Басы » Cыныптан тыс » Білімді бала – ел ертеңі (интеллектуалдық сайыс).

Білімді бала – ел ертеңі (интеллектуалдық сайыс).

Ақмола   облысы
Астрахан ауданы  білім бөлімі
Астрахан  №1 орта  мектебі
бастауыш сынып   мұғалімі
Тангатарова  Тамара  Тұрсынқызынқызы

Тақырыбы:       «Білімді бала – ел ертеңі» (интеллектуалдық  сайыс).
Мақсаты:
1. Оқушылардың  білім туралы ойларын  кеңейте түсу, білімнің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы, білім, ғылым жаңалықтарымен таныстыру.
2. Оқушылардың ана  тілін сүюге, адамгершілік қасиетін қалыптастыру, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі – өнеге алуға баулу.
Көрнекілігі:  интерактивті тақта,  слайдтар, суреттер, нақыл сөздер, қоржын,  асықтар.

Барысы:
Жоспар:
1.  Аталы сөз білімді болуға бастайды.
а)  Қандай  аталы сөздерді  білесіңдер?
ә)  Халық тағлымы – тәрбие  бастауы.
2. Біліммен қаруланған   қор болмайды.
а) Білім туралы қандай заңдарды білесіңдер?
ә) Ұлы кісілердің білім  туралы айтқан  ойлары.
3. Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.   (көрініс)
«Байлық, бақыт, ақыл»
4. Білімсіз  күннің  жоқ.
а ) Мақал – сөз  көркі.
ә) Қандай өлең   жолдарын  білесің?  (Отан, ана,  оқу, білім  туралы)
5. Ел  ертеңі көз алдымызда.
(Сұрақ-жауап, топпен бірге жауап беру)
6. Таңғажайып   төрттік.
(қазақ тілі, әдебиеттік оқу,  математика,  дүниетану  пәндерінен сұрақтар)
Мұғалім:
— Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі сыныптан тыс өткізгелі отырған интеллектуалдық сайысымыздың мақсаты – білім, ғылым туралы, білімнің адам өміріндегі маңыздылығы мен пайдасы жайлы білу. Халқымыз жан – жақты адамды сегіз қырлы, бір сырлы – дейді. Адамның сегіз қырының бірі – оның білімі. Білімді адамның көкірегі ояу болады, жақсы мен жаманды айыруды біледі.

1. Қызығушылықты  ояту.     

                Қандай адам білуге, білімге  ұмтылады?

-Балалар,   біз бүгін  білімімізді ортаға салып,  сайысқа түсеміз.  Ол  үшін топқа бөлінейік.  Геометриялық фигураларды таңдау арқылы топқа бөліну.

І  топ.  «Білімділер»

Ұраны:  Білімді  мыңды жығады,

              Білекті бірді жығады.

ІІ  топ.  « Алғырлар»

Ұраны:   Ғылым деген – бір  бұлақ,

               Көрінбес  көзін ашпаса.

                               ІІ.  Мағынаны   тану

І топ.

 

Индира.  Ашу деген – ағын сөз.

Алдын алсаң арқырар,

Ақыл деген – дария

Алдын тоссаң тоқырар.

Алмас.  Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман туса,

Көшінің соңы болады.

 

Қарлығаш. Кісі біреуге туыспау керек,

Туысқан соң сөз қуыспау керек.

Сөз қуған пәлеге жолығады,

Жол қуған олжаға жолығады.

Арай. Адамның сәні – өнері – білім, ақылы,

Жердің сәні – жемісі, өнімі, дақылы.

Сөздің сәні – өнегелі өткір нақыл,

Пікірдің сәні – ең пайдалы мақұлы жетесшешен.

Шыңғыс. Ғылымсыз адам айуан,

Не қылсаң да ғылым біл.

Ғылымға да керек жан,

Ақылсыз ғылым тұл…

ІІ топ.

Дәулет. Шешендіктен не пайда,

Артында сөзі қалмаса,

Халқына қайраны болмаса.

 

Нұрлан. Суламайтын суат жоқ,

Тартылмайтын бұлақ жоқ.

Құйрығы суда тұрса да,

Құрғамайтын құрақ жоқ.

Үміт. Жүзге бөлінгендердің жүзі қара.

Руға бөлінгендердің құруға асыққаны

Атаға бөлінген адыра қалады.

Көпті қорлаған көмусіз қалады.

Анар. Үй жанында биік төбең болса,

Ол ерттеулі аттан кем емес.

Отбасыңда білгір қарт болса,

Ол жазылған хаттан кем емес.

Ей үш жүз, кіріспегін,

Асылы бізге керіскен жөн емес.

Диас. Талаптан да біліммен

Өнер үйрен.

Білімсіз, өнерсіз

Болады ақыл тұл.

ә)  Халық тағлымы – тәрбие бастауы.

І топ

1. Оттан ыстық деген не?

Көктен биік деген не?

Жерден ауыр деген не?

Судан терең деген не?

          Арай

Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім,

Судан терең дегенім  оқу, ғылым.

Оттан ыстық деген – адам өмірі,

Көктен биік деген – тәкәппардың көңілі.

 

2. Не жетім?

         Сағынбек

Жаңбыр жаумаса – жер жетім,

Басшысы болмаса – ел жетім,

Тыңдаушысы болмаса – сөз жетім.

 

3. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?

            Алихан

Ананың сүті тәтті,

Ананың қолы жұмсақ.

Әкенің жүрегі қатты.

 

ІІ топ

1. Кім жақын?

            Досбол

Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшы болса – апайың жақын.

Бауырмал болса – інің жақын,

Алдыңа тартқан адал алың,

Қимас жақын – қарындасың.

 

2. Не қымбат?

              Аман

Алтын ұяң – Отан қымбат,

Қуат береке – атаң қымбат.

Аймалайтын апаң қымбат,

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

3. Не қиын?

Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын,

Іске аспаған серт қиын,

Ақылыңнан адасып, өзің түскен өрт қиын.

Мұғалім:

— Балалар, әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, салт – дәстүрі, діні, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Үлкенді тыңдау, оның сөздерін еске түйіп құрметтеуіміз керек.

І топ.

Көп жасаған қария,

Ақылы теңіз – дария.

ІІ топ

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі соқпақ өзі жер.

ІІ. Біліммен қаруланған қор болмайды.

І топ

1. Білім туралы қандай заңдарыды білесіңдер?

І топ   Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы.

ІІ топ  Бұл жобадағы білім жүйесінің басты міндеті – мемлекеттік білім жүйесін жаппай ақпараттандыру.

2. Ұлы кісілердің білім туралы айтқан ойлары

       Қарлығаш

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайдан деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз

Артық ғылым кітапта

Ерінбей оқып көрсеңіз.

       Шыңғыс

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сенде бір кірпіш, дүниеге

Кетігін тап та бар қалан.

          Мадина

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспейді усыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

3. Білімдіден шыққан сөз,  талаптыға болсын кез.

« Байлық, бақыт,  ақыл»   көрініс.

ІV. Білімсіз күнің жоқ.

а) мақал – сөз көркі.

— Бес минутта қай топ көп мақал – мәтел айтады екен.

ә) қандай өлең жолдарын білесіңдер?

(Отан, ана, тіл, оқу т.б. туралы)

 

V. Ел ертеңі көз алдымызда.

            сұрақ – жауап.

1. «Қазақ» деуден бұрынғы елдің жалпы аты? (Алаш)

2. Оқу жылының басынан бірге оқитын оқушылар тобы. (сынып)

3. Оқу жұмысының ұйымдастырудың негізгі формасы. (сабақ)

4. Қанатсыз құс. (пингвин)

5. Жүгірсең де, ұшсаң да жете алмайсың? (көкжиек)

6. Адамзат қоғамының шежіресі. (тарих)

7. Оқушылардың мектепте, отбасында, көшеде және қоғамдық орындардағы міндеттері мен тәртібін анықтайтын құжат. (ереже)

8. Ғарыш көлігі. (зымыран)

9. Ең озық кино үшін берілетін шетелдік жүлде. (Оскар)

10. Қандай құс балапандары анасын білмейді? (көкек)

VІ. Таңғажайып төрттік.

Қазақ тілі.

1. Тілімізде неше септік бар?

2. Сөз құрамын ата.

3. Жалғау дегеніміз не?

4. Жұрнақ дегеніміз не?

5. Тілімізде қанша сөз табы бар?

6. Сөйлем мүшелерін ата.

7. Үстеу дегеніміз не?

8. Оқушы сөзін жікте.

9. Дәптер сөзін жікте.

10. Әже сөзін септе.

Әдебиеттік оқу.

1. «Ақ кеме» повесінің авторы.

2. «Ғарыш қыраны» кімнің өлеңі.

3. Отан, туған жер туралы қандай өлеңдер білесіңдер?

4. Оқулықтағы «Екі бала» өлеңі кімнің шығармасы. (Крылов И.А.)

5. Бердібек Соқпақаевтың қандай шығармаларын білесің? (шал мен бала)

6. Шешендік сөз деген не?

7. Шығамын тірі болсам адам болып. Кімнің өлеңі?

8. С.Сейфулин туған жері?

9. Фариза Оңғарсынованың қандай шығармаларын білесің? (оюлар, шаңырақ)

10. Алдаркөсе жайлы бір әңгіме айт.

Дүниетану.

1. Күн жүйесінде неше планета бар? (8)

2. Уран күнді неше жылда бір рет айналады? (84 жыл)

3. Күнге өте алыс планета. (Уран)

4. Күн жерден қанша есе ауыр? (1 млн 300 мың есе)

5. Күн температурасы шамамен қанша. (6 мың°С)

7. Қ.Р-ның физикалық картасында таулы жер қандай түспен боялған?

8. Жер шарында неше мұхит бар?

9. Балқаш көлінің қасиетін ата.

10. Таулы жер өсімдіктерін ата.

Математика.

1.  Кластарды ата. (бірліктер, мыңдықтар, оң  мың, жүздіктер)

2.  Шаршының ауданын тап. а=12 см   в=3 см    S=?

3.  Геометриялық фигураларды ата.

4.  Бұрыштарды ата.

5. Тік бұрыш неше градусқа тең?

6. Доғал бұрыш неше градусқа тең?

7. Қосудың, көбейтудің қандай заңдарын білесің?

8. Разрядтарды  ата.

9. Туристер  жеңіл машинамен  сағатына   60 километр жүріп отырып,  межелі  жерге  3 сағатта келді.  Олар   қанша қашықтықты жүріп өтті?

10.  Масса  бірліктерін ата.

Қорытынды:   әділ қазылар алқасына сөз беру,  сайысқа белсенді   қатысқан балаларды мадақтау,  марапаттау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *