Павлодар қаласы
№ 29 жалпы орта білім беру мектебі
Сейтқалиева Айсана Асқарқызы
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Тақырыбы: Сағат неше?
Сабақтың тақырыбы:
Лексикалық тақырып: Сағат неше?
Грамматикалық тақырып: барыс, шығыс септігі
Сабақтың мақсаты:
а) сағат неше?-деген сұраққа жауап беруге үйрету.Барыс ,шығыс септіктерінің жалғану тәртібін меңгерту.
ә) оқушыларды уақытты дұрыс қолдануға тәрбиелеу;
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:, «Джигсо», «Инсерт», «Бас бармақ» сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, презентация,бейне фильм, дидактикалық материалдар т.б
Қолданылатын модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету , оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту
Пәнаралық байланыс: математика
Сілтеме: Ермекова Т.Н. «Алматы кітап» баспасы,2010 жыл
- Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі |
Жоспардың мазмұны |
Мұғалімнің іс- әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ресурстар |
Күтілетін нәтиже |
Мотивациялық кезең. Сабақтың тақырыбына шығу. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру (5 мин) |
Оқушылармен амандасады. |
Мұғаліммен амандасу. «Жүрек сыйлау» әдісі арқылы бір-біріне тілек білдіреді. |
Жүрек суреті |
Сабаққа деген қызығушылықтары оянады |
Түстер арқылы топқа бөлу |
Оқушылардың үстелдеріне жасыл,қызыл,сары стикерлер жапсырады. |
Оқушылар өз түстері бойынша орындарына отырады,яғни топ құрылады |
Стикер |
Топқа бөлінеді |
|
Сабақтың тақырыбын ашу (5 мин) |
Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақ келеді. Ол үшін бұл өлеңді айтып тұрған кейіпкерді анықтау қажет. («незнайка» өлеңінің гимні қойылады) — Бүгін сабақта Дымбілмеске жаңа тақырыпты түсінуге көмектесейік. -Мына суретке қараңыздаршы, оның сұрағы өте көп? — Ол нені білгісі келеді? (1,2,3,4 слайд) |
Оқушылар жауабын айтады |
Аудио слайд |
Сабақтың тақырыбына шығады Сабақтың мақсатын анықтайды. Уақытты дұрыс қолданып, анықтауды үйретеді. |
|
Операциялық кезең. Жаңа әдістерді қолдану арқылы, жаңа материалды игеру. |
Топпен жұмыс. Оқушылар бір-біріне көмектеседі (10 мин) |
1-тапсырма Дымбілмеске көмектесеміз,үйретеміз. Тақтада тапсырмалар беріледі. ( 5,6 слайд) |
Ол тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар сағатты қолданудың алгоритмін түсінуі қажет |
Интербелсенді тақта |
Алгоритм құрастыру (7 слайд) |
Жұппен жұмыс (10 мин) |
2-тапсырма Әр оқушыға сұрақтар таратылады. Оқушылардың партасына стикерлер жабыстырылады. Бірдей түс алған оқушылар жұптасады. (8 слайд) |
Барлық оқушылар шеңберге шығып, өз жұптарын табады. Бір-бірлеріне сұрақтарын қойып, жауаптарын айтады |
Үлестірме парақтары, стикерлер |
Уақытты қолданып, күн тәртібі туралы айтады |
|
Сергіту сәті |
(5 мин) |
Оқушылармен сергіту сәтін орындайды (9 слайд) |
Оқушылар тақтаға қарап, сергіту сәтін орындайды |
видео |
Оқушылар бойларын жазып, сергіп қалады. |
Бағалау |
Жеке жұмыс (5 мин) |
Әр оқушыға тапсырма таратылады. Тапсырмада электронды уақыт белгіленген. (10,11 слайд) |
Оқушылар уақытты дәптерлеріне жазады(жалғауларды дұрыс қолдану керек) Бағалау критерийі арқылы бағалайды |
Үлестірмелі парақтар |
Кетті, қалды етістіктерін дұрыс қолдану |
Рефлексия |
«Инсерт» әдісі (5 мин) |
«Білемін», «Білдім», «Білгім келеді» -өз ойларын жеткізеді (12 слайд) |
Өз ойларын стикерге жазып, бағдаршамға жабыстырады |
плакат |
Оқушылар сабақты қаншалықты меңгергені анықталады. |
Үй тапсырмасы |
31 бет, 1-жаттығу |
[bws_related_posts]
то что надо
керемет
Хорошая презентация