БҚО, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы
№5 «Жеткіншек» балабақшасының тәрбиешісі:
Табенова Айгерим Маратовна
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тақырыбы: Үй құстары
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған орта
Мақсаты: Үй құстары туралы түсініктерін нығайту,олардың мекенін, тіршілігін, дала құстарынан айырмашылығын ажырата білуге дағдыландыру, үй құстарына деген қамқорлыққа баулу.Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: Үй құстары туралы әңгіме
Әдіс-тәсілдер: Түсіндірмелі, көрсету, сұрақ-жауап, сергіту сәті, дидактикалық ойын
Көрнекі құралдар: Үй құстарының суреті
Қостілділік компонент: Үй-дом, құстар-птицы
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Себепті
кызығушылығын ояту
кезеңі
Шаттық шеңбері:
Армысыз қайырымды аспан ата!
Армысыз мейірімді жер ана!
Армысыз шұғылалы алтын күн!
Қуан, шаттан, алақай!
Қайырлы таң!Қайырлы күн!
Балалар шеңберге тұрып, қолдарын жоғарға көтереді.
Еңкейіп жерді көрсетеді.
Күнге қолдарын созады.
Қолдарын шапалақтайды.
Иіліп қолдарын кеуделеріне қояды.
Жерден күнді алып жоғарға көтереді.
Бір-біріне жақындап құшақтайды.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
Іс-әрекетті бақылау кезеңі
— Балалар енді орнымызға отырайық.
— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
— Қыс мезгілінде қандай ауа райы өзгерістері болады?
— Дұрыс айтасыңдар.
— Балалар, сендер үй жануарларын білесіңдер ме, қане, атап беріңдерші?
— Өте жақсы, балалар, бүгін біз құстар туралы білетін боламыз.
— Құстар үй құстары және дала құстары болып бөлінеді.
— Үй құстарына нелер жатады екен?
— Ия, балалар, олар үй маңында аулада тіршілік етеді, адамдар оларға жем, тары береді. Үй орыс тілінде дом, құстар-птицы, яғни үй құстарын домашние птицы деп атаймыз, қане, бәріміз айтайық.
— Өте жақсы, балалар сонымен қатар дала құстарын атайықшы.
— Ия, балалар, бұл құстар далада, орманда өмір сүреді.
— Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер жауабын тауып көріңдер, жарай ма?
Кеудесi қайқандап,
Жүредi байпандап. Ол не?
— Ия, балалар, міне бұл үй құстарының бірі – қаз. Қаздың мойны, тұмсығы ұзындау болады. Ал мынау қанаттары. Қаз тауықтарға қарағанда үлкендеу болады, жұмыртқасы да үлкендеу болады.
— Ал мынау — үйрек. Бұл құстар суда жүзгенді ұнатады. Үйректің де жұмыртқасы болады, ол да тауықтікіне қарағанда үлкендеу болады. Балапандарын суда жүзуге баулиды.
— Ал, мына суретке қараңдаршы, бұл не?
— Тауықтың түсі қандай?
— Тауық қалай дыбыстайды?
— Ал, келесі жұмбағымды мұқият тыңдаңдар.
Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай. Ол не?
— Ия, балалар бұл әтеш, ол таңертең адамдарды ұйқысынан оятады, ол әрқашан қозғалыста болады, жан-жағына қарап, қақпаға шығады, қанаттарын қағып қатты айғайлайды. Әтеш, тауықтан үлкен, оның басында қызыл айдары бар, әдемі түрлі-түсті құйрығы бар, солай ма?
— Әтеш қалай дыбыстайды?
— Қане, олай болса балалар, аздап сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Таң әлі атқан жоқ,
Маңай әлі қараңғы.
Әтеш ерте оянып,
Жан-жағына қарады.
Шынықтырып денесін,
Қанаттарын қағады.
Ку-ка-ре-ку тұр-тұрлап,
Оятады баланы.
Ойын: «Артығын тап»
Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін арттыру.
Таңғажайып сәт: «Қалпақтың астында не бар?»
(Қалпақтың астында жұмыртқа бар, жұмыртқадан балапанның шығуы)
— Балалар, қалпақтың астында не бар екен?
— Оның түсі қандай? Пішіні қандай?
— Жұмыртқаның сырты қатты, жерге түсіріп алсақ жарылып қалады.
— Жұмыртқаның ішінде не барын көргілерің келе ме?
— Жұмыртқадан не шықты?
— Балапанның түсі қандай?
— Өте жақсы, балалар, олай болса, қазір біз балапан бейнесін жапсырамыз.
— Қараңдаршы, балапанның денесі қандай пішіндерден құралған?
— Қане, олай болса осы пішіндерді қолданып, балапан бейнесін жапсырайық.
— Өте жақсы, балалар, мен сендерге қызықты тапсырма орындатқым келіп тұр.
— Мен тақтаға құпия суретті іліп қойдым, оны қызыл, сары, көк, жасыл түстермен жасырып қойдым,, сендер бір түсті таңдайсыңдар, сол түс бойынша сендерге сұрақ қойылады, қане, олай болса, тақтадағы төрт түстің бірін атаңдар.
Сұрақтар:
Сары түс: Үй құстарын ата
Қызыл түс: Басында айдары бар,ку-ка-ре-ку деп деп дауыстайтын не?
Жасыл түс: Суда жүзгенді ұнататын қай құс?
Көк түс: Жұмыртқадан не шығады?
— Міне, балалар құпия суретіміз ашылды. Бұл суретте не бейнеленген екен?
— Өте жақсы, балалар, сендерге бүгінгі оқу іс-әрекет ұнады ма?
— Маған да ұнады, сендер өте жақсы қатыстыңдар, рахмет.
Орындарына отырады.
— Қыс мезгілі
— Қыс мезгілінде күн салқын, аяз, боран болады. Қар жауады. Жылы киімдер киеміз.
— Жылқы, сиыр, қой, ешкі, түйе, ит, мысық
— Тауық, әтеш, балапан, қаз, үйрек
— Домашние птицы
— Қарлығаш, көгершін, торғай, қарға, көкек, сауысқан,т.б.
— Қаз
— Тауық
— Шұбар
— Қо-қо-қо
— Әтеш.
— Ку-ка-ре-ку
Балалар сергіту сәтін орындайды.
Балалар «Артығын тап» ойынын ойнайды.
— Жұмыртқа
— Ақ, сопақша
— Ия
— Балапан
— Сары
— Дөңгелек, үшбұрыш
Балалар балапан бейнесін жапсырады.
— Тауық, әтеш, қаз, үйрек, күркетауық
— Әтеш
— Үйрек
— Балапан
— Жұмыртқа және балапан
Күтілетін нәтиже:
Баланың білуі: Үй құстарын атай біледі.
Баланың меңгеруі: Үй құстарының мекені, қаз, үйрек, әтештің өзіне тән белгілерін, дала құстарының ішінен үй құстарын ажырата білуді меңгерді.
Баланың жасай алуы: Балапан бейнесін ұқыпты жапсыра біледі.