Басы » Информатика » Информатика пәнінің алғырлары

Информатика пәнінің алғырлары

Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы
Қаратоғай ауылы
Қаратоғай орта мектебі
Тугельбаева Инара

Сабақтың тақырыбы: Информатика пәнінің алғырлары

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық  сауаттылығын дамыта отырып, олардың  пәнге  деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа  тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың типі: қайталау сабағы

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: тест, сұрақ – жауап, практикум, көрсете баяндау, топпен және жеке жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:

— Интерактивті тақта

Cабақтың барысы:

  1. 1.     Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар өз орындарына отырғызылады. Әр топта 4 оқушыдан болады.

Мұғалім:

Сәлеметсіндерме оқушылар.

Біздің бүгінгі өткізілгелі отырған сайыс сабағымыз  «Ақпараттық–коммуникациялық технологиялар» тарау бойнша өткен білімдерімен байланысты. Сендердін алған білімін ойын элементтері арқылы тексеремін. Өздеріңіз көріп отырғандай 2 тобымыз 4 оқушыдан құралған. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар. Балалар, алдарында бағалау парағы жатыр. Бүгін өз-өзімізді бағалаймыз.Тапсырма орындап біткеннен өздеріне баға қоясындар.

 

Сайыс шарты мен өтуі:

Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

1. шешімін тап.

2. Сәттілік кезең.

3. қатені тап. Берілген мәтінде қатені тап.

4. Байқағыштығыңды байқат.

5. Компьютермен жұмыс.

 

1 кезенде үй тапсырмасын тексесереміз. Тест. Компьютерді ашамыз және дурыс жауаптарын белгілейміз. 5 мин. Слайдта дұрыс жауаптар көр.сетіледі

 

2 кезең. 6 мин

  1. қарапайым графикалық редактор.
  2. қарапайым мәтіндік редактор
  3. калькулятор дегеніміз не
  4. пайт бағдарламасын қалай іске қосамыз
  5. Әрекетті орындатпау үшін қандай команданы орындаймыз?
  6. Paint бағдарламасында суретті сақтау үшін қандай команда орындалады?
  7. WORDPAD мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз.
  8. Блокнот
  9. Оны іске қосу үшін мына әрекеттерді орындаймыз.
  10. Мультимедиа
  11. Кәдімгі мәтін
  12. Құжатты  сақтау  үшін не қажет
  13. 13.                       Құжатқа дайын сурет қорын кірістіру үшін  не қажет
  14. 14.                       Кесте
  15. 15.                       Жол
  16. 16.                       Баған
  17. 17.                       ұяшық

3 кезен. «Қатені тап» 5 мин

берілген мәтінде қатені тап.

Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.

1 топ:

2)                Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторы шығар. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді  есте сақтаймын. Өз жұмысымның нәтижелерін мен векторлық  .bmp форматында сақтаймын.

Жауабы: 3 қате жіберілген

1. Word графикалық редактор емес

2. Word-та суреттің кез келген бөлігін бояу оңай емес

3. Графикалық bmp форматы векторлық форматқа жатпайды.

2 топ:

Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.

  1. Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын

Жауабы:  8 қате жіберілген

1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет

2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі

3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылыды

4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады

5. Сәтінді басып алу үшін  принтерге қағаз салады

6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққалқан керек

7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады

8. Плоттердің екінші аты – графиксызғыш құрылғы

 

4-кезең. Байқағыштығыңды байқат!!! Бұл кезеңде берілген суреттердің құрамын табу керек. Ворд пат және пайнт редакторларының диалогтік терезесі беріледі.

меню жолын және  пішімдеу панелін атап шығындар

 

5 кезен Компьютермен жұмыс

Шеңбер  мен қисық  сызықты  пайдалана  отырып, шәйнектің  суретін  сал.10 мин

1 топ

Ішінде-су,

Үстінде-бу.

Тоймай жұпар  иісіне,

Ішесің  сүйсіне.

2 топ

Сызық  құралын  пайдаланып,   өрмекшінің  торын  сал.

Жұмыс  істеп  ұзақ,

Өрмекші  құрды тұзақ,

Болмады  бірақ  күткені,

Оған ешкім  түспеді.

Шығармашылық жұмыс

Мен болашақта…!  тақырыбына шағын шығарма жаз.

 

а) Қаріп түрі — Times New Roman, қаріп өлшемін – 16, шығарма тақырыбын ортаға турала және қалың жазумен жаз.

Ә) Мәтінді пішімде және суреттер кітапханасынан шығарма тақырыбына сай сурет кірістір.

б) Құжатқа өз қалауыңша уақыт пен күнді қой. Құжатты өз атыңда сақта.

в) флеш- жадына сақта.

Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті.  Сендердін алдарында ағаштың сүреті ілеулі тур, бүгінгі сабақтан қандай әсер алдындар соны стикерге жазып ағашқа жапсырындар.

Бағалау парақтарынды тапсырындар. Баға қойылады.

Үй тапсырма: осы тараудан бір тақырыпты алып реферат жазып келіндер.

(ЖҮКТЕУ)

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *