Басы » Информатика » Информатика. Ақпарат

Информатика. Ақпарат

ақпаратҚостанай облысы
Әулиекөл  ауданы
Тимофеев ауылы
Тимофеев орта мектебі
Информатика пәнінің мұғалімі Абдильдина Ж.М.
Тақырыбы:  Информатика. Ақпарат.
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін  тексеру, өткен тақырыптарын тексеру.

Оқушылардың ойлау қабілетін және шығармашылық қабілетін  дамыту. Информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Оқушылардың қарсыласын  құрметтеуге және жеңіске деген құштарлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:  Сайыс сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта және презентация. Карточка.
Сабақтың барысы.
I.                  Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздерме оқушылар.
Жалпы бүгінгі біздің сабағымазды сайыс түрінде  өткізуге жөн көрдік. Бүгінгі сабақ барысында алған білімдерімізді  тексереміз, өткен сабақты қайталап шығатын боламыз. Ұпай  житондармен беріледі, көп жинаған топ жеңіске ие болады. Олай болса  сайысымызды бастайық.
Презентацияны бастау.
Топты 3 бөлеміз:
1 топтың аты- «Интернет» тобы
2 топтың аты- «Ақпарат» тобы
3 топтың аты- «Компьютер» тобы
Сайыстың шартымен таныстыру.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
Сәттілік кезеңі
Шешімін тап
Дұрыс жауапты тап
Байқағыштығынды байқат.
Анықтама бер.
Сәттілік кезеңде
3 топқа бірдей  10 сұрақтан тұратын карточкалық тапсырма беріледі. Оқушылар топпен жұмыс істейді, сұрақтарға жауап береді. Жауаптары дайын болған сон, топ  мүшелері сұрақтарды қарсылас тобымен ауыстырып, экранға шыққан дұрыс жауаптармен салыстырады. Толық және дұрыс жауап берген топ- 3 ұпай, жарытылай жауап берген топ-2 ұпай, жартыдан аз  белгілеген топ-1 ұпайға ие болады.
Шешімін тап кезенінде
Қай топтың ұпай саны көп болса сол топ ойынды бастайды. Жасырылған  жұмбақтың  жауабын шешу керек және  сол жұмбақтың шешімі бойынша  шыққан сөздің қызметін айтуы тиіс. Әр жұмбаққа 1  ұпай (жұмбақтар интерактивті тақтадан беріледі, дұрыс жауабын айтқаннан кейін сол жұмбақтың жауабы сурет ретінде шығатын болады)
Батырманы басасын, қажетті құжатты ашасын  (тышқан)
Экранның бетінде оның тұрағы, қашан болса да жыпылықтап тұрады (меңзер)
Компьютермен енеді, қағазға басып береді. (принтер)
Ақпаратты сақтап таратқан, жұртты өзіне қаратқан.(компьютер)
Төрт бұрышты әйнек, тұнып тұрған әлек (монитор)
Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын,
Ойланып білгіш болсаң жауап берші,
Қалай деп аталады оның аты? (тышқан)
Жұмбақты дұрыс шешкен топ-1 ұпайға ие болады.
Дұрыс жауапты тап кезеңінде—  оқушылар информатика кабинетінде қолданылатын қауіпсіздік ережесін айтып кету керек, сонымен қоса көрсетілген суреттердің қайсысы дұрыс, қайсысы дұрыс емес екенің көрсетуі керек (суреттер тақтадан көрсетіледі, топтар бірігіп жұмыс істейді. Дұрыс тапқан жауапқа- 1 ұпай)
Сергіту сәті: Оқушылар тақтадан көрсетілген көзге арналған сергіту сәтін қайталайды.
Келесі кезең байқағыштығынды байқат— бұл кезеңде тақтада екі түрлі суреттер көрсетіледі, ең көп дегенде  10 айырмашылықты табу керек.Ең жоғарғы баға- 5 ұпай (суреттер көрсетіледі, оқушылар ортаға шығып тақтамен жұмыс істейді).
Соңғы кезең анықтама бер кезеңі— бұл кезеңде оқушылар өз топтың атына шағын ғана шығарма жазады (топтың атауын, ол не үшін қолданылады, қайда қолданылады, адам өмірінде маңыздылығын айтып кету керек)
II.              Сабақты бекіту. Сонымен оқушылар біз бүгінгі сабақта өткен тақырыпты  жақсылап қайталадық, ойларымызды түйіндедік.
Сабақ сонында оқушылардың жинаған житондарын санап, жеңген топты анықтау.
—                     Сайыс сабағы сендерге ұнады ма?
—                     Несімен ұнады?
Балалар сабақты мына бір өлең жолдарымен аяқтайық:

Компьютер сенің көмекшін,
Қаламын әрі қағазын,
Керек емес демесең
Аздаған болса хабарын,
Үйрену керек бәрін де.
Ақпаратты заманның— дей отырып бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

III.           Бағалау.
Сабақта белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймыз. Кім қандай баға алғаның айтып кету.

—                     Сабақ аяқталды.
—                     Сау болыңдар.

  • [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *