«Ново – Хайрузовка орта мектебі» КММ
Жаңа технологиялық әдістерді
аймақтық компонеттерді оқытуда қолдану
Абылгалиева А. Ж.
География пәнінің мұғалімі
Жаңа технологиялық әдістерді аймақтық компонеттерді оқытуда қолдану
География сабағында аймақтық компонент материалдарын оқытудың «нақтылыдан абстрактыға», «жақындағыдан алыстағыға» деген принциптерін жүзеге асыруға баспалдақ болумен бірге, білім мұнарасын орнықтырар іргетас болып табылады. Оқушыларды қоршап тұрған табиғат пен өмір ешбір суреттермен және коллекциялармен ешқашан теңдестіруге болмайтын тамаша көрнекі құрал. Жергілікті жер материалдарын сабақта пайдалану оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Жергілікті материалдарды оқыту арқылы оқушылардың ізденімпаздығын, байқампаздығын, сезімталдығын, белсенділігін, логикалық ойлау, іске шығармашылық көзқарасын тәрбиелеуге болады. Оқушы өз туған табиғатымен таныса отыра, үлкен ғылыми ізденіс жолына ден қояды.
Аймақтық компонеттерді оқытудағы мақсатым оқушыларға өз өлкесінің географиясы туралы білім беруде, жаңа технология әдістерін пайдалана отырып, олардыңтанымдық белсенділігімен пәнге қызығушылығынарттыру.
«Катонқарағай – жер жаннаты» атты сабақтаинтербелсенді тақта, компьютер, Қазақстанның саяси картасы, үлестермелік құралдарды пайдаландым.
1-кезең
- 1. Катонқарағай ауданының географиясы туралы оқушылардың білімдерін байқауда мына кесте толтырылды:
Не білемін? | Нені білгім келеді? | Жаңа білім алдым |
2. Катонқарағай ауданының ассоциациясы туралы оқушылар өз ойларын ортаға салды
2 -кезең
1. Интербелсенді тақтаның көмегімен Катонқарағай ауданының тарихынан таныстырылымдар көрсетілді.
2. Түртіп алу әдіс арқылы үлестермелі құралдардан оқушылар ауданға қатысты материалдарды бөліп алды.
3- кезең
1. Сәйкестікті табу:
|
Қытай Халық Республикасы |
|
Катонқарағай |
|
Үлкеннарын |
|
Марал |
|
Бұқтырма |
|
Рахман қайнары |
|
Берел |
4 — кезең
«Географиялық атаулар тарихынан» білімдерін бақылау
- Моңғол тілінен еніп, қазақ тілінде «шағын» мағынасында, қалмақ тілінде көлемді білдіретін, өзен болса –кіші, тау болса — аласа мәнінде қолданылатын аудан территориясындағы географиялық атау.
а)Катонқарағай
б)Нарын
в)Алтай
- Моңғол тілінде «киіз үйлі ауыл», «қалашық»,«бекініс» сөзін білдірсе, бурят тілінде «айнала орналасу» мағынасын білдіріп, қазақша «ауылды айнала өскен қарағайлытоғай» қандай географиялық атауды білдіреді?
а) Катонқарағай
б) Қайыңды
в) Көктерек
- Махмуд Қашқаридың айтуынша «жол» деген мағынаны білдіретін, басын Қытайдан алып, Солтүстік мұзды мұхитына құятын өзен?
а) Нарын
б) Бұқтырма
в) Ертіс
- Географ Радловтың айтуынша «биік таулы ел» мағынысында қолданалатын тау аты?
а) Тарбағатай
б) Нарын
в) Алтай
5- кезең
1 семантикалық карта арқылы білімдерін бекіту
Сандар
Сұрақтар |
51 | 13 | 40000 | 13000км2 | 1997 ж | 1928ж |
Катонқарағай ең алғаш рет қашан құрылды ? | ||||||
Катонқарағай ауданы соңғы рет қашан құрылды? | ||||||
Жер көлемі қанша? | ||||||
Халқы қанша? | ||||||
Қанша ауылдық округтен тұрады? | ||||||
Қанша елді мекені бар? |
Қорытындылау : Қандай жаңа білім алдың ?
Бағалау
Үйге тапсырма: Ауыл тарихына байланысты қызықты материал жинау
Катонқарағай ауданы
Шығыс Қазастан облысы
[bws_related_posts]