Басы » Cыныптан тыс » XXI ғасыр көшбасшысы

XXI ғасыр көшбасшысы

ОҚО Мақтарал ауданы Игілік ауылы
Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі

Полатова Айгүл Жамантайқызы
XXI ғасыр көшбасшысы
Мақсаты:
1. Оқушылардың білімділік дағдыларын байқау.
2. Өздерін емін-еркін ұстай білуге үйрету.Тілдерін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту.
3. Бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: шарлар,білім туралы мақал-мәтелдер,гүлдер.
Пән аралық байланыс: ана тілі,қазақ тілі,математика, дүниетану,орыс тілі.
Барысы: Мінеки, залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк. Мұны біз де қоштаймыз, Кешіккендерді тоспаймыз. Ғылымдардың ғылымы, Пәндер ғылымы жайында XXI ғасыр көшбасшысы сайысын Бастаймыз!
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін міне 3-4 сыныптар арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» атты сайысымызды бастамақпыз. Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н.Ә.Назарбаев жолдауларында баса көрсетті.Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім қажет. Білім –патриотизм негізі.Білімді болу жүйелі түрде үйренудің,оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі. Бүгін біз математиканың қыр-сырымен танысып,көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналдық.
Уа, халайық,халайық! Бәріне жар салайық. Бүгінгі кеш төрінде, Математика елінде, Есеп шешіп, жарысып, Жұмбақ шешіп, аңдысып, Шабыт тасып, шалқысып, Көңілді кеш жасайық. Жұмбақ шеру жасайық, Мұнда қызық табылар, Жұмбақ, есеп бәрі бар. Ал,сайыскер, балалар, Білімдеріңді сынайық. XXI ғасыр Көшбасшысын табайық.
Сайысты бастамас бұрын төрешілермен таныс болайық:
1.Сарманова Райхан-оқу ісінің орынбасары.
2.Абдубайтова Фарида-тәрбие ісінің орынбасары.
3. Көбенова Жәмиля-бастауыш сынып мұғалімі.
Енді, ойын шарттарымен таныстырайын.
Ойын 5 турдан тұрады.
I.Бәйге
II.Көкпар
III.Дода
IV.Тіл өнері
V. Логикалық тапсырмалар
I. Бәйгеде әр оқушыға 10 сұрақ беріледі.Тез,дұрыс жауап беру керек.Әр дұрыс жауап 10 ұпай
II.Көкпар ойынының шарты бойынша әр ойыншы ұяшық таңдайды.8 ұяшық бар.Әр ұяшықта 5 сұрақ бар.Дұрыс жауап-10 ұпай.
III.Дода ойынының шарты 4 негізгі пәндер бойынша сұрақтар беріледі.Әр сұрақ 20,,30,40,50 ұпайларымен бағаланады.Жауап дұрыс болмаса қарсыластар жауап береді. «Қарсыластар» белгісі берілгенде.
IV.Тіл өнері- 1жұмбақ,2 мақал-мәтелдер жазбаша таратылады.Қалып кеткен сөзді табу,жұмбақты шешу және оларды орысша атау.5ұпаймен бағаланады.
V. Логикалық тапсырмалар-әр оқушыға логикалық тапсырмалар қойылады. Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз, Шәкірттерге әділ шешім беріңіз. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар, Бәйге,бәйге,бәйгелерді көріңіз.-дей келе I-кезең. БӘЙГЕ:
(3сыныптар үшін) 1-оқушы. 1.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? 2.“Әке арманы” кімнің шығармасы? (М.Әуезов) 3.Бастауыш дегеніміз не? 4.“Қалден Серен жауласпай тұрған күнінде қазақ, қалмақтың тынышталып, бір-біріне тимей тұруы үшін елдесіп, бітісіп келіңдер,” – деп елші жіберген кім? (Абылайхан) 5.2 мен 100-дің көбейтіндісін 100-ге бөл. (2) 6.Ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин) 7.8²-нешеге тең болады? 8.Үш жұртты ата 9.Ең тұңғыш қазақ ғарышкері кім? 10.Біз қай ауданда тұрамыз?
2-оқушы.
1)Қазақтың 5 арысын ата? ( А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев,Ж.Аймауытов) 2)Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? 3)Абайдың бір өлеңін жатқа айт. 4) 3³-нешеге тең? 5) Периметрді қалай табамыз? 6) 16 желтоқсан қандай мереке? 7) Етістік дегеніміз не? Сұрақтарын ата. 8) Адамның сезім мүшелерін ата. 9) Қазақтың ұлттық аспабын ата.(домбыра,қобыз) 10) Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5) 3-оқушы.
1.Қазақстанның ең тұңғыш астанасы қай қала? (Орынбор)
2.Қазақша ай аттарын ата(наурыз—-ақпан)
3. «Тіл мерекесі» қашан тойланады? (21 қыркүйек)
4. Ағаш үстінде 100торғай отыр. Аңшы 10 торғайды атып қалды. Неше торғай қалды?(10 торғай) 5. Ауданды қалай табамыз? 6.50-дің бестен бірі нешеге тең?
7. Конституция қай жылы,қай күні қабылданды?
8. Қазақтың 3 бәйтерегін ата.
9.Жырды айтушы адамды кім деп атаймыз? 10. 1м-де неше см бар?
4-оқушы:
1. Қазақстан Республикасы Туының авторы кім?
2. Көлемді қалай табамыз?
3. 64 қай санның квадраты?
4. Бір жанұяның 5 баласы бар және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяда қанша бала бар? (6 бала)
5. Негізгі және туынды етістік дегеніміз не? Мысал келтір.
6. Ы.Алтынсариннің бір өлеңін жатқа айт.
7. Абылайханның шын есімі кім?
8. Қырдан келген жас қазақ кім? (Шоқан)
9. Ас қорыту мүшелерін ретімен айт. (ауыз,жұтқыншақ, өңеш,қарын,ішек,бауыр)
10. Тығыз тау жыныстарына не жатады? (гранит,мәрмәр,құмтас,тас көмір, әктас)

4 сыныптар үшін.
1-оқушы:
1. Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата.
2. Қысқарған сөз деген не? Мысал келтір.(бірнеше сөзден тұратын атаулар қысқартылып айтылады)
3. Әлемнің 7 кереметін ата. (Хеопс пирамидасы,Александрия манары,Семирамиданың аспалы бағы,Галикарнас кесенесі, Родос алыбы,Артемиданың ғибататханасы,Зевс мүсіні)
4. Қазақ жері қанша шаршы жерді алып жатыр? (2млн.724км)
5. 47521 санында барлығы неше жүздік бар? (475)
6. Жылдамдықты қалай табамыз? (s:t=v)
7. 4жұмыртқа 5 минут піссе, 20жұмыртқа неше минутта піседі? (5 минут)
8. 7 жоқты ата?
(аспанда тіреуіш жоқ, аллада бауыр жоқ, жылқыда өт жоқ, аққуда сүт жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ,жерде өлшеуіш жоқ. 9.Отан, жер, ел туралы 5 мақал –мәтел айт
10.Астананың символы не?
2-оқушы:
1. Біріккен сөз деген не? Мысал келтір:(екі түбірден жасалған сөз)
2. Қазақ тілінде неше септік бар? Атап бер.
3. Ғарышқа алғаш жол қашан ашылды? (1957ж 4 қазанда)
4. Табиғатта су неше күйде кездеседі? Атап бер.
5. Неше плпнета бар. Атап шақ (Марс,Юпитер,Сатурн,Плутон,Нептун, Жер, Уран,Шолпан,Меркурий)
6. 1т.мақта ауыр ма, 10центнер темір ауыр ма? (тең)
7. Бөлменің 4 бұрышында 4мысықтан отыр.Әр мысықтың алдынд 3 мысықтан отыр.Бөлмеде барлығы неше мысық бар? (4 мысық)
8. Қосудың қандай заңдылықтарын білесің?
9. 1 дм неше мм бар (100мм)
10. Ара қашықтықты қалай табамыз? (v* t=s)
3-оқушы:
1. Алтын адам қай қаладан табылды?
2. 7 жұтты ата
(1. Құрғақшылық
2. Жұт /мал қырылу/
3. Өрт
4. Оба /ауру/
5. Соғыс
6. Топан су
7. Зілзала)
3. Қос сөз деген не? (екі сөздің қосарлануынан жасалған сөз)
4. Үнді дауыссыз дыбыстарды ата.
5. Түсті метеллға не жатады? ( мыс, мырыш, аллюминий,қорғасын)
6. Планета деген не? (өзінен жарық шығармайтын дене)
7. Қазақстан жер көлемі жағынан дүние жүзі елдерінің арасында нешіншщі орын алады? (9)
8. Уақытты қалай табамыз ? (s:v=t )
9. 60санын 3 және 2 сандарының көбейтіндісіне бөл. 60: (3х2)=10
10. Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді? (40)
4-оқушы:
1. 7 атаны ата (ата,әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене)
2. Көбейтудің қандай заңдылықтарын білесің? (ауыстырымдылық,терімділік,үлестірімділік)
3. Неше полюс бар.атап шақ (оңтүстік,солтүстік)
4. Қанша мұхит бар? Атап шық. (Тынық,Атлант,Үнді,Солтүстік Мұзды)
5. Бақытжанның 4 ұлы,олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.Бақытжанның неше баласы бар?
6. Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
7. Қанша құрлық (материк) бар? Атап шақ. (Еуразия, Австралия,Оңтүстік Америка,Солтүстік Америка, Африка,Антарктида)
8. Жер экваторының ұзындығ неше км? (40000км)
9. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?
10. Әліппенің атасы кім? (А.Байтұрсынов)
Қазылар алқасы 1 турдың ұпай санын берсеңіздер.
Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді, көп білсе егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады-дей отырып
II.Көкпар ойынының шарты бойынша әр ойыншы ұяшық таңдайды.8 ұяшық бар.Әр ұяшықта 5 сұрақ бар.Дұрыс жауап-10 ұпай.
1-ұяшық
1. Ең үлкен үш таңбалы сан. 2.Сиыр атасы кім? 3.Бес асылды ата. 4.Алтын, күміс тас екен, … 5.Сөз атасы не?
2-ұяшық 1.Ең кіші үш таңбалы сан. 2.Жылқы атасы кім? 3.Әйгілі суретші ата кім? 4.Білімдіге дүние жарық … 5.Су атасы не? 3-ұяшық
1. Ең кіші екі таңбалы сан. 2.Қой атасы кім? 3.Рейхстагқа ту тіккен кім? 4.Болат қайнауда шынығады, … 5.Жол атасы не?

4-ұяшық
1. Ең үлкен бір таңбалы сан. 2.Түйе атасы кім? 3.Аңдардың үйі. 4.Сағынған ер елін аңсайды, … 5. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі 5 асылды ата.
5-ұяшық
1. Ең кіші бір таңбалы сан. 2.Ешкі атасы кім? 3.Құмырсқаның үйі. 4.Қыс – қысыларсың, … 5.Т.Әубәкіровтың ғарышқа көтерілген жылы?
6-ұяшық
1. Ең кіші төрт таңбалы сан. 2.Түйенің төлін қалай атайды? 3.2бірл.5жүзд.8онд қандай сан? 4.Досы көпті жау алмайды, … 5.Ы.Алтынсарин кім?
7-ұяшық
1. 2 жүздік, 5 ондық, 7 бірлік қандай сан? 2.Сиырдың төлі қалай аталады? 3.Шығыстың қос жұлдызы. 4.Күннің шуағы жылы, … 5.Тұңғыш ағартушы.
8-ұяшық
1. 895 санында неше бірлік бар? 2.Жылқының төлі қалай аталады? 3.Қазақтың ғарышкерлері. 4.Қоянды қамыс өлтіреді, … 5.Үш биді ата.
Қазылар алқасы 2 турдың ұпай санын берсеңіздер.
II. Дода ойынының шарты бойынша 4 негізгі пәндер бойынша сұрақтар беріледі. Әр сұрақ 20,30,40,50 ұпайлармен бағаланады. Жауап дұрыс болмаса, қарсыластар қол көтеріп жауап береді.
20 30 40 50
Ана тілі
Қазақ тілі
Математика
Дүниетану

Ана тілі – 20 Төрт түлікті ата. Ана тілі – 30 Халық кегінің күйшісі Ана тілі – 40“Нарбала”, “Дарабоз” атанған батыр Ана тілі – 50 А.Құнанбаевтың әжесінің есімі кім?
Дүниетану – 20 Адам денесінің тірегі не? Дүниетану – 30Географиялық карта дегеніміз не? Дүниетану – 40 Судың үш күйін ата. Дүниетану – 50 Пайдалы қазбалардың 3 тобын ата
Қазақ тілі – 20 В – қандай дауыссыз дыбыс? Қазақ тілі – 30 Түбір сөз деген не? Қазақ тілі – 40 Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата Қазақ тілі – 50 Бастауыш пен баяндауыштың арасына қай кезде сызықша қойылады?
Математика – 20 Фигураның периметрін қалай табады? Математика – 30 Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? Математика – 40 Жұп сан деген не? Математика – 50 Фигураның көлемін қалай табады?
Қазылар алқасы 3 турдың ұпай санын берсеңіздер.
Келді кезің жұмбақтарды шешуге,
Жауаптарын аудар орыс тіліне.
Қазақ, орыс тілін білгенде,
Ұпайларым көбейеді деп тіле.-дей отырып келесі кезеңімізді бастаймыз.
IV.Тіл өнері- 1жұмбақ,2 мақал-мәтелдер жазбаша таратылады.Қалып кеткен сөзді табу,жұмбақты шешу және оларды орысша атау.5ұпаймен бағаланады.
1-оқушы: 1-жұмбақ: Қос қанатын иіп ап, Жарға келіп қонады. Қара киім киіп ап, Балшықтан үй соғады? (қарлығаш-ласточка)
2-мақал: Туған жердей … болмас, Туған елдей ел болмас (жер-земля)
3-мақал: Қол қорқақ … батыр. (көз-глаза)
2-оқушы:
1жұмбақ: Онсыз астың дәмі жоқ,Ассыз оның мәні жоқ. (тұз-соль) 2-мақал:Отан үшін … түс,күймейсің.(отқа- в огонь) 3-мақал:Тау мен тасты су бұзар, Адамзатты … бұзар. (сөз-слово)
3-оқушы: 1-жұмбақ: Жер астында жездем аты кісінейді (сәбіз-морковь) 2-мақал: Көп түкірсе … болар. (көл-озеро) 3-мақал: …-алтын қазына. (кітап-книга)
4-оқушы:
1-жұмбақ: Аяғы біреу, қолы жоқ, Шиыр-шиыр жолы көп. Өзі сөйлей білмейді, Салған ізі сөйлейді. (қалам-қарындаш) 2-мақал: Оқу-білім бұлағы, Білім-… шырағы.(өмір-жизнь) 3-мақал:…-оттан да ыстық. (Отан-Родина)
5-оқушы: 1-жұмбақ: Мөлдіреп екі көл жатыр, Ортада дөңес бел жатыр. (көз бен мұрын-глаза инос) 2-мақал: Ел іші-… бесік. (алтын-золото) 3-мақал:Өнер алды-қызыл … .ү(тіл-язык)
6-оқушы:
1-жұмбақ:Асқар тауда қара орман. (бас пен шаш-голова иволосы) 2-мақал: Ата-асқар тау, …-бауырындағы бұлақ, …-жағасындағы құрақ (ана-мать, бала-сын) 3-мақал: Қыстың қамын … ойла. (жаз-лето)
7-оқушы:
1-жұмбақ:Қылдай белі бүгілген, Өзінен де жүгі үлкен. (құмырсқа-муровей) 2-мақал: Еңбектің … тәтті, жалқаудың жаны тәтті. (наны-хлеб) 3-мақал:Кім … етсе, сол т оқ. (еңбек-труд)
8-оқушы:
1-жұмбақ:Бұлаңдаған құйрығы, Бір алдарлық қулығы. (түлкі-лиса) 2-мақал: Анаға қарап … өсер, Әкеге қарап … өсер. (қыз-девочка, ұл-мальчик) 3-мақал: Арпа,бидай ас екен, … ,күміс тас екен. (алтын –золото)
Қазылар алқасы 4 турдың ұпай санын берсеңіздер.
Ойын толық айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста-дей отырып келесі
V.тур Логикалық тапсырмалар
Логкалық тапсырмалар кезекпен қойылады. Білмей қалса қарсыластар деген сөзден соң, басқа ойыншы жауап беруге мүмкіндік алады.Ұпай сол ойыншыға бұйырады.
1-оқушы: 107-ге дейінгі сандардың ішінен 7-саны неше рет кездеседі? (жауабы: 21 рет)
2-оқушы: Үстел үстінде үш стақан шие тұр.Марат бір стақан шиені жеп қойды.Неше стақан қалды? (жауабы:3 стақан)
3-оқушы: Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы тұр.Бірінші не жағасыз?(жауабы: шырпы
4-оқушы: Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма? (жауабы: алмұрт ауыр)
5-оқушы: Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (жауабы: жоқ)
6-оқушы: Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады? (жауабы: 12 жұмыртқа)
7-оқушы: Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек? (жауабы: 8-ші басқышты)
8-оқушы: Бақытжанның 4 ұлы,олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.Бақытжанның неше баласы бар? (жауабы: 5 баласы бар)
Қазылар алқасы 5 турдың ұпай санын берсеңіздер.
Ұпай санын қорытып болғанша музыкалық нөмір жіберу.
Қорыту: Ұпай сандары арқылы жеңімпаз оқушыны анықтау, марапаттау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *