Басы » Бастауыш сыныптар » Біздің ауыл немесе қала. Ауыл еңбегі

Біздің ауыл немесе қала. Ауыл еңбегі

ҰлмекенБатыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы
Бірлік ауылы
М.Мирманов атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Мағзомова Ұлмекен Ерғалиқызы
Сабақтың тақырыбы: Біздің ауыл немесе қала. Ауыл еңбегі.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Жергілікті қала,аудан, ауыл туралы мағлұмат беру, тарихына шолу жасау. Мәтін мазмұнын аша отырып,еңбек түрлерімен, оны атқарудағы ауыл адамдарының еңбектеріне тоқталу.
ә) дамытушылық:Топ алдында еркін сөйлеуге,өз ойларын қорытындылап айта білуге және танымдық қабілеттерін дамыту. дамыту.
б) тәрбиелік:Өз ауылына деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ояту. Еңбек адамдарына құрметпен қарауға,өз ауылын көркейтуге үлес қосуға тәрбиелеу.  
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі:Танымдық сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері. Джиг-со әдісі
Сабақтың көрнекілігі: АКТ, слайдтар,тірек-сызбалар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі .( 2 минут)
Оқушылардың назарын сабаққа аударту. Жанұя топтарға бөлу.
ІІ.Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз.
Құрметпенен бас идік
Баршаңызға біз.
ІІІ.Өткенді қайталау.
А) «Қоғам» тарауынан өткен тақырыптарды қайталауға арналған тест сұрақтарымен жұмыс.
(Тест тапсырмалары интерактивті тақтада  көрсетіледі. Жұмыстанып болған соң бірін-бірі тақада көрсетілген жауаптар мен бағалау нормасы арқылы тексереді және бағалайды. Тексеруші «оқушы-мұғалімдер» қойған бағалары туралы көпшілікке  хабарлайды).
ә)Мектебіміздегі үйірме жұмыстары туралы мәліметті тұсаукесер арқылы көрсетіп білімдерін бекітемін.
Ү.Жаңа сабақ.
Тақтаға күннің ретімен, өтетін сабақтың тақырыбы жазылады.
ә) Джиг-со әдісі арқылы жанұя топтарға бөлініп, мәтінді оқып, түсінгендерін ортаға салады.
Тұсаукесерлер арқылы Облыс, аудан, ауыл туралы деректермен байланыстыра отырып, жаңа сабақ түсіндіремін. Қажетті деп тапқан мына деректерді дәптерлеріне жаздырамын.
Қазіргі “Бірлік” асыл тұқымды акционерлік қоғамының іргетасы 1927 жылы мамыр айында қаланған екен.
Мұхтар Мирманов (1901-1976). Жаңақала ауданы Қоңырқұдық ауылында дүниеге келген. 1951-63 жылдары Бірлік   ұжымшарының төрағасы болды.
ҮІІ.Жаңа сабақты бекіту.
І –топ:«Топтастыру» әдісі арқылы «Ауыл» сөзін топтау.
ІІ-топ: Венн диаграммасы арқылы «Ауыл өмірі мен қала өмірін» салыстыру.
ІІІ- топ: «Ауылда тұрған тиімді және тиімсіз» жақтарын толтыру.
ІҮ топ: «Бес жолды өлең» құрастыру.
ҮІІ.Жаңа сабақты қорытындылау
Ж.Әбдірашев: «Ауыл -қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы» -деген екен.
Ауыл -әр халықтың, соның ішінде қазақ халқының алтын бесігі, темір қазығы.Себебі, қазақтың салт –дәстүрі, қазақтың қаны мен жаны сол ауылдан басталады.Жоғарыда көрсетілген бейнелі көріністердегі еңбек арқылы  біз қалаға шикізаттар дайындап береміз.Ал қала бізге сол шикізаттарды өңдеп қайтарып отырады.Оны өздеріңіз күнделікті дүкендердегі тауарлардан көріп-біліп жүрсіздер.
Сондай-ақ,өздеріміз оқып үйренгендей, жұрттың мақтанышына айналған әйгілі арыстарымыздың бәрі де сол ауылдан шыққан.Сондықтанда елімізді көркейтуге осы бастан өз үлестерімізді қосуға тиіспіз.Біздің еңбегіміз қазіргі жағдайда сапалы білім алуымыз керек.Сіздердің ауыл еңбегіне деген үлестеріңіз осыдан басталады.
ҮІІІ.Үйге тапсырма.
Ауыл еңбек ардагерлері туралы деректер жинау.Тақырыпты оқып,төмендегі сұрақтарына дайындалып келу.
ІХ.Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды топ мүшелерінің көзқарастары пікірлесе отырып, бағалау.
Пайдаланылған әдебиеттер:

«Дүниетану» оқулығы 3 сынып.
Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясы.
«Арыс» баспасы.Алматы 2002ж.
Жаңақала ауданының анықтамалығы 2209 ж
«Орал өңірі»  11 маусым 2009 жыл. ( С.Жомартұлының «Жаңақала» мақаласы
Ардагер ұстаз Ж.Құспановтың  «Жаңарған өңір»і газетіне жарияланған «Бірлік ауылының өткені мен бүгіні» деректі мақаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *