Катонқарағайский ауданы Ново – Хайрузовка ауылы
География пәні мұғалімі: Абылгалиева А. Ж.
География үйірмесі жетекшісі: Кадыш У. Т.
Қазақстандық Алтай
Сабақтың типі: кіріккен, бекіту сабағы
Өткізілу формасы: геобизнес
Қолданылған әдістер: топтық, жеке, дара, «Галереяға топсеруен», кластер, постер
Сабақтың мақсаты:
Жаңа технология қолдана отырып, аймақтық компонент негізінде оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыру.
Міндеттері:
ü Оқушылардың ойлау қабілеттерін, география пәнінен танымдық белсенділігін арттыру.
ü Топты жұмыс істеуге, қорытындылауға, талдау жасауға, бағалауға үйрету.
ü Шығармашылық қабілеттілігін арттыру
ü Экономика және патриоттық тәрбиені жетілдіру.
Көрнекіліктер мен құралдар:
— Қазақстанның физикалық картасы
— Алтайдың орографиялық схемасы
— Презентация, слайд, видео,
— Буклеттер:
Катонқарағай ұлттық паркі
Марқакөл қорығы
— Кітап көрмесі: « Алтайым – Алтын тамырым»
— Компьютер, интербелсенді тақта.
— Бағалау критерийлері (балл бойынша)
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Топқа бөліп отырғызу(1консультант,қалғандар акционерлер )
2. Сұрақтарды және акция тарату
3. Сабақтын тақырыбымен , мақсатымен таныстыру
- II. Негізгі бөлім
- 4. Рефлексия: дайын таблицаны әр акционер толтырады
Не білемін? | Не білгім келеді? | Не білдім? |
- 5. АҚТ қолдану «Алтай тауының орографиялық схемасы» (презентация)
- 6. Кроссворд шешу «Алтай» (топтағы қай акционер жауабын тапса, интербелсенді тақтаға жазады)
А | Л | Т | А | Й |
- 7. «Катонқарағай» тақпағы оқылады, әр топ оған постер құрайды.
- 8. Кітап көрмесімен жұмыс: « Алтайым – Алтын тамырым»
- 9. Дарынды балаларға алдын-ала берілген жұмыс «Галереяға топсеруен» АКТ «Алтай тауының пайдалы қазбалары» (видеоматериал, слайд, )
- 10. Топпен жұмыс: «Қазақстандық Алтай»
а) Консультант әр дұрыс жауапқа бір акциядан таратады.
Оқушының аты -жөні | Сұрақ № | Жауабы | Сұрақ № | Жауабы | Сұрақ № | Жауабы | Сұрақ № | Жауабы |
1 | 2 | 3 | 4 | |||||
5 | 6 | 7 | 8 | |||||
9 | 10 |
б) Әр топ жауап беретін спикерлерін сайлайды
в) Топтардың жауаптарын қорғауы: топтын жауаптары консультант ұсынған критерийлер бойынша бағаланады
г) Әр топ бағалау қағазына формативті бағаларын қояды.
- III. Үйірме жетекшісінің аймақтын компоненттер бойынша жұмысы
Нашар үлгіретін және зерек балалармен жұмыс:
- «Алтайым – Алтын бесігім» атты видеоматериал көрсету.
- Осы видеоматериал бойынша әр топ кластер құрайды:
а) «Катонқарағай»;
б) «Бұқтырма»;
в) «Рахман бұлағы» — демалыс аймағы.
- Кластерлерін қорғау.
- Білім бекіту: «Туған жердің географиялық атаулары» ойыны. (интербелсенді тақтадағы тапсырмаларды орындайды).
Таулар, ішкі сулар, қорықтар, кордондар, ұлттық саябақтар,
- Рефлексия: смайликтер тарату: J K L, (әр топ не түсінді, не түсінбеді, ұнаған, ұнамағанын айтады)
- Үй тапсырмасы: әр оқушы конвертте деңгейлік тапсырма алады (қызыл, көк, сары конверттер)
- V. Мұғалім сабақты қорытындылап, бағалайды, оқушылардың суммативті бағасын айтады.