ШҚО, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы
Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Байғалиева Бақытжан Қадырқызы
Тақырыбы: Жіңішке және жуан жұп дауыстылар
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Жіңішке және жұп дауыстылар туралы ұғым беру, мысалдар келтіру арқылы сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Дамытушылығы:Оқушылардың сөздік қорын молайту, сауатты, көркем жазуға,
өз ойын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Үлкенді құрметтеуге, қадірлей білуге, ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілі: Жұптық, сыныптық жұмыс, түсіндіру,сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, кестелер, интерактивті тақта, слайд,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру, дүниетану.
Сабақтың барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
І- кезең:Үй тапсырмасын сұрау.
1.«Әдептілік әліппесі» өлеңін мәнерлеп оқу. 1 шумақтан оқытып шығу.Атаның ақыл сөздерін айтайықшы.
2.«Менің атам» тақырыбына шығарма жазып келу. 2 оқушыға оқыту
3.«Сұрақ менен, жауап сенен» ойыны. Оқушылар бір-біріне өткен сабақ бойынша сұрақтар қояды.
4. Логикалық тапсырма «Не артық?» ойыны.
Мына сурет бойынша балалар, үй жануарлары арасынан артық суретті табайық.
Сергіту сәті: Жұптасу
ІІ- кезең: «Ой қозғау» жуан
1.Дыбыстар дауысты жіңішке
дауыссыз
2. Мына берілген дыбыстардың ішінен дауысты дыбыстарды тап.
3. Мына сөздердің ішінен жуан және жіңішке айтылатын сөздерді 2 бала жұптасып шығып айтады.
4. «Орнын тап» Малдың төдерін табу арқылы жаңа тақырыпты ашу.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазайық. Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Дауыстылардың жуан және жіңішке болып дыбысталуы олардың арнайы жуан сыңарларымен жіңішке сыңарларын анықтауға мүмкіндік береді. Дәлірек айтқанда жуан дауысты:а,о,ы,ұ дыбыстарының өздеріне ұқсас жіңішке ә,ө,і,ү дыбыстары сияқты сыңарлары болады.Бұл жағдайда оқулықтағы 46- жаттығуға назар аударайық
Сөздерді ауызша салыстыру. Сан-сән, нан-нән,от-өт,боз-бөз,тыс-тіс,ұн-үн,тұс-түс.
Ереже:а-ә,о-ө,ұ-ү,і-ы жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Олар өзара ұқсас дыбысталады.
47-жаттығу «Жаңылтпаш» тіл жаттықтыру.
Дән-дәулет
Дәулет-дән.
Сән-сәулет.
Сәулет –сән. Сөздегі ә дыбысының жіңішке естілуін байқаңдар. Ә дыбысы сөздің ішінде әрқашан жіңішке болып айтылады.
Тақтамен жұмыс: 48-жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жазып,ауа,әуе сөздеріндегі дыбыстарды салыстыру. Қайсысы жуан, қайсысы жіңішке айтылған?
«Ақсақалдың ақ батасы» өлеңінің авторы Мұзафар Әлімбаевқа түсінік беру.
— Қане балалар бата дегеніміз не?
— Балалар батаның көптеген түрлері болады. Батаны дастарханға, жолға шыққанда,екі жас отау көтергендес бата беріледі. Үлкен кісілердің ықыласы, жақсы тілектері.
Өлеңді оқып, мазмұнын түсіндіру.
Оқушыларға оқыту.
Мақал-мәтелмен жұмыс: а) Мұғалім оқып,оқушыларға негізгі ойды түсіндіру.
Ата деген кім? Ол сендердің әкелеріңнің әкесі. Отбасындағы ең үлкен ақылшы адам. Адам ұрпағымен бақытты. Дүниеге келген соң әр адам өмірге ұрпақ әкелуге міндетті.
ә) оқушыларға оқыту.
ІІІ-кезең
Сабақты бекіту: «Кім зейінді?» ойыны
Жұп дауыстыларды ата.
Жұптарын тап. Ай- , сөз-, оң-,ауа-, тыл-, сыз-,сан-, дау-, ар-,ал-, сат-,
Үйге тапсырма: 1.«Атаның ақ батасы» өлеңін жаттау.
2. Мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, жаттап келу
3. Ереже жаттау.
Бағалау:
- [bws_related_posts]