ШҚО, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы
Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Байғалиева Бақытжан Қадырқызы
Тақырыбы:Көңілді карнавал
Залды жаңа жылдық мерекеге безендіру.
Барысы:
Музыка ойнап тұрады. Қоян шығады.Ол көңілді күйде секеңдеп, билеп ән салып келеді.
Қоян: Оу жарандар,
Ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп
Көкке толды
Сансыз аппақ көбелек,
Тым алыстан,Күн, Марстан
Келіп аяз атамыз,
Жылды тойлап, билеп ойнап
Көп қызыққа батамыз!
Билей жөнеледі.
Қоянның алдынан аю шығады.Қоян сасқалақтап қалады.
Аю: Амансың ба қояным!
Дауысыңды естіп ояндым
Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін
Жылды қарсы алайық
Би билеп ән салайық
Қоян: Жаңа жылдың тойында
Жан салайық ойынға
Музыка:Қуана құттықтап түлкі келеді. Оны аю мен қоян билеп қарсы алады.
Түлкі:Қоянжанға бір сәлем
Аю паңға мың сәлем
Қоян, аю : Аман ба? Түке кел мұнда
Түлк: Достарым жыл келеді
Сылығын ол береді
Жұмбақ шешкіш түлкінің
Өнерін жұрт көреді.
Билей жөнеледі.
Қоян: Рахмет түлкіжан
Аю: Жүрген жерің күлкі мен ән
Бір шеттен кірпі шығады, бәрі қуана қарсы алады
Кірпі: Сәлем достар аман ба?
Шырша құрып алаңға
Жылға шашу шашайық
Тойлап көңіл ашайық
Қоян: Кәне биге басайық
Қасқыр: Армысыңдар, бармысыңдар
Жаңа жыл – мереке
Жақсылық береке!
Қуанып күлейік
Қолдасып жүрейік
Кірпі: Болмасын кектесу,
Береке кетпесін
Қастандық пиғылдар
Оянып кетпесін
Түлкі: Қане құшақ ашайық
Достық әнін салайық
Барлығы бірігіп құшақтасып Достық әнін айтады
Мыстан келеді: Бұл орманда не болып жатыр? Неге шулап жатырсыңдар? Шырша құрып жаңа жылды тойлағалы жатырсыңдарма? Мені неге шақырмайсыңдар? Онда тойды болғызбаймын. Аяз атаны қаматып қоямын. Шыршаны шауып тастаймын.
Сиқыршы: Мыстан апа бір ашуыңызды беріңіз. Сізде шырша тойымызға қатысыңыз. Жаңа жылда көңілді көтеріп сәнді шырша тойын көріп, балалардың өнерін тамашалайық.
1-оқушы: Мыстан апа мен сізге арнап бір өлең оқып берейін
Қардан аппақ әдемі сіз мыстан апа
Шашыңыз жылтыраған мұздай апа
Мыстан: Көп рахмет. Шыршаның шамын жағу үшін менің тапсырмамды орындауларың керек
Мыстанның тапсырмасы:
Жел / бәрі шайқалады /
Бұлт /бұлт жасайды /
Шиыршық қар жерге түседі
Қарды басамыз Қар жинаймыз
Қар атамыз.
Сиқыршы: Біздің тойымызға қосылыңыз
Қане балалар шырша шамын жағайық
Бір, екі, үш шырша шамы жан жан
Аңдар оқушылардың қолын ұстап шыршаны айналып өлең бастайды.
Ән: Шырша жыры
Қарға келіп қар, қар балалар, балалар
Сиқыршы: Не болды сонша аптығып, асықпай айтшы
Қарға: Сіздерден сүйінші сұрай келдім
Аяз ата келе жатыр
Сиқыршы: Ал балалар ендеше Аяз атаны шақырайық тезірек келсін
1-оқушы: Қызыл ала шапанын
Сағындым Аяз атаны
Жылдамырақ келсе екен
Бізге ойыншық берсе екен
2-оқушы: Аяз ата келіңіз
Тамашаны көріңіз
Балаларға арналған
Сыйлықтарды беріңіз
Хор: Аяз ата Қарша қыз, Аяз ата, Қарша қыз,
3-оқушы: Қуаныңдар ағайын тамсаныңдар,
Сүйіншілеп маңайға жар салыңдар
Аяз ата келеді Ақшақармен
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар
Хор:Аяз ата Қарша қыз, Аяз ата Қарша қыз.
Аяз ата мен Қарша қыз кіреді
Аяз ата: Амансыңдар ма балалар! Біз қай жерге келдік?
4-оқушы: Бұл ата, тау баурайын мекендеген сырлы жер,
Ән мен күйді әлдилеген жырлы жер
Бейбітімен жер жаһанға танылған
Келгеніңіз Кіндіктідей нұрлы жер !
Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым
Амансың ба, қыздарым,
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Аталарың сіздерге
Шаршап келді алыстан
Қарша қыз:
Амансыздар балалар,ұстаздар,ата-аналар!
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Жылқы жылы молшылықтың мәресі
Береке бірлік, молшылық әкелсін
Жаңа жылда болсын қызық тамаша!
Өнері бар достарым, ортаға шық қасқайып
Енді өнерлі өрендердің өнерін тамашалап дем алайық.
Барлығы аяз атамен қолұстасып, шыршаны айналып, ән айтады
Ән: Жасыл желек жамылған
Тауық кіреді құ-құ-құ
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын
Барлығы шөжелер биін билейді.
Сиқыршы: Бізбен бірге бір жыл бойы бірге болып бар қызықты бірге өткізген, бірге қуанып бірге ренжіген. біз үшін үлкен қуаныш болған жылан жылына рахмет айтып, шығарып салайық. Ескі жыл қайдасың?
Жылан: Иә, достарым менің де бірнеше сағаттардан кейін тарихтың еншісіне айналатын уақытым жетті.
Алуан жақсылықтың куәсі
Боп өткен жылдардың бірімін
Халқыма мол ырыс әкелген
Жарқ еткен жақсылық жырымын
Сиқыршы: Биыл бізде жаңалықтар болды. Соның бірі президентіміздің 100 аурухана, 100 мектеп бағдарламасы бойынша,ауылымызда жаңа мектеп салынып, биыл сол мектепте оқып жатырсыңдар. Оқушыларымыз көптеген жарыстарда жүлделерге ие болды.
Жылан: Мен сендермен қоштасқалы келдім.
Ескі жылды есіркеп,
жаңа жылды жарылқап
Елімде болсын тыныштық
Бей біт күн жарылқап
Қоштасамын бүгін мен
Сіздерді қимас көңілмен.
Хош сау болыңыздар!
Қызыл телпек: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын,тауып көріңдер.
Жылқыдай қандай жануар? Оның пайдасы қандай?
Қызыл телпек: Ендеше келе жатқан қандай жыл?
Хормен: Жылқы
Қызыл телпек: Онда балалар жылды қарсы алайық! Қане, бәріміз жылқыны шақырайық!
Жылқы: Халқым менің,
Жаңа жылмын мен
Елді шарлап самғаймын
Бір күн қызық, бір күннен
Бола берсін әр дайым
Жаңа жылдың бастауын
Сендерменен тойлаймын
Аман болсын халқымыз
Арта берсін даңқымыз
Дами берсін үздіксіз
Жақсы дәстүр салтымыз.
Түлкі: Қош келдің жаңа жыл!
Қуанышпен шаттыққа кенелейік
Жадырап ән шырқап , тербелейік
Төрлет, дөңгелене билейік
Қасқыр: жаңа жылдың тойында
Жақсылық көп ойымда
Тойдың білмей жырларын
Бастай алмай тұрғаным
Қоян: Тойды мен-ақ бастайын
Той бастаудан қашпаймын
Онда өзімнің оқушыларға алып келген биімді билейік
Қарша қыз: қарашы ата, қандай әсем қандай сұлу шыршалар.
Қарашы әне ойыншықтар шырша басын нұр шалар
Бала біткен қуанышты бізді тосып қалған ба?
Өнерлерін көрейікші не жетеді әсем әнді салғанға
Ал, балалар ойын-сауық көтерейік көңілді
Гүлдетейік бір күн болсын тылсым мына өмірді
Сиқыршы: Аяз ата, Ақшақар, мына кешке жиналған қауымның өнерлерін тамашалайық. Оқушылардың тақпақтары
Сиқыршы: Өнерді бұлбұлдай сайратамыз
Елімді гүлдей жайнатамыз деген бір топ өнерпаздар өз өнерлерін ұсынбақшы.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӘН БИЛЕРІ
Қарша қыз: Ата біздің баратын жеріміз өте көп. Балалардан рұқсат сұрап қош айтысайық. Балаларға батаңызды беріңіз.
Аяз ата: Мен батамды берейін
Үстем болсын мерейің
Әр қашанда Кіндіктіде
Қуаныштар көп болсын
Жақсылық елден кетпесін
Қызыр болсын жолдасың
Әруақтар қолдасын
Әмин!
Қарша қыз: Жаңа жыл құтты болсын! Хош сау болыңыздар!
Сиқыршы: Қандай жақсы біздің аяз атамыз
Қабыл болсын ақ ниетті батаңыз
Хош айтысып кетсеңізде асығып
Кешімізді жалғасырып жатырмыз.
Ендігі сөз кезегін мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Д. Рахымжановқа беріледі
Сиқыршы: Қандай жақсы Ақшақар Аяз атамыз
Ол кеткенсоң терең ойға батамыз
Ақшақар болып қалықтаймыз аспанда
Құс жолымен ән сап бара жатырмыз
Енді кешімізді әсем әнмен бимен аяқтаймыз.
Бәрі билеп шыршаны айналады.
Сиқыршы: Келесі жаңа жылда жүздескенше, хош сау болыңыздар.
: [bws_related_posts]