Басы » Физика » Радиактивті сәулелерден қорғану мәселелері

Радиактивті сәулелерден қорғану мәселелері

Ақмарал2Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы

№261 орта мектебінің физика  пәнінің мұғалімі

Наубетова АқмаралСабақтың аты Радиактивті сәулелерден қорғану мәселелері
Жалпы мақсаты Радиактивті сәулелерден қорғану мәселелері туралы ақпарат беру.

Радиактивті сәулелерден қорғана  білуге үйрету.

Топта еркін жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже Радиактивті сәулелерден қорғану мәселелері туралы білетін болады. Радиактивті сәулелерден қорғануды  үйренеді.

Топта еркін жұмыс жасай алады.

Негізгі  идеялар        Күнделікті тұрмыста қолданылатын  радиация көздері болып табылатын  заттарды қолданғанда қауіпсіздік ережелерін білу және оны сақтау , адамның денсаулығы мен өмірі үшін өте маңызды.
Тапсырмалар

Топтық жұмыс «Мәтінмен танысыңыздар»

Топтық жұмыс

«Жоба қорғау»

Жеке  жұмыс

 «Ия, жоқ»

 

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару,  топқа бөлу (2-3 минут)

Сынып оқушыларын суреттерді қиындыларын құрастырып 4 топқа  бөліп топтастыру.(І топқа күн сәулесінің суреті, ІІ топқа радиактивті сәуле түрлерінің суреті, ІІІ топқа дозиметр құралының суреті, ІҮ топқа ғарыш айлағының суреті) 

 

ІІ.Талқылау үшін сұрақтар. (10 минут)

1. Радиактивті сәулелердің қандай түрлерін білесіздер?

Жиілігі 1015  Гц фотон энергиясын анықтаңдар. h=6,6 * 10-34 Дж*с

2. Радиактивті элементтер дегеніміз не?

Толқын ұзындығы 3* 10-7 м,фотонның энергиясын анықтаңдар.
h=6,6 * 10-34 Дж*с, с= 3* 108 м/с

3. Радиактивті сәулелену дегеніміз не?

Массасы 2 кг гір, қатаңдығы 50 Н/м серіппеге ілінген. Жүктің еркін тербелісінің периоды неге тең?

4. Электромагниттік толқын түрлерін атаңыздар

Егер дыбыстық толқынның судағы жылдамдығы 1480 м/с, ал толқынды тудырған тербеліс жиілігі 740 Гц болса, оның ұзындығын табыңыздар

 

ІІІ. Топтық жұмыс «Мәтінмен танысыңыздар» (10 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

І топ «Радиацияның түрлері»

ІІ топ «Радиактивті сәулелердің түрлері»

ІІІ топ «Радиацияның сәулелену дозасы»

ІҮ топ «Радиациялық сәулеленің табиғатқа және адамзатқа тигізетін әсері»

 

ІV. Топтық жұмыс  «Жоба қорғау» (8 минут)

І топ «Радиацияның түрлері»

ІІ топ «Радиактивті сәулелердің түрлері»

ІІІ топ «Радиацияның сәулелену дозасы»

ІҮ топ «Радиациялық сәулеленің табиғатқа және адамзатқа тигізетін әсері»

Осы тақырыптар бойынша барлық топ сурет, эссе, өлең жолдары арқылы қорғайды

 

бағалау ( 2 минут)

Ү.  Сергіту сәті (3 минут)

 

VІ.  Жеке  жұмыс «Ия, жоқ» (5 минут)

1. Радиактивті изотоптар жасанды және табиғи болып екіге бөлінеді

2. Радиоактивті сәулелер альфа, бета, гамма болып бөлінеді

3. Гамма сәулелердің өтімділік қабілеті төмен

4. Радиация деңгейін өлшейтін құрал амперметр деп аталады

5. Күн радиациясынан қорғану қажет емес

6. Радиоактивті сәулелердің өтімділік қасиеті бірдей болады

7. Жұтылған дозаның өлшем бірлігі грей (Гр)

 

Оқушылар өзін-өзі бағалайды

 

Рефлексия

Бүгінгі сабақтан алған әсерім

Не үйрендім

Не қиын болды

Кейінгі тапсырмалар Тапсырма  №1-7 орындау 223-бет.

 

Кейінгі оқу §63 Радиактивті сәулелерден қорғану мәселелері
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *