Талдықорған қаласы
№ 14 орта мектеп — гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі
Аппасова Еркежан Жиенбайқызы
Тақырыбы: Наурыз тойы.Заттың қимылын білдіретін сөздер
Сабақтың мақсаты:
Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы алған білімдерін пысықтау, толықтыру, түсініктерін кеңейту. Өлеңнің идеялық мазмұнын ашу. Мәнерлеп оқу машықтарын жетілдіру.
Сабақтың міндеттері:
1 Білімділік: Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздерді сөйлем ішінен тауып, сұрақ қоюға үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушының таным әрекеттерін дамыту(ереже жаттау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.Жаттығу тапсырмаларын орындау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Жазба жұмыстары арқылы сауатты жазуға үйрету). Оқушының сын тұрғысынан ойлауын дамыту арқылы сөздік қорын, байланыс- тырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
3 Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа шығармашылыққа тәрбиелеу.
22 наурыз тойының мәнін түсіндіру. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
4. Психологиялық: Оқушының танымдық үдерісін (процесі) дамыту. Қиял.
Мақсаты: Оқушының қиялын дамыту, ойша көз алдына елестете білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бағалау жұлдызшалары, ребус, үлестірмелі көрнекілік (жұмыртқаның, жүрекшенің суреті ) т.б
Сабақтың типі: сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру мақсатында
Сабақтың түрі: панорамалық сабақ
Сабақта қолданатын технологиясы: сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың әдістері: сұрақ–жауап, әңгіме, ойын, түсіндіру, ізденушілік, шығармашылық тапсырма.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика, өзін-өзі тану, бейнелеу.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу, оқушыларды келген ұстаз қонақтармен сәлемдестіру.
Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Құрметпенен сіздерге
Сәлем бердік біз.
Біздің ұранымыз
Мұғалім Оқушылар
— Әрбір адам ? — туыс, дос, жұрағат.
— Әрбір сабақ ? — үйрену, ұғыну, ұлағат.
— Әрбір ісің ? — тіршілік, тірлік, адамдық.
— Әрбір сөзің ? — шындық, бірлік, адалдық.
Жақсы, олай болса сабағымызға мұқият болайық.
ІІ. Психологиялық тапсырма.
Балалар бүгін күн сенбі – Қиялдау үдерісі (процесі).
Тапсырма: қиял үдерісін дамытуға арналған жаттығу « Сиқырлы жұмыртқа »
Шарты: әр баланың қолына жұмыртқа тәрізді сопақша қиылған қағаз таратылып беріледі. Жұмыртқаны қағаз бетіне өз қиялдарымен толықтырып, қалауы бойынша ойдан бір затты (одан да көп затты ұқсайтыны) бейнелеп салуына болады.
«Сиқырлы жұмыртқа»
Оқушының танымдық үдерісін дамыту.
Зейін. Оқушы зейінін дамытып, зер салып, көңіл аударуға үйрету.
Сандарды кері сана
з ы у н а р
1 2 4 6 5 3
— «Наурыз» сөзі пайда болады
— Балалар наурыз айы жылдың қай мезгіліне жатады?
— Көктем мезгіліне.
— Көктем мезгіліндегі ай аттарын атап беріңіздерші.
— Наурыз, сәуір, мамыр
— Балалар, зер салып тыңдап, көз алдыңызға елестетіңізші. Көктем мезгіліндегі табиғаттан қандай өзгерістерді байқауға болады?
— Балалардың жауаптары …
— Наурыз айында қандай мерекелерді тойлаймыз?
— 8 наурыз.., 22 наурыз…
— Ал, үйге қандай тапсырма берілді?
ІІІ. Үй тапсырмасы.
1. «Наурыз көже» өлеңін мәнерлеп оқу.
2. Наурыз көже қалай жасалатынын біліп келу.
Өлеңді бір оқушыға мәнерлеп оқыту.
-Енді өткен сабақты еске түсірейік
ІV. Өткен сабақты пысықтау. Ереже.
-
Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді: оқыды, жазды, жүгірді.
Қызығушылықты ояту
Өзектілігі: оқушының өткен тақырып пен жаңа тақырыпты ұштастыруы,үйренушінің белсенділігін арттыру, сұраққа жауап беретін сөздерді ажырата білгізу, өздігінен жұмыс істей алу дағдысын қалыптастыру
Слайд
Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер адамдардың, жануарлардың, заттардың атын білдіреді.
Ой қозғау
Өзектілігі: Үйренушінің белсенділігін, танымдық қабілетін арттыру
-Балалар, заттардың қимыл іс- әрекетін білдіретін сөздерді атайық.
Слайд
Заттың қимылын білдіретін сөздер мынадай топтарға бөлуге болады.
V. Жаңа сабақ.
Мағынаны тану
Өзектілігі: заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздер тақырыбынан алған білімдерін жаттығу орындау арқылы пысықтау, толықтыру.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:Наурыз тойы.Заттың қимылын білдіретін сөздер.
Бүгінгі күн жадын жазу:
Наурыздың он бесі
Сынып жұмысы
Көркем жазу минуты Өткен сабақта (Мм-үнді, ерін дауыссыз дыбысы)
Нн- үнді, тіл ұшы дауыссыз дыбысы. Нн дыбысының айтылу артикуляциясына көңіл бөлу, оқушыларға бірнеше рет қайталату.
Ауада жазу: Нн Нн Нн
Дәптерге жазу: Нн Нн Нн…
Наурыз-жыл басы
Оқулықпен жұмыс. 129-130 беттер
114-жаттығу.
1. Сұрақтың орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
2. Заттың қимылын білдіретін сөздердің астын сызыңдар.
Сергіту сәті.
Наурыз тілек (оқушылар айтып тұрғанда слайд көрсетіледі)
Наурыз тойы салтымыз
Аман болсын халқымыз
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Әдеби мәтін бөлімі бойынша Әдібай Табылды атамыздың «Наурыз тойы» өлеңімен танысамыз. Автор туралы түсініктеме беру:
Әдібай Табылды –1926 жылы 2 қаңтарда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген. Ақын, ғалым, педагогика ғылымының докторы. Ол көбінесе мектеп балаларына арнап өлеңдер, ертегілер жазған. Оның «Әдеп әліппесі» атты оқу құралы мектептерде жеке пән ретінде пайдаланылады. (1997ж).
«Наурыз тойы» өлеңді мәнерлеп оқып, идеясымен таныстыру.
-
Наурыз тойы дегеніміз қандай той?
-
Наурызда қандай игі істер атқарылады ? …
-
Өлеңді тізбектей оқыту.
ҮІ. Жаңа сабақты қорыту:
Шығармашылық жұмыс
Өзектілігі: өз бетімен тақырыпты дәлелдеудің жаңаша нұсқауын орындау.
Тапсырма: 22-наурыз Ұлыстың ұлы күніне тілек айту(жүрекшеге жазу, барлық жүрекшелерді үлкен бір жүрекшеге тоғыстыру)
Аспанға қарап ай көрдім.
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім!
-Балалар, Ұлыстың ұлы күні елімізге жақсы тілектер тілейік. Көптің тілеуі қабыл болсын!
VІІ. Сабақты қорыту.
— Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
— Не оқып, не үйрендік?
VІІІ.Үйге тапсырма. «Наурыз тойы» өлеңін жаттау. 115-жаттығу 129-бетте
ІХ. Бағалау. Жұлдызшамен бағалау.
Сабақ үстінде 1»г» сынып
[bws_related_posts]
Кеш жарық! Менің сіздерден осы сабағымның жарияланғанын растайтын құжат немесе сертификатты электронды түрде ала аламын ба? Жауап күтемін. Еркежан Жиенбайқызы
иә, ала аласыз!