіне қарады. ( бір пұт)
30 – ұпай. Он – оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан сой біріншісі екіншісіне қарап қанша асық ұттық – дейді. Ол онша көп ұтқыза қоймаппын, сегіз асығым қалыпты, — деді.
— Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, — дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып.
— Ең көп асықтан ұтылған мен болдым,- дейді мұңайып бірінші бала. Ойыннан кейін кімде неше асық? (1- бала -4, 2- бала – 18, 3 – бала — 8)
40 – ұпай. Ұлу биіктігі 10 м ағаштың басына шығу керек. Ол күндіз 4 м жоғары көтерілді, түнде 3 м төмен түседі. Неше күнде ұлу ағаштың басынга шығады? (7 күнде)
50 – ұпай. Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын өткенде жолдың жартысы қалғанша ұйықтайды. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтайды? (1/4)
2.«Ақбота» есептері:
20 – ұпай. Үш бала 17 бауырсақ жеді. Ең көп жегені Тимур. Аз дегенде Тимур неше бауырсақ жеген? А) 5 Б) 9 С) 7 Д) 8
30 – ұпай. Оқушы кітаптың 0,3 бөлігін, кейін тағы да 0,1 бөлігін оқығандағы көлемі жарты кітаптан 18 бетке кем болып шықты. Кітапт анеше бет болған?
А) 210 Б) 200 С)190 Д) 180
40 – ұпай. Үшбұрыштың екі қабырғасының ұзындықтары 5 – және1. Үшінші қабырғасы натурал санмен өрнектелсе қандай болады? А) 4 Б)5 С) 6 Д) 3
50 – ұпай. Месопотамияда біздің эрамызға дейінгі 2005 жылда бір саны –α, оң саны — β, ал алпыс сан –Є таңбаларымен белгіленген.
3. Кенгуру есептері:
20 – ұпай. Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбізді жеп қойған. Әкесі шешесіне қарағанда 5 сәбізді артық жеген. Ал баласы Бани 12 сәбіз жеген. Шешесі неше сәбіз жеген? А) 27 Б)28 С) 31 Д) 33 Е) 56
30 – ұпай. Айдар қағаз парақты 5 рет бүктеді, сосын ол бүктеген қағазды тескен. Қағаз парақты қайта жазған неше тесік шығады?
А) 6 Б)10 С) 16 Д) 20 Е) 32
40 – ұпай. Мына сандардың ең үлкені қайсысы?
А) 999 Б)999 С) (99)9 Д) 999 Е) 9999
50 – ұпай. Компьюетерлік вирус компьютерлік дискінің қандай да бір дискінің зақымдамайтыны белгілі. Бірінші күні ол дисккіінің ½ бөлігін зақымдаған, екінші күні зақымданбаған, екінші бөлігін 3/1 бөлігін, үшніші күні қалған бөлігінің ¼, ал төртіншікүні баспаған 5/1 бөлігін. Дискінің қандай бөлігі зақынданбай қалған?
А) 1/5 Б)1/6 С) 1/10 Д) 1/12 Е) 24/1
3. Виктоиналық сұрақтар:
20 – ұпай. Тәрелкедегі 7 бауырсақтан 7 балаға бір – бірден және тәрелкеде бір бауырсақ қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады? (бір бала тәрелкесімен алады)
30 – ұпай. Ұшақ А қаласынан В қаласынаейін 1 сағат 20 минут ұшады да, сол жолмен қайтарда 80 мин ұшты. Себебін түсіндір. ( 1сағ 20 минут – 80 минут)
40 – ұпай. Төрт дос бала мейрамханаға жиі барып әрқашан бір үстелге отырады. Жалғастың әрқашан бір орынға отыра беретіні белгілі болса, достар неше түрлі тәсілмен үстелге отыра алады? (3) 50 – ұпай.
Ұпайы аз 2 ойыншы ойыннан шығарылады.
ІҮ бөлім. «Тапқырлық»
Біздің үйдегі қабырға сағаты қоңыраулы, оләрьір жарты сағатта 1 рет, тоық сағат сайын сол уақытты көрсету санына тең қоңырау соғады. Сонда ол тәулігіне неше рет қоңырау соғады?
Жауабы: (1+2+3+4+5+6+7+8+9+10+11+12) х 2+24 х 2 = 204
Ү бөлім. «Жорға»
Ойынымыздың «Жорға » Ү бөлімінде әрбір ойыншыға жеке – жеке сұрақтар қойылады, жылдам, тез жауап беру қажет. (Әр дұрыс жауп 10 ұпай)
І нұсқа.
1. Шеңбер бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді. (Радиус)
2. Ортақ бөлгіші 1 – ге тең сан (өзара жай сан)
3. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек)
4. Нәрселерді санағанда қолданылатын сан (натурал сан)
5. 369 саны 3 – ке бөліне ме? (иә)
6. Қабырғасы 1 – ге тең квадраттың ауданы неге тең? (1)
7. Дәлелденбейтін тұжырым не деп аталады? (аксиома)
8.Бағытталған кесінді (вектор)
9. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай аталады? (шеңбер)
10. ОХ осі қалай аталады? (абцисса)
ІІ нұсқа.
- Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді? (диаметр)
- Көбейтіндісі 1 – ге тең бөлшектер қандай сандар деп аталады? (өзара кері)
- 640 саны 5 – ке бөліне ме? ( иә)
- Алымы бөлімінен кіші бөлшек (дұрыс бөлшек)
- Натурал сандар нешеден басталады? (1)
- Дәлелденетін тұжырым не деп аталады? (теорема)
- Жазыңқы бұрыш шамасы неше тең? (180 градус)
- Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы нешеге тең? (3,14)
- Бисекетрисалары өзара перпеникуляр болатын төртбұрыш (шаршы, ромб )
- ОУ осі қалай аталады? (ордината)
Жеңімпазды анықтау үшін әділқазы мүшелеріне сөз кезегін береміз.
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет, мың рахмет!
[bws_related_posts]