Басы » Tәрбие сағаттары » Жаңа жылға арналған сценарий

Жаңа жылға арналған сценарий

Алматы облысы

Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы

Н.Әлімкулов атындагы

орта мектеп мектепке дейінгі шағын орта мектеп

Ужазова Алия Амангелдивна

Жаңа жылға арналған сценарий
/ Безендірілген шырша,  баяу музыка. Балаларды сынып жетекшілері сахна сыртында дайындап тұрады. Әр сыныпты бөлек бөлек ортаға шақыратын бастауыш сынып 7 «Ә». Олар жаңа жылдық бағдарламаны дайындап, ата-аналарды, мұғалімдерді жаңа жылдық кешті  көруге шақырып қояды.Ата – аналар көрермен ретінде тамашалауға келеді.Кеш соңында ғана тілек айтуға шақырылады/
 Бастау   
1 — жүргізуші: Мағзұм
— Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!
2 — жүргізуші: Камила
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабыты шәкірттер.
1 — жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2 — жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1 — жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2 — жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
1 — жүргізуші: Байқаймысың, бұл кеште біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой.
Мына шырша жанындағы қаптағы не болды екен?
2 – жүргізуші Мүмкін бізге достарымыздың жасаған сыйы, жаңа жылдық тартуы болар.
Қане ашып көрелік., қане сен ашып көр.
1 — жүргізуші: Жарайды, ашсам ашайын. Былай келісейік. Екеуміз 1.. 2.. 3 дегенде қаптың
аузын бірге ашайық.
2 – жүргізуші:  Жарайды, мен келістім.
Ендеше бастасақ, бастайық.
/ Шырша түбіндегі қапшықта ұялы телефон жатады. Телелфон шырылдап қоя береді./
1 — жүргізуші: Алло бұл кім екен?
 /Телефонның ар жағынан дауыс естіледі. /
—          Алло ,Мағзұм, Гүлшат, мынау есікті аша алмай тұрмыз. Мерғалым ағай кілттін де бермей жатыр. Есікті тек ғажайып шырша ғана аша алады.
—          Қалай ?
—          Шырша түбінде ұстаздарға арналған сұрақтар бар.Сол сұрақтарға олар жауап айтқан сайын,есік ашылады екен. Оны бізге Тұрсын апай айтты. Тездетіңдерші біз мерекені бастауға асығып тұрмыз!!!
—          Жарайды, жарайды, біз қазір бастап жібергенбіз.Сіздерді де ішке кіргіземіз!
—          Гүлшат, ендеше апайлар мен ағайларды ортаға шақырып, тездеп сұрақтарға жауап алайық.
/шырша түбінен сұрақтар оқылған сайын бір –бір сыныптан кіре береді/
1 сұрақ:  Дидар ағай сіздің  тұрғыңыз келетін материк қайсы?
Жауап :————————————————————————————————
Сізде   оқушыдан тұратын сынып қай сынып?
Жауап: 7  «А» сыныбы
/  7  «А» сыныбын Дидар ағай жариялап ортаға шақырады.  7  «А» сыныбының оқушылары қуанышты көңіл-күймен шырша маңына жақындайды/
2 сұрақ: Гүлбаршын апай сіздің сүйіп тыңдайтын әніңіз қай ән? Сол әннен бір шумақ орындап беріңізқші келесі сыныптың ішке кіруіне көмек беріңізші!
Жауап:————————————————————————————————————
—          Апай  Сізге  тәтті торт  сыйлаған  қай сынып?
Жауап:———————————————————————————————————-
/  7  «Ә» сыныбын Дидар ағай жариялап ортаға шақырады.  7  «Ә» сыныбының оқушылары қуанышты көңіл-күймен шырша маңына жақындайды/
3 сұрақ:
Жауап:——————————————————————————————————-
-Жауап: —————————————————————————————————————-
/  7  «Б» сыныбын Дидар ағай жариялап ортаға шақырады.  7  «Ә» сыныбының оқушылары қуанышты көңіл-күймен шырша маңына жақындайды/
 4 сұрақ:
Жауап:——————————————————————————————————-

Жауап: —————————————————————————————————————-
/  7  «В» сыныбын Дидар ағай жариялап ортаға шақырады.  7  «В» сыныбының оқушылары қуанышты көңіл-күймен шырша маңына жақындайды. Барлық 4 сынып толық шырша маңына жиналады. Осы кезде шыршы түбіндегі үлкен қапшық қозғала бастайды, оқушылар шошып кетеді..қаптың аузын ашқанда клоундар атып шығады)
2 жүргізуші: — мынау тағы не болды екен?Мүмкін мыстан болар деп мен қорқып   тұрмын.
1 — жүргізуші: Жарайды, ашсам ашайын. Біз бағанағы сияқты былай келісейік. Екеуміз 1.. 2.. 3 дегенде  қаптың   аузын бірге ашайық.
2 – жүргізуші:  Жарайды, мен келістім. Ендеше бастасақ, бастайық.
Клоун1: Сәлем саған, туған ел!
Клоун2: Сәлем, сәлем достар!
Клоун1: Жаңа жыл құтты болсын! Сіздермен көңілді мереке кешін өткізуге келдік. Қалай қарайсыңдар!
Клоун1: Кешті көңілді өткізу өз қолымызда ғой. Солай ғой достар!
1 — жүргізуші: — жә, жә  қандай қызықтарыңыз бар!

  • Клоун1: Біз сіздерге жұмбақ жасырамыз!

Клоун2:            Қатал емес, мейірімді.

Қатты емес, әділетті.

Қыстай қатты суық емес,

Тілегі ыстық, тәп — тәтті.

(Мектеп директоры)

2 – жүргізуші:  Дұрыс айтасыздар!Құрметті жамағат “Жақсы сөз — жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы  Дүйсебаева Р.М.  береміз.

 

 

 

 

 

 

1 – жүргізуші: Қош келдің, Жаңа жылым,

Көп болар жаңалығың

Саған жыл бақ сый еттім.

Жаңа нұр күттім, досым,

Жаңа жыл құтты болсын!

Жылқы  жылы: Туғызар айды бүгін

Әр күнім айбынды күн

Күлімдеп нұр шығады

Әкеліп бейбіт күнді

Ешбір жан болмас мұңды

1 – жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі

Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.

Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,

Кішкентай шәкірттердің ержетуі

 

Клоун 1: Достар, сіздердің көңілдеріңді жақсы тілек бір көтерсе, біздің әнімізбен тағы да бір көңілденіп алайық. Ендеше ортаға барлық ұстаздар мен шәкірттер қатар тізіп тұрасыздар.Бастадық!

 

/ 2 клоун оқушыларды ГАнгНам Стайл әніне билетеді. Барлық мұғалімдер мен оқушылар бірге флеш моб билейді/

 

1        бөлім аяқталады

2        бөлім басталады

1 жүргізуші -:- Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,

Бақытты боп бастады жыл дастанын.

Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,

Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым!

2- жүргізуші: — Жаңа жыл – Жылқы  жылы әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.

1 жүргізуші:- Камила  біз осы бір нәрсені ұмытып кеттік қой!

2- жүргізуші: —  Нені ұмыттық!

1 жүргізуші :-Осы біздің сынып жзетекшілеріміз қайда екен, сен оларды көріп тұрсың ба?

2— жүргізуші: —  Ия, ия, мен де оларды таппай тұрмын? Балалар апайларымыз қайда?

1 жүргізуші  — Ия , олар жаңа жылдық шыршаға дайындалып жүреген болар?

2— жүргізуші: — Ой мынау Белоснежка  ғой. Апай сәлеметсіз бе? Жаңа жылыңызбан?

—          Ия, Сіздерді де, жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын.

—          Но, ваши учителя, у меня на работе.

—          Как у Вас разве есть работа.

—          Да, да, у меня частная школа в котором учатся мой ребята. Ваши учителья  работают там.

—          А что нам сделать что б Вы их отпустили.

—          Хорошо, у меня к вам задания. С каждого класса 7 гномов. Они должны пробежать эстафету. Они все должны покозать как учать физкультуру. Если все будут занимать первые места, Я позову и учителей и Деда мороза.

—          Хорошо, мы согласны! Да , ребята!!!

/Эстафеталфқ ойындарды  алдын ала дайындалған 7 гном бастайды. 1 болып, 7А мен 7Ә жарысады.Содан соң 7Б мен 7В жарысады.Ең соңында, Барлдық сынып та бірінші болды деп саналады/

—          Все прекрасно покозали себя, Всем на Новом году здоровья, счастья и любви.А теперь позовем учителей. Даригул апай,Алия апай, Айгуль апай, Лаззат апай!!!

/ Барлығы Жаңа жылдық маскарадтық киіммен келу керек./

—          Ребята давайте теперь потанцуем Носа-носа все вместе.

/ Флеш моб  барлық сынып оқушылармен бірге,/

 

2 бөлім аяқталады

 

 

3 бөлім басталады.

1-Жүргізуші:

 

Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып

Дастарханды отырмыз саған жайып

Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен

Талай ұлыс, талай ел, талай халық

Келген сайын көңілді өсіресің

Ұлы болсын бастаған осы көшің

Төгіп-шашпай тасытып кетсең екен

Қазақ деген халықтық несібесін!

 

2 жүргізуші: —  Жаңа жылым жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет, төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын !

1-Жүргізуші: — Балалар біздің шыршаның Аяз атасы келді!

Даригул апай:  -Бірақ оны Ақбөпе апай менің шартымды орындасаңдар беремін деп жібермей жатыр екен.Орындайсыздар ма?

—          Ия, ия!!!

—          Ақбөпе апай біздің мерекеге қош келдіңіз. Ақ тілегіңізбен бірге , өз шартыңызды айтып берсеңіз. Балалар Аяз ата мен Ақша қарды сағынып қалды!

Ақбөпе апай: — Сәлеметсіздер ме? Сіздерді Жаңа жылмен шын ниетпен құттықтаймын!

Менің шартым. Әр сынып тамаша топтық би көрсетулері керек. Ал оны билеу мына қағаздағы жазылған би түрлерін таңдаудан басталады.

1 лезгинка, 2 қара жорға, 3 орыс биі, 4 ұйғыр биі.

/ Балалар кезек – кезек билейді/

Ақбөпе апай:— Ал балалар, сіздер өте талапты, өнерлі екенсіздер.Енді менімен бірге Аяз атаны шақырып алайық!!!

-Аяз ата, Аяз ата……..

/Аяз ата келмей қояды. Сонда Ақбөпе апай сөз алады/

Ақбөпе апай:

—          Балалар Аяз ата өте алыста, сондықтан оған тек сиқыр ғана жетпей тұр. Ендеше сіздер көздеріңізді қатты жұмып іштей тілейсіздер.Содан соң, мен сиқырлы таяқшамен оны алып келемін.Жарайма ?

—          Ия, ия, ия….

—          Сіздер 1   2  3  деп көзді жұмып қатты дауыстап айтыңдар.

—          1   2   3

/Осы кезде алдын ала дайындалған үлкен қорапты тұрған Аяз ата ммен Ақша қар жарылғыш фантикті атып кеп жібереді де, қораптың ішінен шығады./

Аяз ата: — Сәлем балалар!!!

Оқушылар – Сәлеметсізбе!!

—          Бізді  күтіп қалдыңдар ғой!

—          Ия,ия

\Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді/

Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда, үйге кетемін.

Аяз Ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба өзі?

Ақшақар Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.

Аяз Ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың!

Қарашы, біз тойға келдік!

Кәне, балалармен амандасайық.

Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға

Бүлдіршін балаларға бip сәлем!

Қандай жарқын жүздерін,

Қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқап,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан

Аяз Ата: Рахмет, рахмет балаларым! Қанекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер

/. Ақшақар басын көтермей тұрады/.

Аяз Ата: Қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.

Шырша шамын жағайық,

Жаңа жыл тойын ашайық.

/Сол кезде Ақшақар жылап тұрып/

Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым!

/Аяз Ата оны жұбатып тұрып/

—          Қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын немесе балалар өө өнерлеріңмен шаттарандырып жіберіңдерші!

Ән орындалады.

Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.

1 жүргізуші:  Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?

Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?

2Жүргізуші:Бір жерде жатқан болар, жаңа мыстан ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен? Кәне, аңдар, іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер.

/сол кезде жылан жылы келеді де,  сиқырлы таяқты тауып алағанын айтады./

Аяз Ата: Жарайсың, ескі жыл, Жылан досым! /бетінен сүйеді/

1 жүргізуші:

—           Кәне, бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайық.

/Балалар қайырмасын айтып жатқанда, Аяз Ата Ақшақарды қасына шақырып, шыршаны жағады/

1 жүргізуші:  Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда — жаңа жыр.

шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

Аяз Ата:

—          Мен сіздерге осы мерекенің белгісі Жаңа жылды ала келдім. Қарсы аласыздар ма!

—          Ия,Ия…

—          Ендеше маған өнерліріңді көрсетесіздер!!! Келісесіздер ме!!!

—          Ия, ия…

/Сыныптардың концерттік бағдарламасы жүргізіледі.Алдын ала сйенарий жасалуы тиіс.Сыныптар араластырылып, бірінен соң бірі өнер көрсетеді. ЮБарлық жұрт бір шетке тұрады. Оқушылар алдын ала дайындалған сахна төріне шығып, өнер көрсетеді.Бағдарлама біткен соң, шырша той ары қарай жалғаса береді/.

—          Жарайсыңдар бүлдіршіндерім, енді сіздерге Жаңа жылды шақырып берейін.Сіздер менімен бірге дауыстаңдар жарай ма! Жаңа жыл, Жаңа жыл,……

—          Сәлем балалар!!!

/Өлең жолдарын авансахнада оқылады.Музыка ойналады/

Қуанатын шақ болсын,

Достарымыз ақ болсын.

Бізге келген жаңа жыл,

Құт береке бақ болсын!

Аяз Ата:Жарайсыңдар балаларым! Жаңа жылды араларыңа қосып, көңілім шаттанып  қалды.Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.

Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!

(қолдарын бұлғап шығып кетеді)

 

 

 

 

 

1 жүргіуші:Аяз ата сізге көп-көп рахмат. Біз сізді келесі жылы тағы да күтеміз.Қош сау болыңыз!!

Балалар:Сау болыңыз !!!

2жүргізуші:

—          Аспанымыз бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл

Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!…

 

1 жүргіуші:

Армысың, аманбысың Жаңа жылым.

Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!

Жылқы  жылы келгенде, сый ғып тартып,

Ақтарайық әнменен көңіл сырын.

 

/Әрі қарай кеш би мен жалғасып, 2-3 бимен кеш аяқталады/

 

2жүргізуші:-Құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар Жаңа жылда Сіздерге бақыт, табыс, оқуда алғырлық, тапқырлық ,еңбекте табыстар тілей отырып Жаңа жылды күтіп алу кеші осымен аяқталады.Келесі кездескенше хош аман сау болыныздар!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *