Басы » Tәрбие сағаттары » Ақпыз, сары, қарамыз, Ағайынбыз бәріміз.

Ақпыз, сары, қарамыз, Ағайынбыз бәріміз.

Ақмола   облысы
Астрахан ауданы  білім бөлімі
Астрахан  №1 орта  мектебі
бастауыш сынып   мұғалімі
Тангатарова  Тамара  Тұрсынқызынқызы
Тақырыбы: «Ақпыз, сары, қарамыз,«Ағайынбыз бәріміз».

Мақсаты: Көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны жайлы танымдық ойларын дамытып, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәрбиеленеді.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, сто стратегиялары.
Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суретті плакат, бүктеме суреттер, нақыл сөздер.
Жоспар:
1. Қ.О. топтастыру
2. М.Т. «Қазақстан мемлекеті ұлттар ынтымағы» жайлы анықтамалары.
3. Тақпақтар.
4. Мақал-мәтелдер көрініс. «Рас екен мақалдар»
5. «Бар елге қымбат туыстық»
Кіріспе
Қызығушылықты ояту
-Балалар, мамыр айындағы алғашқы мереке қалай аталады?
-Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі.
-Олай болса, бірлікке, татулыққа бізде ұмтылайық.
Сіздермен бірге мына тренингті жүргізейік.
Дөңгелене шеңбер болып, қол ұстасып тұра қалайық. Бірімізге-біріміз «Мен сенімен дос боламын» — деп күлімсірейік.  Орнымызға отырайық.
   І. Қызығушылықты   ояту
-Бірлігі жарасқан, ынтымақты халық болуымыз үшін бізге не қажет деп ойлайсыздар?
-Отан
-Достық
-Бейбітшілік
Олай болса, балалар «Отан», «Достық», «Бейбітшілік» болып топқа бөлінеміз.
Топтастыру
Әр топ өз атын көз алдына елестете отырып, топтастырып қағазға түсіреміз.

                    ІІ. Мағынаны   тану

Мұғалім сөзі
Әрбір адам үшін дүниедегі ең қасиетті де киелі ұғым – Отан. Шынында да солай. Константин Паустовскийдің өз сөзінде: «Адам жүрексіз өмір сүре алмайтынындай, еш уақытта Отансыз өмір сүре алмайды». Осы айтқандай адамның барлық тіршілік-тынысы өз Отанымен тікелей байланысты әрі сабақтас.
-Иә, бүгін біз үшін Отаннан артық ұлы ұғым жоқ. Елімізде мекендейтін барлық халық өкілдері ынтымақ пен достық туын жоғары ұстап келеді.
Бейбітшілік – біздің басты ұранымыз әлемде бейбітшілікті сақтау адамның ең бірінші құқығы, өмір сүру құқығын сақтау деген сөз.
Арайлым:
-Қазақстанда тұратын жүзден астам ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады. Мамыр – достық мерекесі. Бұл – еңбекшілердің халықтық мейрамы, бүкіл дүние жүзі жұмысшыларының ынтымақ күні.
Ырыс алды-ынтымақ, достық түбі-береке, мереке дейді.
Әмина:
Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бүкілхалықтық мейрам. Кең байтақ Отанымызда ынтымағы жарасқан жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері мекендейді.
Сағынбек:
-Міне, мерекелі мамыр айы да келіп қалды. Мамыр айы – ерекше ай. Ендеше, достым, себебін айтшы.
Дәулет:

  • -Иә, бізің туған жеріміз Қазақстан кең байтақ. Бір шетінен екінші шетіне жету үшін құс қанаты талады.

Айгерім:

-Қазақстанда тұратын барлық ұлттар еліміздің ашық аспаны мен көкшіл туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Қазақстанның ынтымақ бірлігі үшін біз шаттанамыз.

Нұрлан:

-Біздің сәби жүрегіміз бейбітшілікті қалайды. Бәріміз бейбітшіліктің туын жоғары ұстап болашаққа жол бастайықшы.

Анар:

-Әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Ертегілер, аңыздар, салт-дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Әртүрлі халықтар  әртүрлі ертегі айтады.

Әртүрлі бесік жырын жырлайды. Дегенмен, бақыт, әділдік, бейбітшілік жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктіреді.

Досбол:

-Еліміздің барлық жерінде қазақтар, орыстар, өзбектер, ұйғырлар, корейлер, татарлар, украйндар, шешендер, дұнғандар және басқа көптеген ұлттардың адамдары тату-тәтті өмір сүріп еңбек етеді. Бұл халықтар түріне, нәсіліне қарамастан теңдей білім алып, Қазақстан Республикасының Ата заңы негізінде өздерінің Отанына айналған қазақ еліне барынша қызмет етіп, беделін үстем етіп келеді.

 

Үміт:

-Қазақстан елінің көк байрағын әлем чемпионатында желбіреген Ольга Шешигина қазақ тілін ана тіліндей жетік меңгергендей Қазақстанның халық жазушысы Герольд Бергер, айтыс ақын Надежда Лушникованы мақтан тұтамыз.

Алмас:

-Иә, кіндік қаны тамған жерінің қадірін түсініп, жергілікті ұлттың мәдениеті мен дәстүрін мойындап келген, қазақстандық бауырларымыз бүгінде қазақ тілін қазқа халқынан кем білмейді.

Шыңғыс:

-Кең пейілді қазақ халқының дархан даласын жайлаған барша ұлт өкілдері қазақ жерін «Отанымыз» дейді.

Диас:

-Мұндай мақтаныш сезіммен айтылған жалынды сөз жанымызды жадыратады.

Мадина:

-Жер шарында өмір сүретін халықтар алты құрлыққа бөлінген. Елдер тыныштықпен, бейбітшілікпен өмір сүргісі келеді. Нәсілдікке бөлінбейді.

     Айгерім, Арайлым:

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Достық тату өмірге

Дүние жүзі сенеді.

Соғыс өртін өшіре

Бейбітшілік жеңеді.

Хор: «Ағайынбыз бәріміз»

    Аида:

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан.

Нұрлан:

Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің тірегім,

Құшағыңда гүл атам.

Үміт:

Күлімде, күн күлімде

Күлсін барлық бала шат

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ!

Алмас:

Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң,

Сенен бақыт тарайды,

Баршамызға Ұлы Отан.

Индира:

Отанды

Жас, кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз,

Өйткені онда бәріміз де

Туып, өмір сүреміз.

Арайлым:

Шекіссек те екеуміз,

Үйге жылап қайтпаймыз.

Сөзімізге бекімбіз,

Анамызға айтпаймыз.

Сағынбек:

Сеніңдер менің сөзіме,

Құлақтарыңды тосыңдар.

Қатты ұнайтын өзіме,

Ғажайып бір досым бар.

Ән: «Біз өмірдің гүліміз» орындаушылар: Анар, Аида, Әмина.

     Қарлығаш:

Көріспесек бір жұма,

Іздеп келер ол кілең,

Мен қайғырсам – ол жылап

Ол жымиса – мен күлем.

     Дәулет:

Үзім нанды бөліскен,

Ынтымағы келіскен

Достық аулақ тұрады

Ұрлық, ұрыс-керістен.

    Мадина:

Гуілдеген тоғайша

Күндерді еске алыңдар.

Досы жоқтар қалайша

Сүреді өмір, таңым бар.

Досбол:

Не жетеді ғазиз досқа расында,

Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда

Қиналады, сен қиналсаң болғаны

Ұйықтамасаң, ұйықтамайды ол-дағы.

Айгерім:

Алыстап кетті балалық,

Қоңырау сыңғырын соқты да

Аңсайды екен адамдар

Бір мезгіл өткен шақты да.

Әмина:

Достық деген ізгіліктің алаңы

Оған куә ғасырлар мен замандар.

Отанын да сатып кете алады

Қиын шақта, досын сатқан адамдар.

Малика:

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басынан сөз асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз.

Дәм-тұзды ақтай білген елміз.

 

Көрініс: «Рас екен мақалдар»

1. Досыңа өтірік айтпа,

Дұшпаныңа сырыңды айтпа.

2. Мал көтерер өлімді,

Дос көтерер көңілді.

3. Ағаш тамырымен,

Адам досымен мықты.

4. Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.

5. Достың ескісі, киімнің жаңасы жақсы.

6. Жаңа дос жаныңда жүрсе,

Ескі дос есіңде жүрсін.

7. Ескі дос келгенде,

Жаңа достың көзінен жас шығады.

8. Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.

9. Досыңмен дос болғанша шаттан,

Дұшпаныңмен дос болғанна сақтан.

10. Асы көптің – тәні семіреді,

Досы көптің – жаны семіреді.

11. Досың мың болса да аз,

Дұшпаның біреу болса да көп.

12. Дос құшағы жаз.

13. Жаман туғаның болғанша

Жаман дос қосып айтар.

14. Жақсы дос ашып айтар,

Жаман дос қосып айтар.

Айгерім:

Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен достық қарым-қатынасы.

Анар:

Достық – өмірдің ең зор қуаныштарының бірі, онан да зор қуаныш – сырыңды айтатын адамның болуы.

Досбол:

Достық – өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да басқа игілікке түгел ие бола тұрса да дос-жарансыз өмірді қаламақ емес.

Би: Татар, өзбек билері орындалады.

Ән: «Ақ көгершін» хормен.

Көрініс: «Бар елге қымбат туыстық» (пьеса)

Ән: Қыздардың орындауында: татарша  ән

Би: Ұлдардың орындауында: « жорға»  биі

Үміт:

Алыптар бас қосса,

Халықтар достасса,

Жеңіске жетеді.

Жерде де ғарышта!

Бәрі:

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Дәулет:

Бейбітшілік ұранымыз,

Достық, бірлік жыр-әніміз

Таңғажайып Ұлы Отанда

Тату-тәтті тұрамыз біз.

   Индира:

Аман-сау болса аналар,

Бақытты барлық балалар.

Ән хормен: «Әрқашан күн сөнбесін»

(жалаушылар желбіреп, шарлар ұшырылады)

 

                    ІІІ. Ой толғау

І топ: «Отан» туралы 5 жолды өлең.

ІІ топ: «Бейбітшілік» туралы сурет салу.

ІІІ топ: «Достық» туралы шығарма жазу.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *