Басы » Биология » Қосжарнақтылар класы.Раушангүлділер тұқымдасы

Қосжарнақтылар класы.Раушангүлділер тұқымдасы

        РАХЫМЖАНОВА АҚМАРАЛ ДАУЛЕТХАНҚЫЗЫ

Шығыс Қазақстан облысы,Тарбағатай ауданы,Кіндікті ауылы

             Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі

Сабақтың тақырыбы:Қосжарнақтылар класы. Раушангүлділер   тұқымдасы

Сабақтың мақсаты:

   Білімділігі:Оқушыларды раушангүлділер   тұкымдасының ерекшеліктерімен таныстыру. Тұқымдастың алуан түрлігі мен манызын көрсету.  Оқушыларды негізгі оқу материалымен  таныстыру

.Дамытушылығы:  Оқушылардың интеллектуалдық қабілетін, білімі мен білік дағдысын дамыту. Шығармашылық денгейін, тапсырмалар арқылы оқушының биологиялық білімге деген қызығушылығын арттыру . Өсімдік түрлерін анықтау мен тұқымдас белгілерін талдауда  тұрақты білімін қалыптастыру.

  Тәрбиелілігі: Оқушыларға раушангүлділер  тұқымдасының табиғат пен адам өміріндегі маңызын мысалдармен түсіндіріп,табиғатты аялауға, оған түсінікстікпен қарауға оқушылардың  табиғи – ғылыми көзқарастарын қалыптастыра тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың типі:  Аралас сабақ                                                                                                                          Сабақтың әдісі : Сұрақ – жауап, тірек-сызбалар, баяндау, түсіндіру, сәйкестік тест.                                                                                                                                   Құрал жабдықтармен көрнекілік: Жеміс-жидектердің макет, компьютер, презентация,слайд                                                                                                                Сабақтың құрылымы:І. Ұйымдастыру кезеңі  1-2 минут                                                           2.Үй тапсырмасын сұрау:

Сәйкестендіру тестісі

 

1.Көкөністік өсімдіктер

2.Татымды өсімдіктер

3.Майлы өсімдіктер

4.Дәрілік өсімдіктер

5.Арамшөптер

А)Қыша

Б)Ақжелкен

В)Орамжапырақ

Г)Шалғам

Д)Шомыр

Ж)Қышабас

З)Жұмыршақ

И)Рапс

К)Арыш

Л)Тарна

М)Ақбасқурай

 

Қазыр балалар өздеріңнің табиғаттарыңа жақын,өздерің ұнатқан гүлдерді таңдайсыңдар.Ол суреттің артында әртүрлі гүлдердің формулалары берілген.Сендер қандай гүлдің формуласы екенін атап,талдайсыңдар.

 

     ♀ Т (5) К 1+2+(2) А (9) +1 Ж1    Асбұршақтың гүлі

   *♀  Т(5) К (5) А5 Ж (2)      Картоп гүлі

   * ♀ К 3+3 А 3+3 Ж (3)   Қызғалдақтың гүлі

   Т2+2К4А2+4Ж(2)  Жабайы шомырдікі

Телеграмма                                                                                                                                                  Өтініш мына хатты толықтырып жіберуіңізді сұраймын.        Орамжапырақгүлділер.Бұларды кейде ……………………  деп те атайды.Олар-шөптекті,кейде шала бұталы…………………………. өсімдік.Ғаламшарымызда орамжапырақгүлділер тұқымдасына жататын ………….-ға жуық түрлер бар.Жапырақтары ……………. кезектесіп орналасады,  ……………………………. жапырақтары болмайды.

Телеграмма

Өтініш мына хатты толықтырып жіберуіңізді сұраймын.

Қосжынысты гүлі шаршы болып орналасатындықтан,орамжапырақгүлді өсімдіктер …………………………………….    деп аталған.Бұлардың жемісі ……………….. немесе ………………………. .Орамжапырақгүлділер тұқымдасы гүлінің формуласы — …………………… .

Бізден сұрақ-сізден жауап.

1.Жарық сүйгіш ,қылқан жапырақты өсімдік  (Қарағай)

2.Қарағай қай мезгілде,қай айда тозаңданады? (Көктемде,мамыр айында)

3.Шымтезек мүгінің латынша атауы (Сфагнум)

4.Жасыл мүк қалай деп те аталады?  (Көкек зығыры)

5.Тең споралы плаунтәріздестердің кең тараған  өкілі (Шоқпарбас плаун)

6.Спорангий деген не? (Споралар дамитын орын)

7.Қырықбуынның жаздық өркені мен көктемгі өркені қандай қызмет атқарады? (Жаздық өркен -өсу қызметін,көктемгі өркен -көбею қызметін атқарады)

8.Орамжарырақгүлділердің жемісі (Бұршаққын немесе бұршаққынша)

9.Мүктерде тамырдың қызметін не атқарады? (Ризоид)

10.Қырықбуынтәріздес өсімдіктердің кең тараған  өкілі ( Далалық қырықбуын)

Жұмбақ жасыру

Көктемде ақ гүлге оранады

Күзде қолға доп болып оралады    (Алма)

3.Жаңа сабақ

К.Линней өз еңбегінде өсімдіктерді түрге,түрді  туысқа,туысты тұқымдасқа,тұқымдасты класқа бөліп жіктеп қарастырғанын білеміз.Барлық өсімдіктерді  дара және қосжарнақтылар класы деп бөлген. Даражарнақтыларда  бірғана тұқым  жарнағы, ал қосжарнақтыларда  екі тұқым жарнағы болады. Қосжарнақтылар бұлар жабық тұқымды өсімдіктер, олардың барлығы гүлді өсімдіктер . Гүлдеу нәтижесінде өсімдіктер жеміс пен тұқым түзеді. Орамжапырақгүлділер  сияқты раушангүлділер қосжарнақтылар класына жатады. Дүнижүзінде раушангүлділердің 3000 аса түрі бар, біздің Республикамызда да көптеген түрлерін кездестіруге болады. Мысалға : мойыл, шетен, алмұрт, алма ағаштары және бұталы түрлері- раушан мен итмұры, сонымен қатар көпжылдық шөптекті түрлері де бар. Мысылы,теңгежапырақ, қойбүлдірген т.б.

Раушангүлділердің жапырақтары барлығында бірдей болмайды.

 

Раушангүлділердің жабайы түрі де,мәдени түрі де кездеседі.Жабай түріне итмұрын,долана,қараған,шетен,тікенгүл жатады.Мәдени түріне алма,алмұрт, құлпынай,таңқурай,шие,т.б. өсімдіктер жатады.

Итмұрын гүлінің формуласы:Т(5)К5А∞Ж∞.

Жабайы алхорының гүлінің формуласы:Т(5)К5А20Ж1.

Гүлшоғырлары әр түрлі, гүлсеріктері қосқабатты, бес тостағанша жапырақша, бес күлте жапырақшадан тұрады. Аталықтары өте көп, кей түрлерінде төрт, сегіз , тоғызданда кездеседі. Олар ұзынды- қысқалы болып шеңбер құра орналасады. Аналықтары біреу де, көп те болады. Ұзын тұмсықты бунақденелілер тозаңдандырады. Жемістері құстар, жарқанаттар мен су арқылы таралады.

Сәндік гүл раушанды алатын болсақ, ол жабайы итмұрыннан шығарылған іріктеме.Итмұрында аталықтар саны өте көп,жүзге тарта.Соларды адамның еңбегінің арқасында күлтеге айналдырды , содан бұйраланған раушан гүлі пайда болған. Қазіргі кезде жиырма бес іріктемесі шығарылған. Олардан май алынады. Парфюмерия саласында пайдаланылады.
Алма бетке әжім түсіруді тежейді. Ұйқыға жатарда піскен  алманың бір данасын жеп жатсаңыз, тістегі бактериялардың      96,7 %-ы алма құрамындағы органикалық қышқылдардың әсерінен жойылып кетеді.Алма мидың жұмысын жақсартады.Тәтті алмалар қан құрамын жақсартып,организмнен артық тамақ қалдықтарын  сыртқа  шығарады.Алманы қабығымен жеген  пайдалы.Алма қабығында ағзаға ағзаға пайдалы дәрумендер бар.Ол тамыр соғысын жақсартып,жүрек талмасынан сақтайды.Сонымен қатар алма қабығында рактан қорғайтын дәрумендер де бар.                                                                                                                                                Алмұрттың шырыны несепті айдау үшін өте пайдалы. Алмұрт шырынын қуыққа тас байланғанда да ішеді. Алмұрттың шырыны мен тұндырмасы несептің бөлінуін күшейтіп қана қоймай, түсін де ашып, бактерияларды жоюға әсер етеді.

Шиеде калий өте көп болғандықтан,ол жүрекке пайдалы.Қаназдықпен зардап шеккендер үшін табылмас ем.Шие дәруменге өте бай.Оны үнемі пайдаланып жүретін адамдардың жүрек жұмысы жақсарады,асқазандағы аурулар азайып,жүйке жүйесі қалыпқа келеді.

(Оқушыларға проблемалық сұрақ қою)

Бір алма  жемісі түзілу үшін  70 жапырақ қажет.Жапырақ пен жемістің түзілуі арасында  қандай байланыс бар?

4.Жаңа тақырыпты бекіту

                                                                 Мына суреттегі гүлдің диеграммасын талдап,формуласын жазыңдар.

Сөзжұмбақ «Раушан»

1.Тікенекті өсімдік (Итмұрын)

2.Раушангүлділер тұқымдасына жататын ағаштектес  өсімдік (Алма)

3.Жабайы итмұрыннан шығарылған іріктеме  (Раушан)

4.Шырынды жемісті өсімдік (Шие)

5.Жемісі құрама жаңғақшалы болып келетін раушангүлділер тұқымдас өсімдік (Құлпынай)

6.Раушангүлділердің жабайы өсетін түрі (Шетен)

 

Оқушыларға жұмбақ жасыру

1)Тіл үйірген дәмі бар,

Сары алтын түс-сәні бар.

Шақсаң егер кептіріп,

Сүйегінің дәні бар,

Баққа тұрар сән беріп,

Алқа етіп тізіп ал.   (Өрік)

2) Қызыл күрең түрі бар,                                                                                                              Тебіндеген бүрі бар.

Піскен кезде қаулайды,

Алтыннан бір аумайды,

Бал татыған нәрі бар,

Онда емнің бәрі бар. (Шабдалы)

Итмұрын гүлінің диаграммасын  сызғызу.

5.Оқушыларды бағалау

6Үйге тапсырма беру

Раушангүлділер тұқымдасын оқып, мазмұндау.Кестені толтырып келу

Сипаттамасы

Раушангүлділер тұқымдасы

Тіршілік формасы

Морфологиясы

Гүл формуласы

Жемістерінің ерекшеліктері

Тұқымдасқа жататын өсімдіктер

 

(ЖҮКТЕУ)
 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *