Ерғали Бахыт Кәрімқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
ЖББ М. Мирманов орта мектебі
БҚО Жаңақала ауданы Бірлік ауылы
Сабақтың тақырыбы: 7 санының құрамы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың 7 саны туралы білімдерін қалыптастыру, 7-нің мұсылман елдерінде қасиетті саналатыны туралы түсінік беру. Оқушылардың байқағыштық қабілетін дамыту, танымдық ойындар ойнату арқылы ойлау, есептеу дағдыларын қалыптастыру. Білімге деген құштарлықтарын арттыру, ынтымаққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: 7 санына байланысты кестелер, моншақтың , доптың суреттері. Түрі: ойын сабақ Әдісі: көрнекілік . Сабақтың барысы.
l. Ұйымдастыру кезеңі. 1) Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 2) Үй тапсырмасын тексеру. ll .Жаңа материалға дайындық . –Кеше біз қандай санмен таныстық? — 7 санымен . – 7 санымен қатар жеті ұғымымен де танысып едік. – Жеті күн, жеті ата, жеті жұт т.б. –Осы аталған ұғымдарды кім жеке-жеке атап береді? Жеті күн: Бүгін, ертең ,бүрсігүні ,арғы күні, ауыр күн, соңғы күн, азына. Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Жеті ата: Бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата. Жеті жұт: Құрғақшылық , жұт, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала. 3) Сандар қатарын тура және кері сана. 0,1,2,3,4,5,6,7… 7,6,5,4,3,2,1,0 4) 6,5,4,3,2 сандарының құрамын қайталау. lll . 7 санының құрамын түсіндіру. Кәне, балалар жұмбақ шешейік? Салтанат болса бесте, Бақытжан болса екіде, Екеуін қоссаң шырағым, Сәулеттің жасы шығады. Осы жұмбақтан өрнек құрастырамыз. 5+2=7 өрнектің мәні. Яғни, 7 саны 5 пен 2-нің қосындысы. IV. Сергіту сәті. Жалғыз саусақ тіпті де, Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті: Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды. Өнерлі екен он саусақ: Қала салсақ , жол салсақ . V. Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма. Моншақтарды түстеріне қарай ажыратып санау арқылы мәні 7 болатын теңдіктер құрастыру. Қосылғыштардың орнын ауыстырып айтуға да болады.
Жұмыс дәптеріне 6, 7 сандарын әдемі етіп жазу. 2-тапсырма. Доптарды санай отырып теңсіздіктер құрастыру.
4 > 3 4>2 7>6
3 < 4 2<4 6<7
3-тапсырма. «Жеміс жинау» ойыны арқылы теңдіктер құрастыру.
7-2=5 5+2=7
4-тапсырма. Сандар құрамын анықтау.
7 7 7
5-тапсырма. Оқушылар өз бетімен дәптерге орындайды.
6-тапсырма. Сандар қатарын жалғастыр.
Оқушылардың байқағыштығын анықтауға болады.
VI. Сабақты қорытындылау.
«Орныңды тап» ойыны жүргізіледі 0,1,2,3,4,5,6,7 топшамалардағы сандарды оқушыларға үлестіріп беру ретімен өсу және кему ретімен жүргізіледі.
7=1+6 7=0+7 7=3+4
7-нің құамын осылайша теңдіктер түріне келтіру көзделді.