Басы » Бала бақша » Ормандағы ойындар

Ормандағы ойындар

БҚО, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы
№5 «Жеткіншек» балабақшасының тәрбиешісі
Халиуллина Гульайман Кенжешовна
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тақырыбы: Ормандағы ойындар
Білім беру саласы: Қатынас, Таным.
Бөлімдері: Тіл дамыту, Қоршаған орта.
Мақсаты: Балаларға ормандағы аңдар туралы түсінік бере отырып, жабайы аңдарды бір-бірінен ажырата білуге, оларды дұрыс атауға үйрету. Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту. Аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, қамқорлықпен қарауға, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілген жұмыс: Жұмбақтар жасыру, жабайы аңдар туралы әңгімелеу.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, жұмбақтар жасыру, ойын.
Қажетті көрнекі құралдар: Жабайы аңдардың жұмсақ ойыншықтары, орман келбеті, бетперделер.
Қостілділік компонент: Орман-лес, жабайы аңдар-дикие животные

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту Балаларды «Жылулық» шеңберіне жинау, амандасу.

Тыныштықта елім бар,
Ну орманды жерім бар.
Күннен-күнге көркейген,
Қазақстан елім бар.

Балалар шеңберге тұрып, амандасады.
Ұйымдастыру
шылық ізденіс кезеңі Балалар, қараңдаршы, бізге бейбітшілік құсы көгершін ұшып келді. Ол бізге хат алып келіпті. Қане, ашып оқиын. Балалар, бұл хаттың ішінде тапсырмалар бар екен, бірінші тапсырма жұмбақ екен, мұқият тыңдап жауабын айтайық.

Шаңғы, коньки тебетін,
Шана сүйреп жүретін.
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
— Балалар, көгершіннің екінші тапсырмасы аюдың жүрісін, қимылын сал деген екен.
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Балалар, көгершін сендерге рахмет айтып, жолдарың болсын дейді.
— Қане, олай болса, балалар орманға саяхатқа барайық.
Орманда қандай аңдар болады екен, таныс болайық.
Балалар, ең қорқақ аңды білесіңдер ме?
Ян-ян-ян, секеңдеген қоян.
Бананды сүйіп жейтін аң не?
Ағаштан-ағашқа секіріп жүретін аң қандай аң?
Балды жақсы көретін аң?
Ю-ю-ю, қорбаңдаған аю.
Мысыққа ұқсайтын аң?
Ыс-ыс-ыс,
Сары ала жолбарыс.
Алма мен саңырауқұлақты жасқсы көретін не?
Пі-пі-пі,
Тікені көп кірпі.
Балалар, енді сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешуін тауып көріңдер.
Орманда тұрады өзі бір қу,
Жүрген жері айқай-шу.
Бұл не?
Олай болса, балалар, қазір біз ойын ойнаймыз. Ойынымыз «Түлкі мен торғайлар» деп аталады.
Ойынның шарты: Бір бала түлкі болады, қалған балалар торғайлар, олар биік бөрене үстінде қонақтап отырады. Балалар торғайлар болып торғай жөнінде өлең айтып отырады.
Торғай, торғай, тоқылдақ,
Жерден тары шоқып-ап.
Бөтегесі томпиып,
«Шиқ-шиқ» десіп отырады.
Торғайлар ұшып-қонып жүреді. Сол кезде түлкі келіп, оларды қуа жөнеледі. Ұясына жетпей түлкіге ұсталған торғайлар алаңда, ортада қалады.
Логикалық ойын: «Аңдарды топтастыр»
Мақсаты: Балаларды аңдарды ажырата отырып, оларды топтастыра білуге үйрету.
Ойын шарты: Балалардың қолдарына жұмсақ аңдар беріледі, балалар қолындағы аңның жүрісін көрсетіп, топтастыру керек. Балалар таңдана қарайды.

(Балалардың жауабы)

Қыс мезгілі

Балалар өлеңді қимылын көрсетіп орындайды.
Қоян
Маймыл
Тиін
Аю
Жолбарыс
Кірпі
— Түлкі
Балалар ойын шартына сай ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Балалар ойынның шарты бойынша аңдардың жүрісін салып, топтастырады.
Іс-әрекетті бақылау кезеңі Балалар, біз қайда саяхатқа бардық?
Орманнан біздер не көрдік? Қандай аңдармен таныстық?

Сендерге саяхатымыз ұнады ма?
Өте жақсы, балалар, сендерге көп рахмет. ОрманғаАңдарды көрдік. Аю, түлкі, жолбарыс, тиін, маймыл, кірпі.

Ия, ұнады.
Күтілетін нәтиже:
Баланың білуі: Аңдарды бір-бірінен ажыратып, атай біледі.
Баланың меңгеруі: Жабайы аңдар туралы жұмбақты шеше білуді , олардың жүрісін салуды меңгерді.
Баланың жасай алуы: Көру, есту, түсіну арқылы өз беттерінше іс-әрекет жасай алады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *