Басы » Физика » Байланыс құралдарының дамуы (Презентация)

Байланыс құралдарының дамуы (Презентация)

Жамбыл облысы
Сарысу ауданы
Жаңатас қаласы
Жаңатас көпсалалы колледжі
Физика пәнінің оқытушысы
Шакирова Кулайым Дарібайқызы

Сабақтың тақырыбы: Байланыс құралдарының дамуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:  Электромагниттік толқындар көмегімен іске асырылыатын байланыс құралдары және оның дамуын жан-жақты түсіндіру.
 Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық:Алған білімдерін өмірде қолдану дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,электрондық оқулық , семантикалық карта, «Домино» ойыны,тірек сызбалар.
Сабақтың түрі: Іскерлік сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап,бекіту.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:  «Миға шабуыл» кезеңі
1.Теледидар дегеніміз не,кескіндерді қашықтыққа жеткізу принцптері.
2.Толқын дегеніміз не,түрлері маңызды сипаттамасы.
3.Электромагниттік толқын дегеніміз не,анықтаған ғалымдар.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:
«Домино» ойыны
1.Алғашқы радио байланыс қашықтығы    (250 м)
2.Электромагниттік толқындар жылдамдығы    (300 000км/с)
3.Алматыдағы алғашқы телемұнара қай жерде орналасқан      (Көктөбе)
4. Ультрақысқа толқындар     (λ< 10 л)
5.Нысанаға дейінгі ара қашықтықты анықтау  (  R=  )
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
Электромагниттік толқындар тараулар толқындар оның түрлері,маңызды сипаттамасымен  таныстық.
Сонымен бірге электромагниттік толқындар оның түзілуі мен негізгі қасиеттерін білдік.Осы электромагниттік толқындарды пайдаланатын байланыс құралдарымен танысасыңдар.
Арғы ата-бабаларымыз жазда-жайлауда,қыста-қыстауды негізінен мал шаруашылығымен айналысқан.Ол кезде байланыс тек салт атпен жүргендер арқылы хабарласып отырған.Алғашқы оқыған зиялы азаматтар білім-ғылымның қажеттілігін түсініп,әрі насихаттап отырған.Мысалы: Ы.Алтынсариннің мынадай өлең жолдары бар.
Өнер- білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды
Айшылық алыс жерлерден
Көзді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
Бұл жерде телеграф,телефон туралы айтылып отыр.Байланыс құралдарымен танысайық. Слайдтар
І. Пошта арқылы байланыс (механикалық)
а) хат    б) газет-журнал     в) посылка
ІІ. Электромагниттік толқындар көмегімен іске асырылатын байланыс.

1.     Телеграф- (гректің «теле»-алыс)
1832 жылы орыс ғалымы П.Л.Шиллин ойлап тапты.
1837 жылы Морзе (АҚШ) аппаратын ойлап тапты.    (нүкте,сызық)
Фототелеграф – сурет,графиктер
2.      Телефон – («фон»-дыбыс, «теле»-алыс)
1876 жылы американ ғалымы А.Г.Белл ойлап тапты.
Атқаратын қызметі –сөйлеу информацияларын алыс қашықтыққа жеткізу:
3.     Радио (латынша «радио»-сәуле таратамын)
1895 жылы 7 мамырда орыс ғалымы А.С.Попов ойлаптапты.Сондықтан 7 мамыр радио күні деп аталады.Хабарлағыш антенна арқылы әртүрлі хабарламалар беру.
4.     Теледидар (телевизия)
«видео»-көремін деген сөз.Қызметі-обьектінің кескінін көру және дыбысты есту.Алғаш ойлап тауып,пайдаланған Англияда 1925 ж Джон Берд.

1938 жылы Ленинградта,1939 жылы Мәскеуде телевизиясы  тұрақты хабар бере бастады.

1965 жылы «Молния-1» байланыс спутникті ұшырды.Жерде орбитада қабылдағыш станциялар орнатылды.

Байланыс құралдарының даму кезеңдері

 

                    Кеше                Бүгін
Телеграф          Факс
          Телефон          Ұялы телефон
                                                         Радио
Теледидар         ПлазмалықЖазық (плоский)

              ЭЕМ         Компьютер

 

V. Жаңа сабақты пысықтау.

1.Семантикалық карта

Электромагниттік толқындар

VI. Үйге тапсырма.Байланыс құралдары.

VII.Білімгерлерді бағалау

(ЖҮКТЕУ)

  [bws_related_posts]

1 пікір

  1. как можно скачать?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *