Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Күйкен орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Икенова Тілектес
Жалғаулық шылау сөздер туралы түсінік
Күні: | Қазақ тілі | 6- сынып | |
Сабақтың тақырыбы | Жалғаулық шылау сөздер туралы түсінік | ||
Сілтеме | Күнтізбелік жоспар, орта мерзімдік жоспар, оқулық. Мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО стратегиясы | ||
Жалпы мақсаты | Шылау сөздердің басқа сөз таптарынан айырмашылығын таныту, жалғаулық шылаулардың мәнін, қызметін түсіндіру. Білім-білік дағдыны қалыптастыру, адамгершілік ізгі қасиеттерге, сауаттылыққа тәрбиелеу. Әр сөз табының өзіндік ерекшелігін тани білуге баулу, өтілген теориялық ұғымды практикада дұрыс қолдана білуге үйрету, теориялық материалды жүйелі тиянақты баяндауға дағдыландыру, өз бетінше жұмыс істеуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету. |
||
Оқыту нәтижесі | Оқушылар топтық жұмыс жасау барысында өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алады. Бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік алады. | ||
Оқыту формасы | Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу | ||
Оқуда қолданылатын модульдер мен әдіс-тәсілдер | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін және оқуды бағалау. «Миға шабуыл» әдісі Ой қозғау Кубизм | ||
Құрал – жабдықтар | бағалау бетшесі, кеспе қағаздар | ||
Кезең | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
1 кезең
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру |
Амандасу
Кезекші мәлімдемесін тыңдау 327-жаттығу. Септеулік шылау |
Жаттығуды орындаған оқушылар тақтаға шығады.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді |
|
2 кезең
Жаңа сабақ |
Мағынаны тану
Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салыстыра (тең дәрежеде) байланыстырды. Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп аталады. Олар мыналар: мен (бен, пен), да (де, те, та), не, не болмаса, яки, немесе, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті т.б. Сергіту сәті 2-топ: 329-жаттығу |
Оқушылар жұптасып сұрақтарын талқылап, бір- біріне сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты меңгеріп отырады.
Барлық тапсырмаларға оқушылар жұп, топ болып жауап беріп отырады.
Сабаққа оқушылар белсене араласып отырады
|
|
3 кезең
Сабақты бекіту |
Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қой 1) Отан … отқа түс — күймейсің. (үшін) 2) Мен әкеммен бірге кешке … жұмыс істедім. (шейін) 3) Қыста … көктемде күн суық болады. (және) 4) Оның ойлағаны болды, … мәселенің басы шешіле қоймады. (бірақ) 5) Көктемде біресе жаңбыр жауады, … күн ысып кетеді. (біресе) |
Белсенділік таныту. Жинаған білімдерін қолдану | |
Бағалау | Бірін-бірі бағалау | ||
Үйге тапсырма | 330-жаттығу Көшіріп жазып септеулік және жалғаулық шылауларды ажырату 1) Рақмет, бұл жақсылығың үшін немен сыйласам екен? — деді, үшін — септеулік шылауы 2) Әйел жымиып күлді де, үстелінен бір кітап әкеліп берді. Күлді де — жалғаулық шылауы. |
||
Рефлексия
|
|||
[bws_related_posts]