Басы » Tәрбие сағаттары » Қош келдің, Наурыз!

Қош келдің, Наурыз!

 ШҚО, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы
Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Байғалиева Бақытжан Қадырқызы
 
Тақырыбы: Қош келдің, Наурыз!
Мақсаты: Наурыз туралы білімдерін жетілдіріп, салт-дәстүрімізді құрметтеп балалардың бойына сіңіру.
1-ж
Құрметті ұстаздар,ата-аналар, оқушылар, жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар.Шығыс халықтарының сондай мейрамдарының бірі-Наурыз.
2-ж
Дәстүрімізге айналған ұлыстың ұлы күні-Наурыз құтты болсын! Күлімдеген
Шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа жыл келді. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
1-ж
Қырда бүгін буықты
Қуды жерден суықты
Құтты болсынмерекең!
Құтты болсын берекең!
2-ж
Жаңғырар дәстүр салтының
Көзелсін бұлақ жылғасы
Қастерлі менің халқымның
Мереке Наурыз -жыл басы
1-ж
Салт дәстүрді сақтайық,
Шымылдықты ашайық
Жан-жаралғы бойынша
Наурыз тойға құтты деп
Той шашуын шашайық.
(Шашу шашылады.)
2-ж
Жер ананың тон кеудесі жібіген
Бүршіктенер бар тіршілік бүгіннен
Наурыз айы туыпты
Әне, Наурыз келеді,
Құлпырады ел енді.
(Билеп Наурыз ортаға шығады)

Наурыз: Көкпенбек дала туындай аспан көгілдір
Көк кілем төсеп, көк көйлек киген өңір дүр
Бәйшешек гүлге қылтиған жанын елітіп
Жадырап қалар көңілді күндей көңіл бір.
Кел, Наурызға пейілін көр қазақтың
Бұл күні біле білгенге ғажап тым
Ақ ұсынған ақ шәлілі әжелер
Наурыз күні біле-білгенге ғажап тым
(Оқушылардың Наурыз туралы өлеңдері)
Жиренше:  Көргенде қуанасың таза ауаны
Құлаққа естілгендей жаз әуені
Жыл сайын тойлайтұғын мәңгі бақи
Наурызым құтты болсын қазақ елім!

(Оқушы өлеңдері)
Дана халқымыз «Батамен ел, жаңбырмен жер көгереді» деп бекер айтпаған ғой.
Наурыз тойының ақ батасын сұрайық. Көрермендер арасынан қыдыр баба шығады.
Қыдыр атаны қарсы алайық
Қыдыр ата: Қош келіпсің аманмен
Арман тойы ананың
Қуанышы ғаламның
Құтты болсын қадамың.
Бата түрлеріне тоқталып , бата береді.
Жиренше: Рахмет ата! (Шығарып салады)
Наурыз:Бүгін тазша бала көрінбейді ғой. Мен оның тапқырлығын, және ақылды бала екенін естіп тілдесейін деп едім.
(Ортаға әндетіп тазша бала шығады.)
Тазша бала:Армысыз Әз Наурыз, амансыздарма қонақтар.
Наурыз: Қош келдің бауырым!
(Тазша бала кеудесіне қолын қойып Наурызға тағзым жасайды.)
Наурыз: Мен бүгін сенің тапқырлығыңды сынайын деп едім, «наурызша»дегеніміз не, соны айтып берші?
Тазша бала: Айтқаныңыз болсын. Наурызша- наурыз қырбақ, қарайған жерді жасыра алмай қылаулап жауған жұқа қар.
Екінші сауалым: Отамалы дегеніміз не?
Бұл сұрағыңызға жауапты осы тойға жиналған оқушылардан сұрап көрейік.
Олар да мен сияқты тапқыр, алғыр оқушылар.
1-оқушы: Отамалы 15 наурызда кіріп 17 наурызда шығатын амал. Бұл амалдың жақсылықпен жамандыққа бағынуына қарай халқымыздың «Отамалы от алғанша» деп айтқан сөзі бар.
Наурыз: «Үт» дегеніміз не?
2-оқушы: Саңылау ,тесіктен үйге түскен күн сәулесінің тозаңдануын қазақ «үт кірді» деп есептейді. «Үт кірді, үйге құт кірді» деген қазақ мәтелінде үлкен мән
бар.
Наурыз:  Наурызек дегеніміз не?
Наурыз айы депнда ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурызегін» келдің бе? деп шақырып жем шашады.
Наурыз;Наурыз шешекті қалай түсіндіресің?
4-оқушы;Наурыз айында өсетін жапырақты,түрігүлді,қауашақты  әсем өсімдік.
Оны үйде де өсіреді.Майының дәрлік қасиеті бар.Қазақстанның  таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседіНаурыз шешек “қызыл кітапқа енген’бағалы өсімдік қатарында жатады.
Наурыз;Наурыз төл дегеніміз не?
5-оқушы;Наурыз айында  мал төлдей бастайды.Олар наурыз толі деп аталып,төл  басы ретінде бағаланып ,малжанды қазақ баласы  оны ерекше күтіп бағады.
Наурыз;Наурызнама деген не?
6-оқушы.Наурызнама шат-шадыманды ойын- сауық той.Кей жерлерде наурыз тойы депте аталады.Бұл кунді улкен болсын,кіші болсын  осы мейрамға кетіп ,көңілді ойын сауықтар жасалады.Мұнда шарап ішу ,ренжісу сияқты жағымсыз әрекеттерге тыйым салынадыТойда ат жарысы ,палуан  күрес,басқа да спорт  бәсекесі болады.айтыс,түрлі ойындар ұйымдастырылып,коңілді жұмбақтар,ән,өлеңдер,наурыз жырлары  айтылады.Әркім үлкендерден бата алады
Наурыз;Ал ендеше тойды бастап  ойындар ойнап  ән салып би билейік.
Әр ауыл көріністер көрсетеді.
1-жүргізуші.Олай болса “Қыз қуу”ойынын ойнайық.
1-ші сынып оқушылары көрсетеді
2-жүргізуші:Келесі ойынымыз Аударыспақ 4-ші сынып оқушылары.
1-жүргізуші:Арқан тартысып мықтыларды сынайық.6 баладан шығып арқан тартысады.
Тақпақтар:

 

 

Ал халайық жараңдар
Наурыз келді, қараңдар
Құлпыруда далам бар
Қуануда адамдар,
Наурыз келді, қараңдар!

Наурыз келді жыл келді
Дала жайнап гүлденді
Көңілдерге қуаныш
Жүректерге нұр берді,
Наурыз келді, жыл келді!
Қырлар көкке оранды
Құстар қайта оралды
Жылы шуақ молайды
Қарлы ызғар жоғалды

Толған кезі ырыстың
Қызған кезі жұмыстың
Келді Наурыз, Жаңа жыл,
Ұлы күні ұлыстың
5.Тыңда ағайын тыңдаңдар
Тойда босқа тұрмаңдар
Наурыз әнін шалқытып
Наурыз жырын жырлаңдар

6.Бар жанменен туыспын
Бар жанменен ұғыстым
Наурыз достық, ынтымақ
Ұлы күні ұлыстың

7. Өлкеме Наурыз келді, көктем келді,
Құлпырып гүлге орап көк пен жерді
Халқымыз салт дәстүрін аялаған
Арманы асқақтады көптен бері

8. Наурызым көктем жыл басы
Жыл құсы қаққан қанатын
Жаңа тірлік жалғасы,
Жадырап мейір қалатын

9. Наурыз- өлең ұйқасы
Сыршыл бұлақ бұрымды
Көктем ару ұйқы ашты
Күнге күліп бұрылды

10. Наурыз келді, көктем келді шуақты
Жауқазындар жасыл  қырда гүл атты
Жүзімізде қуаныштың нұры ойнап,
Жүректерге көктем енген сияқты

11. Наурыз келді жылғалардан су ақты
Ал тасқындар асықтырды бұлақты
Өңірлерде өскен жаңа гүл қаптап,
Көңілдерге көктем енген сияқты

12. Салт-дәстүрмен жараса
Қайта құрып жаңаша
Жарыса өнер көрсетіп
Той тойлаймыз тамаша.

2- жүргізуші: Әнші, биші, ақынбыз
Елім тапқан жарасым
Думандатып жатырмыз.
Қазағымның даласын.
Ән:
1-    жүргізуші:Жан қалмасын жай тұрған,
Мәз болсын жас кәріміз
Кел шырқайық ән айтып
Би билейік бәріміз

Би: 4 сынып «Қамажай»

2-    жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй.
Мерекелік концерттік бағдарламамен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
: [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *