Басы » Биология » Сүйекті балықтар

Сүйекті балықтар

балықШығыс  Қазақстан  облысы
Тарбағатай   ауданы
№2 Ақсуат  орта  мектебі
Секенова  Меруерт   Зейноллақызы
Сабақтың  тақырыбы :Сүйекті балықтар

Сабақтың мақсаты :
Сүйекті  балықтардың  сыртқы  және  ішкі  құрылысымен  және олардың сулы ортада  тіршілік  етуіне байланысты  биологиялық ерекшеліктерімен таныстыруға және сүйекті балықтарға тән белгілерді оқып үйренуге жағдай жасау .
Сабақтың әдістері :
«Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»                      бағдарламасының стратегиялары , ақпараттық технология .
Сабақтың көрнектілігі :
Балық қаңқасы , балықтардың жеке мүшелері жүйесінің сызбанұсқалары ,
« Сүйекті балықтар» слайд .
Сабақ барысы :
Оқушыларды ұйымдастыру : сабаққа дайындығын тексеру , оқушылар назарын сабаққа аудару , оқушыларды топқа бөлу .
1-    Топ
2-    Топ
3-    Топ
4-    Топ
Жаңа сабақ : Сүйекті балықтар
    I.            Қызығушылықты ояту сатысы :
Өлеңдегі жасырын  сөзді табу арқылы  жаңа сабақтың тақырыбын ашып  аламыз, осы жұмбақ арқылы бүгінгі өтетін жаңа сабақ не туралы болатынын  ой саламыз .
Қанаты бар ұшпайтын
Сусыз жерде тұрмайтын
« Өзен жағалағанның  өзегі талмас» — деген халық,
Желбезекпен  тыныс алатын ол.
Оқушылар жасырын сөздің       «Балық»   екенін айтады .
Үй тапсырмасын биологиялық диктант арқылы сұраймын . Алдарына  биологиялық диктантты таратып беремінде , бос жерге тиісті сөздерді қойып  диктантты аяқтайды . Соңынан  дұрыс жауабын интерактивті тақта арқылы тиісті сөздерді орнына қояды .
Балықтарды  зерттейтін  ғылым  ихтиология . Омыртқалылардың денесінде  бас , мойын , тұлға , құйрық  және  екі жұп  аяқтары болады .  Дене  температурасы  тұрақты  омыртқалылар  жылықанды жануарлар   деп аталады . Акуланың  иіс сезу мүшесі өте  жақсы  дамыған . Шеміршекті балықтардың  қаңқасы  шеміршектен түзілген  . Шеміршекті балықтардың денесін  плакоидты қабыршақтар  қаптайды . Шеміршекті  балықтар  2 класс  тармағына :  тақтажелбезектілер және тұтасбастылар   деп бөлінеді .
Балықтар туралы  видео фильм көрсетіледі.

II.            Мағананы ажырату :
Б.Б.Ұ. стратегиясы арқылы :
Балаларға  алды менен  мына сұрақты  қоямын :
—         Сүйекті  балықтар туралы не білесіңдер ?

  • Білетіндерін дәптерлеріне мына кестеге толтырады :
 

Білемін

 

Өздерінің білетіндерін дәптерлеріне жазып ,  әр  топ ішінде талдап  , өздерінің ішінен  бір оқушы  интерактивті тақтаға  жазады .

 

Келесі жаңа сабақты ары қарай  сұрақпен жалғастырамын :

—         Сүйекті  балықтар туралы  не білгілерің  келеді ?

Білгісі  келетін сұрақтарын мына кестеге толтырады :

 

Білемін

 

Білгім  келеді

 

Өздерінің білгісі  келетін сұрақтарын  дәптерлеріне   жазып , әр топ ішінде талдап  , өздерінің ішінен  бір оқушы  интерактивті тақтаға  жазады .

 

Кітапты  ашып ,  жаңа  тақырыпты  оқып  шығады да , ұққандарын  мына   кестені  аяқтап толтырады :

 

Білемін

 

Білгім  келеді

 

Ұқтым

 

Өздерінің   ұққандарын   дәптерлеріне   жазып ,әр  топ ішінде талдап  , өздерінің ішінен  бір оқушы  интерактивті тақтаға  жазады .

 

  1. III.            Ой толғаныс :

Сабақты  бекіту үшін  мына кестені толтыруға алдарына таратып беремін .

 

Сүйекті  балықтар

 

Шеміршекті  балықтар

 

1,2,4,8,11,12,14.

 

3,5,6,7,9,10,13,15,16.

 

1 . Қортпа , шоқыр , пілмай , латимерия , бахтах.

2. Сырттай  ұрықтанады .

3 . Торсылдағы болмайды .

4 . Торсылдағы болады .

5 . Тұмсығы  алға  созылыңқы .

6 . Іштей ұрықтанады .

7 . Тоқішегі  жуан , ішкі жағы  қатпарлы .

8 . Терісі  ірі қабыршықтармен қапталған .

9 . Терісі плакоидты қабыршықтармен  қапталған .

10 . Клоакасы бар.

11 . Желбезегінің  сыртында сүйекті  қақпағы бар .

12 . Аналь тесігі  бар.

13 . Желбезегінің  саңылаулары тікелей  сыртқа  ашылады .

14 . Уылдырығының  саны көп.

15 . Уылдырығының саны аз .

16 . Жұпбалық , тұтасбас , акула .

Сабақ  соңында бағалап , үйге тапсырма беріледі .
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *