Басы » Cыныптан тыс » «Бақытты сәт» Экологиялық сайыс

«Бақытты сәт» Экологиялық сайыс

     ақмарал1    РАХЫМЖАНОВА АҚМАРАЛ ДАУЛЕТХАНҚЫЗЫ

Шығыс Қазақстан облысы,Тарбағатай ауданы,Кіндікті ауылы

              Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі

«Бақытты сәт»Экологиялық сайыс
«Ел жағалай қонбаса, бетегелі бел ғаріп, қаз- үйрегі болмаса, айдын шалқар көл ғаріп»- деп Асан қайғы бабамыз айтып кеткендей, туған өлкеміздің табиғаты, тыныс тіршілігі, экологиясы оқушылардың бойына сіңіру мақсатында өткізілген экологиялық сайыс.
Ойынға 5-6 сынып оқушылары екі топ болып қатысады. Ойын 5 кезеңнен тұрады.
1- топ «Ғаламат»
2- топ «Атамекен»
І- гейм
«Бой сергіту»
2 топқа да экологиялық сұрақтар беріледі, қай топ мүшесі бірінші белгіні берсе сол топ жауап береді
Сұрақтар:
1. Қазақстан Елтаңбасында белгіленген жануар.
2. Май ауданындағы дәрілік шөптерді атап жіберіңіз.
3. Ерте кезде сабын жасайтын сахарды қай өсімдіктен алған?
4. Облысымыз бойынша қорғауға алынған қандай аң мен құстарды білесіздер?
5. «Сулы жер- нулы жер» сөзінің мағынасын түсіндіріңіздер.
6. Құс атына байланысты қыздар мен ұлдарға қойылған қандай есімдерді білесіңдер?
7. Ағаш отырғызудың қандай пайдалы жақтары бар?
8. Қазақтың тұңғыш академигі кім?
9. Адраспанның қандай дәрілік қасиеттерін білесіздер?
10. Табиғатқа байланысты қандай ақынның өлеңін білесіңдер?
ІІ- гейм
«Атам айтқан даналық сөздер». Қане, кім көп біледі?
Табиғатты қорғауға байланысты мақал- мәтел, тыйым, теңеу сөздер сайысы. 2 топ бір- бірімен алма кезек айтысады.
ІІІ — гейм
«Жорға жарыс» топ басшылар сайысы.
Екі топ асықтары иіріледі. Қай топ асығы алшысынан түссе сол топ бірінші болып жауап береді.
1 – топ «Ғаламат» тобына қойылатын сұрақтар:
1. Экология сөзінің аудармасы.
2. Топырақтану ғылымының негізіні салуышы.
3. Алматы облысының орталығы.
4. Тіршілік таралған ғаламшар.
5. Қазақстандағы экологиялық апатты аймақтар.
6. Ауаның құрамы .
7. Қазақстанда қанша қорық бар?
8. Қымыз қандай жануардың сүті.
9. Арқасында тауы бар жануар?
10. Мәңгі жасыл өсімдік.
11. Ауа райын сипаттайтын карта.
12. Сусыз өмір сүре алмайтын жануар.
ІІ топ- «Атамекен» тобына қойылатын сұрақтар:
1. Ауа құрамындағы газ.
2. Жыл басы болатын жануар.
3. Ең кіші құс.
4. Ең ұзын өзен.
5. Ең үлкен жануар.
6. Ең үлкен құс.
7. Аң аулауға салынатын құс.
8. Шылымның құрамындағы улы зат.
9. Қанша материк бар?
10. Күн баласы аталған өсімдік.
11. Ең жылдам өсетін өсімдік..
12. Өсімдікте қанша ұлпа бар?
ІҮ- гейм
«Асыл- тастан шығады, ақыл жастан шығады»
«Егер де мен ……..»
2 топқа 2 конверт беріледі. І топқа «Егер де мен ауыл әкімі болсам …….», ІІ- топқа «Егер де мен табиғатты қорғау министрі болсам ….» экологиялық ой толғау жазу тапсырылады.
(1 минут уақыт беріледі)
Ү – гейм
«Мен- саған, сен- маған» деген атпен
2 топ бір – біріне екі – екіден экология тақырыбында сұрақтар қояды.
Сайыс соңында қай топ экология тақырыбында жақсы ой қозғанын шешетін әділ қазыларға береміз. Ең жақсы қатысқан топ марапатталады.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *