ШҚО, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы
Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Байғалиева Бақытжан Қадырқызы
Тақырыбы: Мақтанышым туған ел, Қазақстан!
Мақсаты: Туған еліміздің тарихы мен рәміздерін таныстыру, естерінде қалдыру, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру. Оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: ҚР-ның елтаңбасы, туы және ән ұраны, шаралар, ұлы ақын-жазушылардың өлеңдері
Сабақтың барысы:
1. Отан!
Отан!
Сен болмасаң нетер ем?
Дүниеде бақытсыз боп кетер ем.
Құс ұясыз,жыртқыш інсіз болмайды,
Отансыз жан өміріңде оңбайды.
М. Мақатаев.
2. Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем.
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
3. Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған
Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та
Бозторғайы бол оның шырылдаған.
М. Мақатаев.
Ән «Қазақстан» сөзі: Ғ. Жұмабаев.
әні: С.Мұхаметжанов.
Ел болдық, ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады.
Тәуелсіз мемлекет шежіресі
Нұрсұлтанның атымен басталады.
Н. Исахмет.
5. Республикам! Күндей күлген шығыстан
Асыл елім жан жүректі ұғысқан.
Ата-бабам аңсап өткен бақытым,
Алтын бесік-Қазақстан-Гүлстан!
Қ. Шаңғытбаев.
6. Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Алатаудың күндерін.
Жеріне гүл, көгінде күн бір жүрген,
Ұлан байтақ республикам бұл менің!
С. Мәуленов.
7. Айқаста жаудың алқымын сыққан
Ажалға қимай намысты елім.
Әлия, Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан
Қазақстан – Республикам менің!
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
Ж. Молдағалиев.
9. Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Қүт, береке-шаңырақ,
Орын алған ол тқрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
Мемлекеттік рәміздерді мультимедиялық тақтадан көрсету.
10. Қазақ халқының жаңа мемлекеттік рәміздерінің жобасын жасау үшін үлкен жарыс ұйымдастырылды. Елтаңба жобасына 245 сурет, 67 хат-пікір ұсынылды. Солардың ішінен Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібекоптің үлгісі ең таңдаулы деп танылды да Қазақстанның Елтаңбасы боп бекітілді.
11. Ал, Мемлекетіміздің Жалауында алтын күн, алаулаған зеңгір көк аспан бейнеленген. Сол көк аспан төсінде қалықтаған дала қыраны қазақ халқының дархан да бітімші бейбіт көңілін шырқау биігіне алып шыққанынан көрініс береді. Мемлекеттік Жалаудың авторы – Шәкен Ниязбеков ағамыз.
12. Жүмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтің сөзіне, Ш. Қалдаяқовтың сазына жазылған «Менің Қазақстаным» әні 50 жыл өтсе де дүйім жұрттың жүрегін жаулап алған ән. 2006 жылы қаңтарда Қазақстан Президентінің жарлығымен бұл ән еліміздің Мемлекеттік Әнұраны боп бекітілді.
13 Қазақстан Республикасының Ата Заңының 34-бабында «Әркім Республикамыздың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті» деп жазылған.
14. Бозторғай әнін тыңдасаң сүйіп,
Төсінде жортқан марал мен киік.
Болашақ саған қол созған бүгін
Ерікті елміз еңсесі биік
Көк туың көркем жібектей ғана
Қазақстан – Республикам менің!
Бойымда жігер туғанда сенім,
Жалындап өтем жолыңда сенің.
Өзіңсің мәңгі бақытым, барым
Аяулы Отан, ардақты елім.
С. Қалиұлы.
16. Әр адамда өз анасынан басқа да
Ғұмырына етер мәңгі астана.
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы, айбыны,
Туған тілі – мәңгі өнеге айдыны.
Жан байлығы, салт-дәстүр тірегі
Қадамынан шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы.
М. Шаханов.
17. «Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет»
Н. Назарбаев.
18. Қазақстан!
Туған жерім, тірегім.
Өзіңменен нұрланады гүл өңім.
Сен дегенде елжірейді жүрегім
Сен өзіңсің шамшырағым, шырағым.
Бойға таққан алтын баулы тұмарым.19. Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп уанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
Қ. Аманжолов.
20. Алтын шапақ аттағанда тау шыңын,
Баурайында балбырайды бау шырын.
Мен – бабаның сынығымын бір асыл
Мен – даланың сыңғырлаған даусымын.
И. Сапарбай.
21. Әнұраным – жан ұраным
Айтар әнім – сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым
Мәңгі бақи шырқалады
Республика Әнұраны.
Қорытынды: Сабаққа белсене және жақсы дайындалған оқушаларды мадақтау.
- [bws_related_posts]