Басы » Tәрбие сағаттары » Астана-Қазақстан Республикасының астанасы

Астана-Қазақстан Республикасының астанасы

астанаАбдирова Сабира
ОҚО,Төлеби ауданы,Кеңесарық ауылы
Бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Астана-Қазақстан Республикасының астанасы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Астана қаласы және оның көрікті жерлері туралы мағлұмат беру

— Тақырып бойынша білімдерін  жинақтай  білуге үйрету;

-Отансүйгіштік,еліне,жеріне деген сүйіспеншілік қасиеттерін қалыптастыру

-Сыни ойлау дағдыларын қалыптастыра отырып,шығармашылық ізденіске баулу.

Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,  АКТ, ОүБ және ОБ.Талантты және дарынды балаларды оқыту

Стратегиялық іс әрекет:  Фишбон әдісі,синквейн әдісі

Күтілетін нәтиже:Оқушылар елордамыз-Астана жайлы коптеген ақпараттар білетін болады.

Оқушылардың топпен жұмыс жасай отырып, сыни ойлау арқылы бір-бірінеқарым-қатынастары нығайды.

 

Уақыт өлшемі

Жоспар мазмұны

Мұғалім іс әрекеті

Оқушылардың     іс әрекеті

ресурстар

3 мин І. КіріспеҰйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Оқушыларды психология

лық дайындау.

Өзін -өзі реттеу.

 

Сыныпқа ену, оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, сәлемдесу.Ыстық алақан тренингі арқылы (алақан  арқылы оқушылар бір-біріне деген жылы лебіздерін білдіру) ұйымдастыру. Орындарынан тұрып сәлемдеседі жылы қабақты сезеді.Ортада шеңбер құрып бір-бірінің алақанын ұстап жылы лебіздерін білдіреді
3 мин Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу.  Астана суреттерін арқылы топқа бөлемін 

1-топ.Бәйтерек

2-топ.Хан шатыры

3-топ.Халық елі

Оқушылар өздері ұнатқан жемістерді алу арқылы шағын топтарға бөлінеді.Топ басшысы сайланып,өз тобының қызметін таныстырады.(Топ басшы,таймкипер,қорғаушы,бақылаушы,хатшы)Топтық ережені қайталайды.  Астана қаласының суреттері. 

 

Топтық ереже

5 мин Үй тапсырмасы Фишбон әдісі Оқушыларға үй тапсырмасын пысықтау мақсатында сұрақтар жазылған постер таратады. Оқушылар  топпен бірлесе отырып, «Біздің Отанымыз» тақырыбындағы жабық сұрақтарға жауап жазып оны қорғайды Постер,маркер 

 

 

 

 

15 мин

 

 

Негізгі бөлім.1.аңа сабақты ашу.

2.Жаңа сабақтың түсінігі.

 

3.Оқулықпен жұмыс

 

4.Талқылау

 

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында ребустыслайдтан көрсетеді

 

Жаңа тақырып бойынша не білетінін сұрайды.Астана қаласы туралы не білеміз?

Әр топқа оқулықтағы мәтіннің әр бөлімін бөліп беріп,оқуға уақыт береді

 

Топтық талқылауға уақыт береді.

Оқушылар ребусты шеше отырып,жаңа сабақтың тақырыбын ашады. 

 

 

Әр топ мүшелері Астана қаласы жайлы білетіндерін айтады.

 

Бірлескен оқу жүреді.Барлық оқушы оқуға  тартылады.

 

1-топ.Астана қаласының тарихы

2-топ.Астана қаласының көрікті жерлері

3-топ.Астананың  халқы

Ребус

 

 

 

 

Интербелсенді тақта, слайдтар

 

 

Оқулық,дуниетану 2 сынып,118 -119 бет

 

 

Астана қаласының суреттері,постер,маркерлер,

стикерлер

2-мин Сергіту сәті Кел билейік.Интербелсенді тақтадан видеоролик арқылы оқушыларды билетіп,көңіл-күйлерін көтеру. Оқушылар экранға қарап билейді. Интербелсенді тақта
7мин Сабақты бекіту Жаңа сабақты бекіту үшін«Синквейн» әдісін пайдалану және картадан Астана қаласын және өзенді табу

 

Оқушылар постерге бес жолды өлеңді пайдаланып,жаңа сабақты жинақтайды және қорытады.Картадан Астана қай өзеннің жағасында орналасқанын табады. Флипчарт, маркерлер 
3 мин Бағалау.   Бағалау шкаласы алдын –ала таратылады«5»-күн суреті

«4»-бұлт суреті

«3»-тамшы суреті

Топтың әр мүшесі өзін-өзі алдын-ала берген бағалау шкаласын толтыра отырып бағалайды. Бағалау парақшалары.
2 мин Үйге тапсырма EXPO-2017 жайлы эссе жазуды,Алматы қаласы жайлы ақпарат жинақтауды тапсырады  EXPO-2017 тақырыбына шағын эссе жазып келедіАлматы қаласы жайлы қосымша ақпараттар жинақтап келеді Оқулық,интернет 
4 мин Рефлексия. «Смайликтерді» тілек ағашына іле отырып, бүгінгі  өтілген сабаққа кері байланыс жасатуды ұсынады  Оқушылар стикерлерге бүгінгі өткен сабақ бойынша- Бүгінгі сабақты толық түсіндім

—  Бүгінгі сабақта ешнәрсе түсінбедім

— Бүгінгі сабақта түсінбеген сұрақтарым болды деген мәліметтер төңірегінде алған әсерлерін жазады

Түрлі-түсті стикерлер. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мерзімі:      11.04. 2014

Уақыты: 10:35

Сыныбы: 2 «А»

Пән атауы: дуниетану

Сабақтың тақырыбы: Алматы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Алматы қаласының тарихы және оның қонақжайлылығы туралы ақпарат беру

—               Топта ұйымшылдыққа, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.

—                  Өз ойын еркін айта алатын, сыни тұрғыдан ойлай білетін тұлға қалыптастыру

Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,  АКТ, ОүБ және ОБ.Талантты және дарынды балаларды оқыту,көшбасшылық

Стратегиялық іс әрекет: Блум таксаномиясы, түртіп алу әдісі,миға шабуыл

Күтілетін нәтиже:1.Оқушылар Алматы қаласы жайлы коптеген ақпараттар білетін болады.

2.Өз беттерінше топпен жұмыс жасауға машықтанды.

 

Уақыт өлшемі

Жоспар мазмұны

Мұғалім іс әрекеті

Оқушылардың     іс әрекеті

Ресурстар

3 мин І. КіріспеҰйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Оқушыларды психология

лық дайындау.

 

Оқушылардың психологиялық ахуалын анықтау мақсатында «Шаттық» шеңбер әдісін пайдаландымАдамдарға кешіріммен қарайтын,

Жан жылуы жылылық боп тарайтын

Кішіпейіл бала болғым келеді,

Айналасын нұрлы күнге балайтын

Оқушылар шеңбер құрап отырып,бір-бірлеріне өзара жақсы тілектер айтады
3 мин Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу.  Оқушыларды бағдаршамның түстері  арқылы топқа бөлемін 

1-топ.Көктөбе

2-топ.Медеу

3-топ.Шымбұлақ

Оқушылар бағдаршамның түстерін алу арқылы шағын топтарға бөлінеді.Топ басшысы сайланып,өз тобының қызметін таныстырады.(Топ басшы,таймкипер,қорғаушы,бақылаушы,хатшы)Топтық ережені қайталайды.  Бағдаршам түстері 

 

Топтық ереже

5 мин Кері байланыс. Рефлексия«Білу» деңгейі.

 

 

 

  Өткен сабақты еске түсіру.Қызықты мәліметтер туралы, алып келген мағлұматтарын айтып береді.

EXPO-2017 жайлы не біліп келдік?

Оқушалар өздері  EXPO-2017 жайлы ізденіп ,жазып келген  эссені оқып береді  Слайдтар,интербелсенді тақта 

 

 

 

 

15 мин

 

 

Негізгі бөлім.Миға шабуыл.

Жаңа сабақ.

«Түсіну деңгейі

 

«Қолдану» деңгейі

 

Оқулықпен жұмыс.

«Талдау» деңгейі

 

 

 

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында  слайдтан  суреттер корсетеді. 

Жаңа тақырып бойынша не білетінін сұрайды.Алматы қаласы туралы не білеміз?

Әр топқа оқулықтағы мәтіннің әр бөлімін бөліп беріп,оқуға уақыт береді

 

 

Топтық талқылауға уақыт береді.

Оқушылар суреттерді көре отырып, сабақтың тақырыбын ашады. 

 

 

Әр топ мүшелері Алматы қаласы жайлы білетіндерін айтады.

 

Бірлескен оқу жүреді.Барлық оқушы оқуға  тартылады.

 

1-топ.Алматы қаласының тарихы және қонақжайлылығы

2-топ.Қаланың өндірісі жайлы

3-топ.Алматы қаласының мәдениеті.

 

 

 

Алматы қаласының суреттері

 

 

Интербелсенді тақта, слайдтар

 

 

Оқулық,дуниетану 2 сынып,119-120 бет

 

 

Алматы қаласының суреттері,постер,маркерлер,

Стикерлер

2-мин Сергіту сәті  «Комплименттер  бұрқасыны»Берілген уакыт ішінде бір парақ қағазға өздерінің сүйікті адамдарынан естігісі келген комплименттті жазады Оқушылар жазып болған соң парақтарды умаждап,бір біріне лақтырады және ашып оқиды. Парақтар,қаламсаптар
7мин «Жинақтау» деңгейіСабақты бекіту

 

Жаңа сабақты бекіту үшін «Түртіп алу» әдісін пайдаланып,оқушыларға А-4 форматтағы парақ таратады. 

 

Оқушылар таратылған парақшаларды топпен бірлесе отырып толтырады «V»- маған таныс«+»-мен үшін жаңа

«-»-мен білетін түсінікке сәйкес келмеді

«?»-бұл туралы тереңірек білгім келеді.

3 мин Бағалау.   Блум таксаномиясы бойынша бағалау парақшасын үлестіру Топтың әр мүшесі өзін-өзі алдын-ала берген бағалау парағын толтыра отырып бағалайды. Бағалау парақшалары.
2 мин Үйге тапсырма «Менің сүйікті қалам-Алматы» тақырыбында шағын эссе жазуға нұсқау береді  Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Оқулық,интернет 
4 мин Рефлексия. Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

Бұл сабақ қаншалықты қиын болды?

Оқушылар берілген суреттерге қарап,өз деңгейлерін анықтайды.  

 

 [bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *