Басы » Tәрбие сағаттары » Ана-біздің гүліміз

Ана-біздің гүліміз

Маңғыстау обылысы
Түпқараған ауданы
Ж. Мыңбаев атындағы
мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Сисембаева Үмітгүлдің
Тәрбие сағаты
 Тақырыбы: Ана-біздің гүліміз
Мақсаты: Аналарды мерекемен құттықтау.Балаларды ата-анасын,өз елін, жора-жолдастарын сыйлай білуге, адамгершілікке,имадылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:құттықтау-плакат,суреттер,нақыл сөздер
Түрі: мерекелік ертеңгілік
Барысы.
Би: «Мама» қыздар билеп шығады.
Вальс биі
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ару қыздар, көктемінің шуақты күндерімен қатар келіп жеткен төл мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, мол бақыт тілейміз. Осы мерекеге орай 2 «А» — сынып оқушыларының  «Ана-біздің гүліміз» атты мерекелік іс-шарасын қабыл алыңдар!
1-оқушы:  ( Ұлжан)
Өзіңе еліктеп өсермін
Борышты өтермін қалайда
Тым нәзік, жұтаңдау жырымды
Жүректе жылытшы, жарай ма?
2-оқушы
Азамат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең.
Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
3-оқушы:
Дүниенің жарық күні анамыз
Дана болсақ анаменен данамыз
Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын
Анаға арнап тағы бір ән саламыз
4-оқушы:
Алтын анам жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған.
Сабақтан шаршап үйге келгенімде,
Бал сөзі жаным деген сая маған.
5-оқушы:
Анам менің сүйемін
Құшағына енемін
Мәпелеп анамды
Қуантсам деп келемін.
6-оқушы:
Анаң болса қасында,
Басқа бақыт не керек?
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.
7-оқушы:
Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
8-оқушы.
Мәпейлейді, әлдилейді, бағады,
«Құлыным» деп құшағына алады.
өзгеге де, өзіне де жауапты.
Барлығына қалай уақыт табады.
9-оқушы:
Әлпештеген  аялаған
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын.
10-оқушы:
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді.
Көп ертегіні біледі.
Маған айтын береді.
11-оқушы.
Аналар шаңырақтың сәулеті ғой,
Ана деген баршаның дәулеті ғой
Адамды адам еткен ақ сүт беріп,
Жаңа өмірге сәбиін жетелеген.
12-оқушы.
Ана деген кім десе?
Шуақ шашқан күн дер ем
Сәбиі үшін ұйықтамай арпалысқан түнменен
Ана үні өмәрде ең мейірімді үн дер ем.
13-оқушы.
Анамды ойлап жүремін,
Аман болса екен деп.
Бар махаббат ананың,
Жүрегін жүр екен деп.
14-оқушы.
Анам менің панам ғой ,
Содан анашым табам ғой.
Асықпа анашым, ертең-ақ,
Отың болып жанам ғой.
15-оқушы.
Әжем болса қасымда,
Көңілдімін әрқашан
Жалбырамай шашым да.
Тек өрерде тарқатам.
16-оқушы.
Менің анам-мұғалім
Күн секілді білгенге
Шашырайды шуағы,
Ол сыныпқа кіргенде.
17-оқушы.
Қуанышқа бөленетін халықпыз
Ана-сыйлау –дәстүріміз, салтымыз
Жыл құсындай әр көктемде келетін
Құтты болсын 8-наурызымыз!
18-оқушы:
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз
19-оқушы.
Өлең айтып беремін,
Нан да алып келемн.
өйткені мен анамды өте жақсы көремін.

Хор « Апа туған күнімен»

Мұғалім: Балаға ең жақын,Сіз ана,даналар,
Сіздің ыстық құшағыңыз балаға пана болар.
Жүрегіңнің бір бөлшегі- бала үшін
Сізден жақын адам бар ма, аналар!-дей келе, құрметті аналар, қазір
балаларыңыздың құттықтау тілек-сыйлықтарын қабыл алыңыздар.(Әр бала жеке ашық хатын тапсырады).
Мұғалім: Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі сөз — ана. Бала дүниеге келген күнінен бастап өзінің жұмсақ алақаны жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілігін, мейірімділік махаббатын бере білген. Адам бойындағы барлық қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен таралған. Сондықтан да, балалар аналарды құрметтейік, нұрға бөлейік, аналар алдында бас иейік. Олай болса, келесі Ақнұрдың орындауда —————————— ән орындайды ду шапалақ.
Мұғалім: Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады. Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де, қала берілмепті.
Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты.
-қаладан көтергенше жүк алып, әйелдердің кетуіне рұқсат етемін,-дейді. әйелдер бір-бір қапшық арқалап шығып кетеді. Дұшпан қалаға кіріп қараса, бір де бір еркек жоқ. әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті. Кішкене қыздар ұл балаларды, кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті. Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен. Кішкентай қыздар ұл балаларды көтеріп шығарыпты.
Енді кезекке « Қаражорға» биінен берейік.
Мұғалім:
Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің гүлі,
Ару — өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама.
Балапан биі
Мұғалім: мұсылман қауымы анаңды мекеге үш рет арқалап апарсаң да парызынан құтылмайсың деген екен. Болатова Аружанның орындауында « Домбырасыз ән қайда?»
-бәріміз де ана алдында борыштармыз. Сол борышты өтеу бізге міндет. Сынып оқушыларының орындауында « Аяқпенен топ-топ»
Оқушылар домбыра тартады.
Мұғалім: Келгендеріңізге көп рахмет! Аналар! Әжелер! Ұстаздар! Арулар! Мейрамдарыңыз құтты болсын! Сәбилердің күлкісі әрбір шаңыраққа қуаныш, бақыт әкелсін. Ана мен баланың мерейі үстем болсын!

[bws_related_posts]                                               

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *