Дидар Жаманқарина,
Жезқазған қаласындағы
жалпы білім беретін
№4 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиетіпәнінің мұғалімі
«Еңселі елім» ТАНЫМДЫҚ-САЙЫС САБАҒЫ
Сабақтың мақсаты: білімділік— білім алушыларға өз өлкесінің құндылықтарын жетік меңгерте отырып, қойнауының баға жетпес байлығын, сарқылмас салт-дәстүрін бойына сіңіру;
дамытушылық— өскелең ұрпақ жүрегіне ұлттық сана-сезімге деген құрметті ұялатып, саяси сауаттылығын дамытуға мүмкіндік тудыру;
тәрбиелік – балаларды еліне ерен қызмет етуге, ұлттық жәдігерлерімізді қастерлеуге, халқының тарихын білуге тәрбиелеу.
Түрі: сайыс сабақ. Әдістер: сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасының стратегиялары, бағалаудың дәстүрсіз түрлері, іздендіру, топтастыру.
Сабақтың жабдықталуы. Көрнекілік құралдар: белгілі әдебиет, өнер ,кино саласының майталмандарының суреттері, үлестірме альбомдар, «Аңыз адам» журналдары, Қазақстан қалаларының суреттері, оқытудың техникалық құралдары:интерактивті тақта, бейне, аудио жазбалар, слайдтар. Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка, бейнелеу, тарих, орыс және ағылшын тілі.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.1. Амандасып, оқушыларды тақтаның алдына шақырып, «1,2»-ге саналуларын өтіну. Жұптастырып, қазақша амандастырып, төс қағыстыра көңілдерін бір көтеріп алу.
1.2. Топтастыру. Үлестірме суреттерді таңдап алған оқушылар «Орталық Қазақстан», «Оңтүстік Қазақстан», «Солтүстік Қазақстан» топтарына топтасады.
ІІ. «Қызығушылықты ояту» кезеңі.
2.1. Топтарға А-3 форматты қағаз таратылып, бейнелі таныстыру жасау жүктеледі. Әр топ өз өлкесін қылқаламмен өрнектейді. Бұл еңбектерін сынып оқушылары өздері «Бір жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалайды. «Жұлдыз» — көркем суреттің ұнамды жағы, «тілек» — қандай толықтырулар қажеттілігін айта кету.
2.2. Сабақтың тақырыбы айтылып, мақсат-міндеттері баяндалады.
2.3. Мұғалім өлең шумақтарынан шашу шашады, сайыскерлер жасырынған қаланың атауын әр шумақтан кейін топ мүшелерлінің бір мезетте бірдей шапалақтауы арқылы белгі беріп, шешеді.
Аты оның дәмді жеміс есіміндей,
Жемісі халқының мол несібіндей. /Алматы/
Толассыз күні-түні шахталары,
Тереңнен қазынасын ақтарады. /Қарағанды/
Қара төбе, қоңыр төбе , көк төбе,
Бұл маңайда мұндай түсті жоқ төбе. /Ақтөбе/
Аты оның екі-үш заттан құралады,
Ұят қой білмегенің бұл қаланы. /Екібастұз/
Тастан емес, қыштан емес қорғаны,
Қарағайдан, қайыңнан да болмады. /Талдықорған/
Есімінде екі сөз бірігіпті,
Балалар бірін ұқпай,бірін ұқты. /Шымкент/
Әр дұрыс жауапқа бір жұлдыздан үлестіріледі.
ІІІ. «Мағынаны тану» кезеңі.
- 3.1. «Аңыз адам» журналдары таратылып, «Екі түрлі түсінік» күнделігін толтыру тапсырылады.
Тұлғаның өмірбаяны, туған өлкесі туралы | Бізге бейтаныс қырлары |
3.2. «БҮБ» кестесімен жұмыс.
«Білемін» |
«Үйрендім» |
«Білгім келеді» |
3.3. Ұяшық бойынша таңдалған аудио немесе бейне жазбаны орыс тіліне, төмендегі сөздерді ағылшын тіліне аудару.
қазақша |
орысша |
ағылшынша |
көше аула қала ақын суретші аңыз Отан парыз халық |
улица двор город поэт художник легенда родина долг народ |
street courtyard city poet painter legend motherland duty people |
3.4. Сергіту сәті. «Қара жорға» биін билеу.
3.5. Тарихқа тағзым. Еліміздің әдебиетіне,мәдениетіне, өркендеуіне үлес қосқан тұлғалар тақырыбы төңірегінде 15 блиц сұрақтарға шапшаң жауап беру.
ІV. «Ой толғаныс» кезеңі.
4.1. Топ оқушыларын қайта топтастырамыз.
а/ Топ спикерлеріне лайық үш баланы бірінші қатарға қою;
ә/ Келешекте кім Ә.Қастеев сияқты суретші болады? /өз тобына бір оқушыны таңдайды/
б/ Шара Жиенқұловаға еліктейтін биші қыз кім?
в/ Әлібек Дінішев пен Роза Рымбаеваның жолын жалғастыратын әншілер бар ма?
г/ Ел қорғайтын жас шекарашылар қай үш ұлан екен?
д/ Болашақтың ғалымы болуға кім лайық?
4.2. Үш топқа бірдей «Алтын бесік» тақырыбына топтастыру жасау тапсырылады. Шарты: сөз қолданбай шартты белгілер, пайдалы қазбаларды химиялық тілмен, портрет жасыру, аң, құс, ағаш, тау атауларын жасырып топтастырады. Дайын ассоциация тақтаға ілінеді. 1-топтың суретін 2-топ , 2-топтың суретін 3-топ, 3-топтың суретін 1-топ оқушылары қорғайды. Бұл тапсырма «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағаланады. Мұндай тәсіл оқушыларды бірлікке, ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа баулиды.
4.3. «Бес жолды өлең» стратегиясы. «Атамекен» тақырыбына арналған оқушылардың жылы лебіздері.
4.4. Мұғалім :
Арайлап таңым, асқақтап тауым,
Ән ойнап көгім, күй тартты көлім.
Қол жетті, міне, аңсаған күнге,
Жасай бер, жаса, қазағым менің.
Бабамның қаны, анамның жасы,
Сіңген бұл далам, қымбатсың маған.
Береке –бірлік қамалдың басы,
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам,- деген өлең жолдарымен бүгінгі сайысымыздың қорытынды нүктесін қоюға рұқсат етіңіздер!
V. Бағалау. Топтық бағалау. Үш жұлдыз, бір тілек. Мұғалімнің бағалауы.
VІ. Рефлексия кезеңі:
- Сайыс сабақ көңілдеріңізден шықты ма?
- Қандай тапсырмалар ұнады?
VІІ. Марапаттау.
[bws_related_posts]