Басы » Технология » Қолмен кестелеу тігістерінің технологиясы

Қолмен кестелеу тігістерінің технологиясы

Шығыс Қазақстан облысы
Зайсан қаласы
М.В.Ломоносоворта мектебі
Технология пәнінің мұғалімі
Бисарова Алмагүл Макеевна
Сабақтың тақырыбы: «Қолмен кестелеу тігістерінің технологиясы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кесте тігу халқымыздың қолөнері, қол тігістері туралы түсінік беру, орындау әдістерін үйрету
Дамытушылық: Жұмыс барысында оқушылардың шеберлігін, көркемдік талғамдарын арттырып, түстерді кестелеуге шебер қолдана білу, шығармашылық белсенділіктерін дамыту
Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс жасауға, салт- дәстүрді құрметтеп, әсемдікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ- жауап, сарамандық, көрнекілік, сөздік
Сабақтың көрнекілігі: Буклет, ине-жіп түрлері, мата, ою үлгісі, қайшы, іс машинасы, мақал- мәтелдер, кроссворд, тестер, үлгілер
Сабақтың жүргізу барысы:

1.     Ұйымдастыру
а) Оқушыларды түгендеу
б) Құрал-жабдықтарын тексеру
    2. Өткен сабақты қайталау
1. Қолөнер туралы не білесіңдер?
2. Ою-өрнек түрлері( каестедегі)
3. Түстердің үйлесімділігі?
4. Кесте өнері жайлы не білесіңдер?
5. Қолданатын құрал-жабдықтар
3.Тест сұрақтарымен бекіту
 4.ЖАҢА САБАҚ

  • Кесте өнері- сәндік қолданбалы өнердің кең тараған түрі, көп ғасырлық тарихы бар. Қазіргі уақытта ғылыми- техникалық даму( кезеңінде) заманында кесте өнері ұмытылған жоқ, бұрыннанда танымал бола бастады. Қолмен кестелеу шыдамдылықты талап ететін шығармашыл іс. Онда өрнек немесе кескін қолмен ( инемен, бізбен және де іс машинасымен де )әртүрлі маталарға алуан түсті жүн, жібек жіптермен, сондай-ақ моншақтармен кестеленеді. Кестені киімді, тұрмыстық заттарды кестелеу үшін және сәндік панно ретінде қолданады. Шығармашылық көркемдік ерекшелігі, пішіні мен ою- өрнектің үйлесуі. Міне өздеріңіз көріп отырғандай бисерленген понно, лентамен кестелеу, айқас кестелеу және бастырылған кестелеу, әр түрлі жіптермен орындалған изонить( жіппен бейнелеу). Бұлардың әрқайсысының өзіндік орындалу технологиясы әр түрлі.

 

Айқас Шынжырлы Шырша
Тор тігіс Кесте тігіс Түйін тігіс
Көктеу тігіс   Қабырға тігіс

Осы тігістерді тігу арқылы мынандай кесте тігістерін тігуге болады

Біз кесте                                                                  Шым кесте

                                  КЕСТЕ

 

 

 

Моншақ кесте                                                           Баспа кесте

Әр тгістің тігу технологиясия әртүрлі.

Бүгінгі тігетін тігісіміз шышжырлы  тігіс. Оны орындау жолдары мына нұсқау картада көрсетілгендей шынжырлы тігіс.

  1. Ине жібімен бірге матаның оң жақ бетіне 1 нүктеге кіргізіп жіптен ілмек жасаған соң, инені матаға сол нүктеден ілмекке саусақпен басып тұрып өткізесіздер.
  2. Ілмекке тартпай 3 нүктеден өткізіп, жіпті ілмек матаға тегіс жатқызып аласыздар.
  3. Келесі ілмекке жасаған соң, инені матаға 3 нүктеден өткізесіздер.
  4. Матаның өң жағында ілмектерден тұратын тігіс, ал теріс жағында іліп алынған тігіс шығады.

2 жолы: Іс машинада тігу

  1.   Іс машинасын жұмысқа қосу.
  2. Инені тігіске қоямыз.
  3. Реттегішті С әріпіне қосып, тігу ара қашықтығы 1 тігіске қоямыз.
  4. Тігіс тігіп шығамыз.

4. Сарамандық жұмыс. Нұсқау карта бойынша.

5. Қауіпсіздік ережесі ( Іс машинасымен тіккенде, инемен, қайшымен жұмыс істегенде).

6. Қорытындылау.

1. Тест

2 . Не білем? Не үйрендім? Нені үйренгім келеді? Тест сұрақтары арқылы

7. Бағалау «5», « 4», «3»

8. Үйге тапсырма, аяқтау

9. Жұмыс орынын жинақтау

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *