Өткен шақ

Ақтөбе облысы, Алға қаласы В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аклбекова Назыгул  Абиевна

Сабақтың тақырыбы: Өткен шақ.
Сабақтың мақсаты:
1.Біліміділік: Өткен шақ қимылдың іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенің білдіретінің түсіндіру.
2. Дамытушылық: Балалардың сауытты жазу дағдыларын жетілдіру, сөз байлығын, сөйлеу мәдениетін, ойлау естеу сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Ізденімпаздықты, ұқыптылықты, жауапкершілікті түсіне білуге, ұжымшылдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаттығу жұмыстары, шығармашылық тапсырмалар орындау.
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, суреттер, плакат.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу.
Тілді жаттықтыру (сұрақтарға жауап беру)
Бүгін қай күн?
Қазір қандай сабақ?
Біз қай тілде сөйлейміз?
Бүгінгі күн қандай?
Қазір көңіл-күйіміз қандай?
Әрбір адам? (туысым, досым)
Әрбір сабақ? (үйрену, ұғу)
Әрбір ісін? (тірлік, тірек, адамдық)
Әрбір сөзін? (шыңдық, бірлік, адалдық)
Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен бастайық, әрбір ісімізге мұқият болайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
30 жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құру.

ІІІ. Сұрақ – жауап.
Балалар, жылдың қай мезгілі? (қыс)
Қыста ауа райы қалай өзгереді?
Күн суытады, қар жауады, боран соғады, қырау түседі, аяз шымшылайды, су қатады.
Енді өздерін айтып шыққан сөздерін сөз таптарының қайсысына жатады.
Етістік.
Етістік дегеніміз не?
Етістіктің жіктеліуі?
Етістіктің неше шағы бар?

ІҮ. Жаңа сабақ.
Ребус шешу.

Бүгін өтетін жаңа сабағымыз тақырыбы: «Өткен шақ». Өткен шақ етістіктер, іс-әрекеттің бұрын болғанын білдіреді: оқыды, келіпті, жазыпты.
Өткен шақ етістіктер не істедім? не істедің? не істеді? деген сұрақтарға жауап береді.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу.
Тоқыды, салды, барды. Осы сөздерді жекеше түрде жіктеп жазу. (үш қатар)
Берілген сөздерге осы шақ және өткен шақта сөйлем құрау.

Өткен шақ Осы шақ
Мүғалім
Тігінші
Балалар

Оқулықпен жұмыс. 31 жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, қарамен жазылған етістіктер қашан болған істі білдіріп тұр?
32 жаттығу. Жіктеуді сәйкестендіріп жаз.

Мен биле ді
Сен биле дім
Сіз биле дің
Ол биле діңіз
Біз биле діңіздер
Сендер биле ді
Сіздер биле дік
Олар биле діңдер

34 жаттығу. Әңгімені көшіріп жазып, алғашқы екі сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау.
Етістіктерді тауып, қай шақ екенің айту.
Аяжан атасының ауылына келді. Жолда оған Ораз кездесті. Ол Аяжанды атасының үйіне дейін апармақ болды. Аяжанның ауыр чемоданын көтеріп алды.
«Тез ойла, сөз ойла» ойынын ойнап жіберейік.
І қатар.
… құлындайды. (Бие)
ІІ қатар.
… қоздайды.(Қой)
ІІІ қатар.
… боталайды. (Түйе)
35 жаттығу. Екі бағандағы етістіктерді салыстырып олардың бір бірінен өзгешеліктерін дәлелдеу.

танысты танысып жатыр
үйренді үйреніп жүр
шақырды шақырып тұр
тыңдады тыңдап отыр

Ү. Сабақты бекіту.
Төмендегі шартты белгілерді пайдаланып, сөйлем құрастырып жазу. Етістікті өткен шақта жазу.

мен
сен
сіз
ол
біз
сендер
сіздер
олар
не істедің? не істедім? не істеді?
анама .
серуендеуге .
«мөлдір бұлақ» журналына .
қызықты кітап .
ҮІ. Үйге тапсырма.
36 жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жазбаша жауап жазу.
ҮІІ. Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *