Басы » Бала бақша » 7 саны мен цифры

7 саны мен цифры

7МКҚК №2 «Жанар» балабақшасы.

Білім беру саласы: Таным, Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Математика Көркем әдиебие

тәрбиешісі: Досбергенова Ж.А 

Білім беру саласы:     Таным, Әлеуметтік орта, шығармашылық.

 

Ұйымдастырылған оқу іс — әрекеті:         Математика

Тақырыбы:   7 саны мен цифры

Мақсаты:

Білімділігі: Балаларды 7 санымен, цифрымен таныстыру. 7 санының құрамны анықтату.Өрнек құра білуге үйрету.Апта күндері және «Жеті қазына» туралы мағұлмат беру.

Дамытушылығы:Балалардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік:Балалардың бос уақыттарын тиімді өткізуге, халық даналықтарын білуге,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:7  саны мен цфры

Керекті құрал:слайд. Әліппе дәптер, халық даналығы туралы мәлімет.

Әдіс – тәсілдер: айту, түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, ой қозғаумадақтау, қорыту.

 

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс — әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотиватция-лық қозғауыш —          Балалар бүгінгі біздің оқу іс әрекетіміз ерекше болмақ, біздерге көптеген апайлар қонаққа келіпті қане солармен амандасайық.

 

Шаттық шеңбері.

 

Жыл мезгілін сұрау:

—          Қазір жылдың қай мезгілі?

—          Күз мезгілінде неше ай  бар, қандай айлар?

—          Күз мезгілінің ерекшілігі қандай болады?

—          Күз мезгіліне байланысты тақпақты кім біледі?

—          Бір апта неше күн бар, қандай күндер?

—          Бүгін аптаның қай күні? Өте жақсы балалар. Бүгін бізде математика оқу іс әрекеті.

Өткен оқу іс әрекетін еске түсіру. Тура кері сану логикалық есеп шығарту.

 

 

 

 

 

 

1,2,3,4,5,6 – 6,5,4,3,2,1

 

Логикалық есеп:

1.Екі  сиырдың мүйізі қанша?

2.Бір мысықтың  аяғы қанша?

3.Бес қойдың басы нешеу?

4.Үш адамның  қолы нешеу? – өте жақсы балалар жақсы жауап бердіңдер.

Балалар шаттықшеңберін жақсы айтты.

Жеті бірдей өрнекбіз,

Жеті түрлі өлеңбіз.

Жеті түрлі бояумыз,

Жеті түрлі әуенбіз.

Үлкендерді құрметтеп,

Баршаға сәлем береміз.

 

—          Қазір жылдың күз мезгілі

—          Күз мезгілінде үш ай бар. Қыркүйек қазан қараша

—          Күз мезгілінде ағаштардың жапырақтары түсіп, күн суытып, жаңбыр жауад, адамдар жылы ким киеді, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

 

Әлібек:

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая-мая қызыл мидай
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылыс берген сыйдай.

 

Бейбіт тура және кері санайды 1- 6 ға дейін саманамақ айтады

 

Балалар логикалық есептің шешуін таптты.

  1. Екі сиырдың мүйізі төртеу.
  2. Бір мысықта төрт аяқ бар.
  3. Бес қойдың басы бесеу.
  4. Үш адамның қолы алтау.
Іздену – ұйымдасты-рушы Балалар бүгінгі біздің жаңа сабағымыз 7 саны мен цифры. Балалар жұмбақ шешкілерің келе ме? Олай болса мұқият тыңдаймыз.

Жұмбақ:

 

Жарқылдан соң жаңағы,

Суға бөктi бар алап.

Көкте түрлi жолақты,

Өрнек тұрды ғаламат!

 

—          Өте жақсы балалар қане кім маған айтады кемпір қосақтың неше түсі бар?

—          Кім құрастырып береді? /электронды тақтадан құрастырып береді, түстерін атап шығады/

—          Өте жақсы балалар кемпір қосақты дұрыс құрастырғандарың үшін бізге сыйға 7 санын беріп отыр. Қараңдаршы 7 саны неге ұқсайды ?

—          Өте жақсы дұрыс айтасыңыздар.

 

7 саны қазақта киелі сан болып аталады оның  құрамы 7 бірліктен тұрады. /балаларға жеті таяқшаны салып оны санатып түсіндіру/ Қараңыздар неше таяқша бар? 7саны шықты.

1 тапсырма:Ал енді алдымыздағы дәптерге қарайық ненің суретін көріп тұрсыңыздар? Орманда нені көріп тұрсыңдар?

Неше саңырау құлақ бар?

Қоян нешеу?

Тиын нешеу?

Қанша шырша бар? Орманның ішінде қандай сандар бар?

Неше құмырсқаның жүгі жоқ?

олай болса әр затты өз түсіне айтайықшы, шырша қандай түсте болады?

2 тапсырма: Есеп шығару.

/Слайд арқылы есеп шығарып түсіндіру/

Балалар экранға назар аударайық не көріп тұрсыңдар?

Неше қабатты үй?

Үйдің шатырында неше саны тұр?

Үйдің әр қабатында нелерді көріп тұрсыңдар? Ең жоғарғы қабатында неше доғңғалақ бар ол қандай түстімен белгіленген? Мінекей балалар 7 санының құрамы. Енді алтыншы қабатын қарайық, онда неше доңғалақ қызыл түстімен белгіленген, нешеуі көкпен белгіленген? Қызыл доңғалаққа бір көк доңғалақты қосқанда барлығы қанша болды? / одан әр қарай есепті шығарту/

Мынау неше қабатты үй? Үйдің шатырында неше санын көріп тұрсыңдар? Төртінші қабатында қанша доңғалақ қызыл түстімен белгіленген. Үшінші қабатын қарайық, 3 қабаттың әр терезесінде нелер бар? Олай болса балалар, үш қызыл доңғалаққа 1 көк доңғалақты қоссақ қанша болады? /есепті одан әрі шығару./

Енді балалар қай үй биік, қай үй аласа?

биік үйдің қабатты көппе, аласа үйдің қабатты көппе?

Оң жақта 3 Жапырақ  бар, сол жақта 4 жапырақ бар қай жақтағы жапырақ  көп?

Жоғары жақта 7 қоян бар

Астыңғы жағында 7 сәбіз бар қайсысы көп?

 

Сергіту сәті:

 

3 тапсырма: балалар бұл не? Ия дұрыс айтасыңдар бұл тиын жаңғақтарын орманнан теріп себектеріне бөліп сала алмай тұр, оған біздің көмегіміз керек екен сіздер көмектесесіңдер ме?

Бір себекте 4 жаңғақ тұр ал екінші себекте неше жаңғақ болуы керек?

/есепті одан әрі шығару/

4 тапсырма: мінекей қараңдаршы шаңғы теуіп жүрген баланеге ұқсайды екен? олай болса бояйық. Балаларға 7 санының жазылуын түсіндіру. /ауада салып көрсету, тақтада салып көрсету./

Ой қозғау стратегиясы.

Балалар экранға назар аударайықшы қане

7 санына, 7 санын қазақтар киелі сандар дейді, қане 7 санына байланысты көптеген қазақтың ырымдары бар екен.

Жеті шелпек не үшін пісіріледі?

 

 

Апта апайдың қанша балалары бар?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеті атаңды айт.

 

 

 

 

Жеті қазынанға нелер жатады?

 

 

 

Өте жақсы балалар мінекей барлықтарыңда дұрыс айтыңдар жарайсыңдар.

Балалар жаңа оқу іс әрекетін мұқият тыңдап отырады, сондай – ақ жұмбақ шешуге ат салысады.

 

 

 

 

 

 

(Кемпiрқосақ)

 

Ақзере

7 түсі бар

 

кемпір қосақтың түсін атап құрастырып береді.

 

 

 

 

 

Әр бала өз ойын айтады.

 

 

 

Балалар мұқият қарап отырды.

 

 

 

Балалар орманның суретін көріп тұрғандарын айтады.

Балалар  суреттегі көргендерін айтады.

 

Айбану

4 саңырау құлақ бар.

1 қоян.

1 тиын.

5 шыршы бар. Орман ішінде 5,6,7 сандары бар.

 

7 құмырсқаның жүгі жоқ?

Балалар әр заттың өз түстерімен ажыратып айтады.

 

 

 

Көпқабатты үй.

7 қабатты үй.

Үйдің шатырында 7 саны тұр.

Үйдің әр қабатында доңғалақтар бар.

 

6+1=7 5+2=7 4+3=7

3+4=7 2+5=7 1+6=7

 

 

 

 

Бұл 4 қабатты үй

Үйдің шатырында 4 саны бар

Тқртінші қабатында 4 қызыл түстімен белгіленген.

 

 

3+1=4 2+2=4 1+3=4

 

7 қабатты үй биік, 4 қабатты үй аласа

Биік үйдің қабаты 7, ал аласа үйдің қабаты 4 сондықтанда  7 қабатты көп

4>3

7=7 екеуі де тең

 

 

 

Сергіту сәтін балалар музыка ырғағымен жасайды.

Бұл тиын.

 

Балалар көмектесуге дайын екендерін айтады.

4+2=6 3+3=6 1+5=6 0+6=6

 

 

 

Балалар 7 санына ұқсайтынын айтты.

 

Балалар 7 санын дәптерлеріне жазғызу.

 

 

 

Балалар экранға назар аударып 7 санына байланысты қазақтың ырымдарын айтып береді. Әр бала өз ойын айтады.

 

Жансая

Бұл жеті шелпек. Бұны анамыз жасап пісіреді. Оны отбасымыздың амандығы үшін әр жұма сайын пісіріп таратады.

Аяулым апта апайдың 7 ұлы бар екен.

Ең салмақты, ақылды ұлы Дүйсенбі. Парасатты және байыпты екінші ұлы Сейсенбі.

Ақылды әрі көмекшіл үлкен қызы Сәрсенбі.

Жауапты да ұқыпты ортаншы үлы Бейсенбі.

Бәрінен де күшкене Жұма қызы сүйікті. Сауықшыл да көңілді ұлы Сенбі. Демалғанды сүйетін кіші ұлы Жексенбі.

Жаңай

Жеті атасын білген ер,

Жеті елдің қойын жер.

Әке. Бала. Немере. Шөбере. Шөпшек. Немене. Туажат.

Ақниет

Бұл қазақ халқының жеті қазынасын білдіріп тұр. Ер жігіт. Сұлу әйел. Білім. Жүйрік ат. Алғыр тазы. Қыран бүркіт. Берен мылтық.

Рефлексті корекцияла-ушы Балалар бүгін бізде қандай оқу іс әрекеті болды? Қандай санмен таныстық? Нелер шығардық? 7 санына байланысты қандай заттар бар? Әр бала өз ойларындағысын айтып береді.

 

 

Күтілетін нәтеже:

Нені білуі керек:балалар 7 санымен цифрын білу керек.

Нені игереді :балалар 7 санына байланысты көптеген есептерді шығарып игерді.

Нені біледі:балалар қазақтың салт дәстүрлерін ырымдарын біледі.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *