Қызылорда обылысы,
Әйтеке би кенті,
Қазалы қаласы,
М.Горький атындағы №16 орта мектеп
Рахманбергенова Үміт
Информатика пәнінің мұғалімі
Интернетке тәуелсізбін (Дөңгелек үстел)
Сабақтың түрі: Дөңгелек үстел
Мақсаты:
- Балалар арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту.
Интернеттің пайдасы мен зияның ажыратуға көмектесу.
Дайын материалдарды пайдалану арқылы білімсіздікпен ойсыздыққа шалдығудан қорғау жұмыстарын ұйымдастыру.
Рухани тәрбие беру.
І кезең:
Тақырыппен жұмыс
Қатысушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіредіСергіту сәті: ХХІ ғасыр әуендері. Әзіл
“Көршінің қызы” әні
Агенттің сырын әр кім білетін,
Талайлар уақыт бөлетін.
Осында сұлу бір қыз жүретін,
Тұйықтау еді неге тым?
Қайырмасы:
Агенттің қызы керемет еді,
Суретін де оның сақтатағам.
Агенттен бірақ неге кетеді,
“Мой мирма” оған жақпаған?
Еске алам өткен күндерді енді,
Хат алып басқа достардан.
Сол қыздың жайын кімдер біледі,
Есімі Нұрдан басталған
Қайырмасы:
Агенттің қызы керемет еді,
суретін де оның сақтатағам.
Агенттен бірақ неге кетеді,
“Мой мирма” оған жақпаған?
ІІ кезең: Интернетте тәуелділікті жеңудің 10 жолы
бұл кезеңде интернет тәуелділікті жеңудің 10 жолын талқылап, өз өмірімізге қажеттісін алу
1.Кесте бойынша кір. Қағазға бір апталық кесте сызып, ғаламторға белгілі бір уақытта кіріп, қай уақытташығуды жазып қой. Бір апта бойы осы кесте ғана арқылы кір. Егер сен ғаламторда көп уақыт отыруға үйреніп қалсан, алғашқы күндері қиналасын бірақ уақыт өте үйреніп кетесін.
2. Білім деңгейіңізді көтеріңіз. Үйіңізде бұрыннан оқығыңыз келіп жүрген кітаптар бар шығар. Соларды оқуға кірісіңіз. Википедияның орнына энциклопедия оқыңыз. Осылайша интернеттен алшақтап қана қоймай, өз біліміңізді де жетілдіресіз.
3. Керегіңді жазып ал. Егер ғаламторда саған керек мәліметтер, жаңалықтар, кестелер, күнтізбелер және ойындар болса оларды қағазға жазып ал. Есесіне сен ғаламторға көп отырмайсың, әрі уақытында басқа керек сайттарға кіруге пайдаланасың.
4. Әуесқой бол. Белгілі бір курстарға жазыл. Өзіне ұнайтын спортпен, ән айтумен, би мен айналыс. Достарынмен киноға немесе концерттерге бар, қызықты кітаптар оқы. Интернет қолжетімді жерлерге барудан бас тартыңыз, мысалы, интернет-кафеге.
5. Отбасы көмегі. Үйдегілердің көмегіне жүгін. Олардан ғаламторда артық уақыт отырғаныңды көрсе, орнынан тұрғызып жіберуін өтін. Мысалы: ғаламторда, компьютерді, тоқты өшіру сияқты.
6. Компьютерде отыру уақытын шектеңіз. Күніне осынша сағаттан осыншаға дейін отырамын деп арнайы уақыт тағайындаңыз. Аптасына қанша рет шығу керектігіне де кесте жасаңыз. Егер жұмысыңызды аяқтасаңыз, тез шығып кетуге тырысыңыз.
7. Достарыңызбен интернет арқылы сөйлескенше, кездесіп әңгімелесуге тырысыңыз. Әлеуметтік желілерге көп уақыт бөлмеуге тырысыңыз.
8. Таймер қолданыңыз. Компьютерге отырарда таймерді 30 минутқа қойып қойыңыз. Сигнал компьютер алдында қанша уақыт отырғаныңыз жайлы хабар беріп отырады.
9. Компьютер алдында тамақ жемеңіз. Ас үйге барып, тамақ ішу онлайн режимнен біраз уақытқа болса да босатады.
10. Шынай өмірде бол. Ғаламтордың ішіндегі барлық нәрсе шын өмірде бар екенің ұмытпа. Аң – құстарды көргін келсе зоопаркке бар. Футбол көргін келсе стадионға барып көр. Әншілерді көргін келсе олардың концертіне бар. Өз өмірінді шынайы етіп өткіз.
ІІІ кезең: Суретпен жұмыс. Суреттегі бейнелер, шынайы өмірде болуы мүмкін бе, өз пікірлерін білдіру
Сергіту сәті:
Ш.Қалдаяқовтың “Қайықта”
Болсақ-тағы жаңа таныс,
Кездессек те агентте.
Ұшқыр қиял кетті-ау алыс,
Сөзің сенің бөлек пе?
Сенің үнің таң қылыпты,
Агент дейтін “көл” бетін.
Ғашық етер бар жігітті,
Суреттегі келбетің.
Агентті нұрландырып,
Тұр ғой сенің дидарың.
Қыз-жаныңды тұрған күліп,
Өзгелерге қимадым.
Нөмеріңді берші маған,
Звондаймын мен өзім.
Сол қалпыңмен келші маған,
Сүйсіндірер мінезің.
Қыз көңілін түсірмеңдер,
Қандай ғажап есімі.
Агент деген түсінгенге,
Махаббаттың бесігі.
Мағына бар есімінде,
Жақын менің жаныма.
Агенттің бесігінде,
Кездесейік тағы да.
IV кезең . Анкеталық тест
Сіз интернетке тәуелдісіз бе? Анықтап көріңіз!
Тест.
1.Компьютермен қанша сағат жұмыс істейтініңізді алдын ала анықтапайталасыз ба?
2.Жоспарлаған ісіңізді монитордан үзіле алмағандықтан орындамаған кездеріңіз болды ма?
3.Интернетте «отырған» сәтте қуаныш сезімі бола ма?
4.Компьютер алдында қазіргіден де көп уақыт өткізгіңіз келе ма?
5.Интернет қол үзіп, off-line болғанда мазасызданып, ашуланасыз ба?
6.Виртуалды кеңістікте әдеттегіден ұзақ уақыт өткізетініңізді сезесіз бе?
7.Компьютер алдына ұзақ уақыт болғандықтан достарыңыз, туыстарыңызбен қатынасыңыз бұзылған жоқ па?
8.Сүйікті ісіңізден интернет үшін бас тарт-
тыңыз ба?
9.Шынай өмірден қарағанда интернет арқылы танысу, араласу көбейіп кетті ме?
10.Достарыңыздан, отбасыңыздан интернетте шын мәнінде немен айналысып отырғаныңызды жасырасыз ба?
11.Көзіңіз ауыр тартып, арқаыңыз бен басыңыз ауырып, салмағыңыз өзгерді ме?
12.Интернетте жиі отырғандықтан күнделікті өміріңіз өзгерді ме?
Егер осы сұрақтардың жартысынан көбіне «иә» деп жауап берсеңіз, ғаламтордың «торына» түсетін келесі тұтқыны болып қалуыңыз мүмкін.
Дөңгелек үстелді қортытындылау
(ЖҮКТЕУ)
[bws_related_posts]