Басы » Биология » Моногибридті будандастырудағы тұқым қуалау заңдылықтарыбет 248

Моногибридті будандастырудағы тұқым қуалау заңдылықтары

 РАХЫМЖАНОВА АҚМАРАЛ ДАУЛЕТХАНҚЫЗЫ
Шығыс Қазақстан облысы,Тарбағатай ауданы,Кіндікті ауылы
              Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі
Моногибридті будандастырудағы тұқым қуалау заңдылықтары
Сабақтың тақырыбы:§ 37 Моногибридті будандастырудағы тұқым қуалау заңдылықтары
Сабақтың мақсаты:А) Оқушыларды гибридологиялық зерттеу әдісімен,гинетикалық ұғымдармен және терминдермен таныстыру. Гинетикалық ұғымдардың негізін түсіндіру.Г.Менделъдің бірінші және екінші заңдарының негізімен таныстыру.
Б)Оқушы бойында ұжымдап жұмыс істеу,сөйлеу қабілеттерін,түйсігін,дүниетанымын дамыту.
В)Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру,ұқыптылыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі:Аралас.
Сабақтың әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі:Слайд
Оқыту технологиясы:Ақпараттық –коммуникациялық технология.
Сабақтың барысы:1)Ұйымдастыру
2)Еңбегіне қарай өнбегі(Үй тапсырмасын сұрау)
3) Білгенге маржан(Жаңа сабақ түсіндіру)
4)Білім кілті танымдылықта(Білімді жүйелеу)
5)Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Талап қылмай мұратқа жетпес(Оқушыларды бағалау)
6)Оқу түбі тоқу(Үйге тапсырма беру)
Құрметті оқушылар мен бүгінгі сабағымызды мына сөзбен бастағым келіп отыр.
Адам меңгермейтін білім бар ма?
Жойқын істі тындырар күшің барда
Оқы,үйрен,жас ұрпақ,бәрін меңгер,
Алға қойған мақсатың,ісің барда                                                                                                                                     Үй тапсырмасы:§36. Генетиканың дамуы тарихы

 

                                  «Еңбегіне қарай өнбегі»кезеңі

1.Эмбриогенез

2.Зигот

3.Генетика

4.Овогенез

5.Партеногенез

6.Митоз

7.Спермотогенез

1.Тірі организмге тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейді.

2.Дене жасушаларының  бөлінуі

3.Аталық жыныс жасушасының дамуы

4.Организм ұрығының дамуы

5.Аналық жыныс жасушасының дамуы

6.Жыныстық көбеюдің ерекше түр

7.Ұрықтанған жасуша

                                       Сәйкестендіру тестісі

                                                    Биологиялық  диктант

1………………. – бүкіл тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы.

2.Генетика терминін 1906 жылы ағылшын биологі……….ұсынды.

3.Ч.Дарвиннің …………теориясы бойынша өсімдіктер мен жануарлардың барлық жасушалары өзінен ұқсас бөлшектер………..бөліп шығарады.

4.1909 жылы дат биологі В.Иогансен …………және……….. деген ұғымдарды қалыптастырды.

 

                                                          Сызықтық диктант

1.Мутация теориясы Де Фриз ұсынды.                                                                                                 2.Генетиканың даму тарихы 5 кезеңнен тұрады  ﴾3 кезең﴿                                                                                  3.ДНҚ –ның молекулалық құрылымын Эври жасады.﴾Ф.Крик﴿                                                                  4.Мендель генетиканың негізін қалады.

5.Вавилов және оның шәкірттері жеміс шырыны-дрозофилаға тәжірибие жасады.﴾Т.Морган﴿

6.Надсон мен Филлипов радиоктивті сәулелердің төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда мутация  тудыра алатынын дәлелдеді.

 

«Құпия сан  ойны»

Экрандағы дайын сөздер жазылып тұрады.Мұғалім сұрақ оқиды .Оқушы экрандағы дайын жауаптарын береді.

1.М.С.Навашин ﴾Қосарланып ұрықтану құбылысын кім ашты?﴿

2.Бластула ﴾Бір  қатты  ұрық﴿

3 Тура даму ﴾Организмнің  бірден ересек түрге ұқсап тууы﴿

4.Телу ﴾Бір өсімдіктің бүршігі бар бөлігін  алып, екінші өсімдік денесіне ұластыру қалай аталады?﴿

5.А.Жандеркин﴾Алшақ будандастыру әдісімен арқар-меринос тұқымын кім алды?﴿

6.Гаструла ﴾Қос қабатты ұрық﴿

7.Постэмбриогенез﴾Организмнің жұмыртқа қабығын жарып шыққаннан кейінгі дамуы﴿

8.Гамета﴾Жыныс  жасушаларын қалай атайды?﴿

 

                                                           Сөз  жұмбақ «Генетика»

 

Экрандағы ғалымдар суретіне қарап сөзжұмбақты шешу.

Экрандағы суреттер

Моргон,Мендель,Жандеркин,Мыңбаев,Уотсон,Айтхожин,Крик,Вавилов

                                                                          Қосымша  мәлімет

1.Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын ашты﴾Морган﴿

2.Біркелкілік ,ажырау,гаметалар,тазалық заңдарын ашты﴾Мендель﴿

3.Қойдың арқар-меринос қолтұқымын алды ﴾Жандеркин﴿

4.Дәнді және техникалық дақылдардың жоғары өнімді сорттарын алды﴾Мыңбаев﴿

5.Тұқым қуалаушылық материалының көзі-ДНҚ екендігін дәлелдеу ﴾Уотсон﴿

6.Қазақстанның молекулалық биология және гендік инженериясы ғылымын дамытты﴾Айтқожин﴿

7.ДНҚ –ның молекулалық құрылымының модельін жасады

8. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің ұқсас қатарлар заңын ашты.﴾Вавилов﴿

 

«Білгенге маржан кезеңі»

 

Жаңа тақырып:§37Моногибридті будандастырудағы тұқым  қуалау заңдылықтары

1.Генетика нені зерттейді ?

2.Тұқым қуалаушылық заңдылықтарын зерттеудің ғылыми негізін кім қалады?

     Мендель өз тәжербиесінде қолайлы обьект ретінде бұршақты таңдап алды. Себебі басқа өсімдіктермен салыстырғанда бұршақтың мынандай айрықша қасиеттер бар:                                                   1) Бірнеше белгілері бойынша бір-бірінен айқын ажыратылатын көптеген сорттары бар

2 )Өсуге қолайлы

3) Гүліндегі жыныс мүшелері күлте жапырақшаларымен толық қалқаланып тұратындықтан,өсімдік өздігінен тозаңданады

4) Бұл өсімдіктің сорттарын қолдан тозаңдандыру арқылы өсімтал будандар алуға болады.

        Мендель тәжірбиелерінің келесі бір ерекшелігі –белгілерінің тұқым қуалауын зерттеуде гибридологиялық әдісті қолдану арқылы дәл және тиянақты нәтиже алуында болды.

       Мендель зерттеуін қарапайым моногибритді будандастырудан бастап,әрі қарай біртіндеп күрделендіре түскен.Мендельдің ұсынысы бойынша гедер латын әріптерімен белгіленді.Доминантты гендерді үлкен әріппен,рецессивті гендерді кіші әріппен белгілеу  ұсынылған .Ата-аналық формалар Ρ әріпмен белгіленеді﴾латынша «parents»-

ата -ана﴿.Аналықты♀ белгісімен ,аталықты ♂ белгісімен ,будандастыруды х , ұрпақтарын

Ғ әріпімен ﴾латынша «filius»-ұрпақ﴿ ,гаметларды Г әріпімен белгілейді.

.     Ата –аналары бір-бірінен бір жұп белгі бойынша ажыратылатын дараларды  будандастыруды моногибридті деп атайды.Мендель өз тәжербиелерінің бірінде бұршақтың тұқымдары сары және жасыл түсті екі сортын алып будандастырған .Сонда бірінші ұрпақтан алынған будандардың барлығы сары тұқымды болып,жасыл түс көрінбеген.Дәл осындай нәтиже бұршақ тұқымының тегіс пішіндісі мен кедір-бұдыр пішіндісін будандастырғанда барлығы тегіс пішінді болып шыққан.

    Осы зерттеулердің нәтижесінде,Мендельдің  бірінші заңы-бірінші будандық ұрпақтың  белгілерінің біркелкі болу заңы қалыптасты.Мұны бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік заңы немесе толық доминанттылық заңы деп аталады.

    Бірінші ұрпақта басымдық қасиет көрсетіп,бірден жарыққа шығатын белгіні доминантты , көрінбей қалған белгіні рецессивті деп атайды. Қарама-қарсы белгілерді анықтайтын жұп гендерді аллельді гендер деп атайды. Зиготада әр уақытта ата –аналарынан қабылдаған екі аллель бар деп  есептеп, кез келген белгі бойынша  оның генотиптік формуласын екі әріппен белгілейді.Генотип деп ата-аналардан алынатын гендердің толық жиынығын атайды. Генотипіне қарай организм гомозиготалы не гетерозиготалы болу мүмкін.Гомозиготалы деп тек бірыңғай доминантты ﴾АА﴿ немесе рецессивті ﴾аа﴿ аллельдерден тұратын организмді айтады. Гетерозиготалы организм керісінше әртүрлі аллельдерден тұрады.﴾Аа﴿ Организмге тән ішкі және сыртқы белгілердің жиынтығын фенотип деп атайды.

    Мендельдің жүргізген тәжірибелерін жоғарыда келтірілген белгілерді пайдалана отырып , сызба- нұсқа түрінде былай көрсетуге болады.

    Бұршақ тұқымының тегіс пішінін-«А»,кедір-бұдыр пішінін-«а» деп белгілейік.

                                                                Ρ♀ААх ♂аа

                                                              Г     А А      а а

                                                   Ғ1  Аа  Аа   Аа     Аа     Аа

                                                             Тегіс пішінді

Бірінші ұрпақтағы барлық даралары біркелкі :генотипті бойынша гетерозиготалы,фенотипі бойынша бәрі тегіс пішінді болып шығады.Осыдан келіп біркелкілік ережесін былай тұжырымдайды:

  Бір-бірінен  айқын бір жұп  белі арқылы ажыратылатын гомозиготалы дараларды будандастырса, бірінші ұрпақта генотипті де,фенотипі де біркелкі будандар алынады. Мұны бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік заңы деп атайды.

   Мендель бұл тәжірибені одан әрі жалғастырып ,бірінші ұрпақтағы будандарды өздігінен тозаңдандырғанда – екінші ұрпақта тегіс пішінді де,кедір-бұдырлы да тұқымды даралар да  алынған . Екінші ұрпақта ата-аналарының екеуіне де тән белгілердің көрініс беру заңдылығын ажырау заңы деп атайды.

    Екінші ұрпақта алынған барлық өсімдіктердің 3∕4 –і тегіс пішінді,1∕4 кедір-бұдырлы болып шығады. Олай болса,фенотипі жағынан доминатты және рецессивті.

Белгілердің сандық арақатынасы 3:1-ге тең болып өзгереді.

                                                            Ρ ♀  Аа х ♂ Аа

                                                             Г   А   а     А    а

                                                     Ғ2      АА   Аа    Аа    аа

 

Бұл сызбанұсқадан екінші ұрпақтағы даралардың бір бөлігі,яғни 25 %-і генотипті жағынан доминантты белгі бойынша гомозиготалы ﴾АА﴿,екі бөлігі -50%-і гетерозиготалы ﴾Аа﴿ және бір бөлігі 25%-і ретцессивті белгі  бойынша гомозиготалы ﴾аа﴿ екенін оңай түсінуге болады. Осы айтылғандарды қорыта келе,ажырау заңын былай тұжырымдайды:

   Бірінші ұрпақтағы алынған  гибиридтерді өзара будандастырылғанда,                                               екінші ұрпақта﴾Ғ2 ﴿белгілерінің ажырауы жүреді .Ажырау арақатынасы фенотипі бойынша:3:1,ал генотипі бойынша1:2:1-ге тең болады,бұл арақатынастар жоғарыдағы сызбанұсқада бейнеленген.

                                                        « Білім кілті танымдылықта»

                                                                   ﴾білімді жүйелеу﴿

 

1.Оқулықтағы 98-суретті пайдаланып ата-аналарының (Р)  және ұрпақтарының (Ғ1,Ғ2-тің ) генотиптерін  табыңдар.

2.Мына сөйлемдерді толтырыңдар꞉

Бірдей гендерді ——-деп, ал әртүрлі гендерді———-деп атайды.Басым гендерді———-,

ал басылыңқы гендерді——— дейді, ата-ананы——әрпімен ,ұрпақтарын ——-әрпімен белгілейді. Гендердің жиынтығын ——, ал сыртқы көрінісін ——— деп атайды.

3.100- сурттегі сызба нұсқамен танысып , түсіндіріңдер.

 

Ρ   ♀  АА х ♂ аа

                                                                  Г         А           а

                                                                  Ғ1     ♀ Аа х ♂Аа

                                                                         Г   А  а     А    а

                                            Ғ2            ?                 ?              ?             ?

«Жан қиналмай жұмыс бітпес,

Талап қылмай мұратқа жетпес»

(Оқушыларды бағалау)

«Оқу түбі тоқу»

(Үйге тапсырма беру )

Үйге꞉§37

Генотикалық есептер шығаруға дайындық. Символдарды жаттау.

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *