Басы » Tәрбие сағаттары » Біздің отбасы

Біздің отбасы

Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы
«Ново-Хайрузовка орта мектебі» КММ
Рамазанова-Кадыш Лаура Серикполовна
Бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: «Біздің отбасы»
Мақсаты: Ата-аналардың мектеппен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, нәтижелі болатындығына көз жеткізу. Оларды жылдамдыққа,  шапшандыққа, ептілікке, төзімділікке, өмірді белсенді болуға, алға қойған мақсатты орындауға үйрету. Ата-аналарды, балаларды, дене шынықтыруға бейімдеу,  патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Қажетті құрал-жабдықтар: жалаулар, үрленген шар, доптар, шелектер-2, эмблемалар, қайшы, кубиктер, домалақ шариктер, кішкене қасық, қиылған бутылкалар, асықтар, тақия, картоп.
Нақыл сөздер:
1. Әке- алтын діңгек.
2.Ата-ананың міндеті- тәрбиелеу және жақсылықты үйрету.
3.Ата-ананың ақылы-даңғыл сара жолмен тең.
Сайыстың жүрісі:Спортзал безендірілген, спортқа ұрандар, балалар маршпен бөлмеге кіріп, бір қатарға тұрады,  олардан кейін ата-аналар, ұстаздар кіріп, балаларға қарама-қарсы тұрады.
Әдісі: сайыс түрінде
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар!
«Отбасы» тойы басталды,
Қызықтан құр қалмаңыздар!
Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар, ата-аналар, ұстаздар. Бүгінгі «Біздің отбасы» атты жанұялық спорт сайысына қош келдіңіздер!
Музыка әуенімен:
«Сұңқар», «Тұлпар», жанұялық топтар кіреді.

Армысыздар, әділқазы, әз жандар,
Өнерлерін әділ ғып бағалаңдар.
Болмасын алыс-жақын деп алалау,
Туған-туыс, дос деп те қарамаңдар,-дей келе сайысымызды қадағалап, әділ баға беріп, отыратын әділ қазылар алқасын тағайындап алайық. Әр бөлімді 5-тік баллмен есептейміз.
Сайысымызды бастамас бұрын, әділқазы алқасының алдында төс белгіні алсаңыздар, онда реттік нөмер бойынша бастайсыздар.
-Өте жақсы, балалар, іске сәт!
Олай болса, ойынымызды бастайық.
1-эстафета. «Сәлем сөздің анасы» таныстыру.
Текті білу ұрпаққа, біздерге сын
Құрметпен ата-баба, салт-дәстүрін
Тыңдайық кезекпен жанұяны,
Құлшынып ортамызға келген бүгін.
Осы отбасылар қадамы құтты, мәртебесі биік болсын, мәре төрінен көріне берулеріне тілектестік білдіре отырып, ортаға шақырайық.
Ал қане, босқа қарап тұрмайық,
Қажырланып намысты қолдан бермейік
Балалармен бірге осылай күш қосып,
Бүгін біз де бағымызды санайық.

(Әли,Халима) Мектепке күнде барамыз
Ақыл мен білім аламыз.
Гуля деген анамыз.
Біз-Әли, Халима боламыз.

Мен Тимурмын ақылды (Тимур)
Рахымбек әкем салмақты
Өзіңіз баға қойған мадақтауды
Жоғалтпай өмір бойы жүрсем сақтап.

Өмірде деген ұлы көш (Ақмарал)
Өз еліңе үлес қос
Менде сондай мақсат бар
Жаны толы асылға,
Спортшы болам бағы бар.

Әкем үйдің басшысы
Анам үйдің жақсысы
Сіңілім үйдің еркесі,
Ал мен үйдің «серкесі»

Өмірімізді, өзімізді көріп, (Даяна)
Тәрбие мен өнерімізді көріп,
Біліміміз бен  тілімізді тыңдап,
Мақсаттар мен бағытымызды даралап,
Өзімізді, сөзімізді саралап,
Болашаққа ақ жол, үкілі үміт тілеңіздер.

(Әсем) Бар әлемнің халқына,
Танытатын қазақты
Табындырар даңқына
Спортшы болып шығамын.

Өсті міне бойымыз, (Даниель)
Өсті міне ойымыз
Сіздердей аға, әпке боламыз
Денсаулықты қолға аламыз.

Жарқын біздің күніміз, (Нұрай)
Бойшаң болып келеміз,
Салмағымыз, бойымыз,
Өсті, өсе береміз.

2.Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары дұрыс шықты
«Кім жылдам» байқауы бөлімінде
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Кім жылдам?» бөліміне кезек береміз. (Әкелерге-аналарға мақал-мәтел,  балаларға жұмбақ)
 
 
 
 
 

 
 
 
 
Оқушыларға:

Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар (түйе)
Көк көйлегін үстінен
Қысы жазы шешпейді
Бір ұзарып өскен соң, одан әрі өспейді (Шырша)
Сөзі- дана, үні жоқ,
Сөйлемейді, тілі жоқ
Қолыңа алсаң шешен
Ақылы асқан көсем. (кітап)
Өшірді, сүртті,
Өзгемен бірге,
Өзін де құртты (өшіргіш)
Жазу жазыап, жалықпаған,
Жаза-жаза,  арықтаған (бор)
Жолбарысқа ұқсайлды,
Күнде  тышқан ұстайлды

Әкелерге:

Ағайын тату  болса ат көп,
(Абысын тату болса ас көп)
Аяғын көріп асын іш,
(Анасын көріп, қызын ал)
Ата көрген оқ жонар
(Ана көрген тон пішер)
Әдепті бала- арлы бала,
(Әдепсіз бала-сорлы бала)
Гүл өссе-жердің көркі,
( Қыз өссе-елдің көркі)
Ананың сүті –бал,
(Баланың тілі бал.)
Ата-бәйтерек
(Бала-жапырақ)

3. Бутылкамен
Щетка-ептілікке байланысты.
4.Эстафета: «Шар айдау» әкесі мен баласы үрленген шарды маңдайларымен тіреп ұстап, кедергілерден өтіп, кері келу.
5. «Өнерлі бала сүйкімді».  «Доп салу» Әкесі басына бутылка қиындысын киеді, баласы оған допты дәлдеп, ішіне лақтырып салу керек.
6. «Кім епті?» Баласы тақияны басына киіп, кедергілерден өтіп, мәредегі орындыққа салады. Әкесі мен анасы  шай қасықпен асықтарды тақияға салады. Баласы тақияны асықпен бірге төбесіне қойып, қайта қайтарады.
7. «Зымыран» Аа-аналар баланы көтереді де кедергілер арасымен жүріп барып, бала қолындағы картопты шелекке салу керек.

Жарайсыңдар шыныққан шымыр екенсіңдер!
Ізгі ниет, жақсы өнеге тозбасын деген тілекпен бүгінгі «біздің отбасы» атты жанұялық сайысымызды  аяқтаймыз.
(Әділқазылардың қорытынды сөзі)
 Бүгін, міне, оң болып әр ісіміз,
Жоғары боп күш жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық жарысымыз.
Бізге келіп, жарысқа қатынасқан жанұяларға алғысымызды жолдай отырып, жанұяларына амандық пен саулық тілейміз.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *