Басы » Технология » Ас үйлік аспаптар және Панно жасау

Ас үйлік аспаптар және Панно жасау

  Ақмола облысы
  Ерейментау ауданы
Новодолинка орта мектебі
Шағын жинақталған мектептегі сабақтың жоспар – конспектісі
Тақырыбы:     «Ас үйлік аспаптар»  (7 «А» сынып) 
«Панно жасау»   (8 «А» сынып) 

Батыров Бекбол Қауанұлы     

технология пәні мұғалімі                                                              

Сынып                       7 «А»                                 8 «А»
Сабақтың тақырыбы        Ас үйлік аспаптар                     Панно жасау

 

Сабақтың мақсаттары А)Оқушылардың ас үйлік аспаптар туралы  бұрынғы білімдерін жетілдіру. Ас үйлік аспаптарын  және панно жасау  жолдарын үйрету;

Ә) Оқушылардың икемділіктерін қалыптастыру, теориялық білімдерін іс-жүзінде шығармашылықпен  ұштастыру, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру;

Б)Оқушыларды үнемділікке , ұқыптылыққа, тиянақты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі                                                                         Аралас сабақ
Сабақтың әдісі                        Түсіндіру, сұрақ-жауап.  Сарамандық жұмыс, оза іздене білу
Пәнаралық байланыс  Тарих, геометрия, бейнелеу өнері, әдебиет
Сабақта жасалатын бұйымдар Картоп үккіш, ағаштан жасалған араластырғыш, ас тақтайшасы   Панно жасау (гүлден)
көрнекілігі Сызғыш, қарындаш, ПВА желімі, тазалау қағазы , станок, қашаулар,  дайын бұйымдар, СТО-120   Компьютер,төбеге арналған декор плиткасы,пластмасс гүлі, қарындаш, ПВА желімі, қайшы, моншақтар ағаш рама, диск, қылқалам
                                                                        

                                                                                 Сабақтың барысы

 

I                                                                 Ұйымдастыру кезеңі  (3 минут) )

А) психологиялық дайындық

Ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

II                                                         Үй тапсырмасын тексеру
  Сұрақ- жауап

а) Теріні өңдеу тәсілдері (ұқалайды)

ә) бұлғарыдан қандай бұйымдар жасауға болады?

-қамшы

-жүген

–арқан

-саба

 

4минут Қима қағазбен  жеке жұмыс:

1.қазақ халқының баспанасы

а) ағаш үй

ә) палатка

б) киіз үй

2.киіз үйдің құрылысы (кереге, уық, шаңырақ, адалбақан, есік)

3. киіз үйдің төбесі

а)  кереге

ә) шаңырақ

б) уық

4. киіз үйдің жабдықтарын ата

(түндік, үзік, туылдырық, есік киізі, баулары)

5. киіз үйдің жиһаздары

(кебеже, сандық, жүк аяқ, дөңгелек үстел, әбдре)

III Ой-толғаныс

-ағаштан жасалған қандай ас үйлік аспаптарын білесіңдер  (оқушылардың жауабы, топтастыру)

5минут Ноутбуктағы  гүл компазициясының техникалық сызбасымен өз беттерінше танысып,  жаңа тақырыпты ашады.
IV Сабақтың тақырыбы  және мақсатымен таныстыру

Жаңа материалды түсіндіру:

Ас үйлік аспаптары кесе, табақ, ожау, қасық, оқтау, ас тақтайшасы, картоп үккіш, нан салғыш.

-Осы аталған аспаптардың  қайсысын біз қолданамыз? (оқушылардың жауаптары)

Ендеше, бүгін біз сабақта ағаштан жасалатын бірнеше  бұйымдарын жасаймыз (ас тақтайшасын, картоп үккіш, араластырғыш қасық)

 

7 минут  
V                                                          СЕРГІТУ СӘТІ  2 минут
  Практикалық жұмыс 15 минут Жаңа материалды түсіндіру:

Панно компазициясын әртүрлі материалмен жасауға болады. Мысалы матадан, теріден, айнадан, қағаздан, бисерден. Бүгін біз сендермен пластмасс гүлден жасалған  «Гүл» компазицисын жасауды үйренеміз. Бұл жасалған панноны аналарға, әпкелерге, сыныптас қыздарға сыйлық ретінде ұсынуға болады.

VI Бекіту кезеңі:

а)  ас үйлік аспаптарды қандай ағаш түрінен жасауға болады

б) (ЭҚН)  осы жасаған бұйымдарыңды  үйде қалай қолданасыңдар? Егер дүкеннен сатып алатын болсаңдар, бағасы қымбат бола ма? Салыстыр.

в) жұмыс орнын тазалау

5 минут Практикалық жұмыс

 

VII  

А) оқушылардың бір-бірін бағалауы  2 минут

Ә)мұғалімнің бағалауы

 

VIII                                                                     Үй тапсырмасы
  Жасаған аспаптарын қажауқағазбен тегістеу 2 минут  Қағаздан көктем компазициясын жасап келу

 

                                                        

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *