Катонқарағай ауданы
«Ново – Хайрузовка орта мектебі» КММ
А. Ж. Абылгалиева география пәні мұғалімінің еңбегі
Қазақстанның физикалық географиясы дидактикалық материалдар
Авторлары Ә. Бейсенова, К. Карпековтың 8 сыныптың Қазақстанның физикалық географиясы оқулығын негізге алып жазылған дидақтикалық материал оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін дамытуға арналған. Бұл дидактикалық материалда оқушыларға дәйекті түрде берілген білімді тиімді пайдаланып, өз беттерімен жұмыс жасау дағдыларын арттырып, білімін, біліктілігін және бейімділігін бақылау жұмыстары жинакталған.
География пәніне арналған дидактикалық құралда оқушылардың білігі мен дағдыларына талап, ағымдағы бақылаулар, оқушылардың логикалық ой – өрісін дамытуға арналған сұрақтар, қорытынды бақылаулардың тапсырмаларының ңұсқасы мен жауаптары беріледі. Бұл тапсырмалар оқушылардың табиғатты бақылауға, өз беттерімен талдау жасау дағдыларын жетілдіруге, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға көмектеседі.
Әр тарау бойынша берілген тапсырмалар тақырыпқа сай, оқушылардың танымдық белсенділігі мен пәнге қызығушылығын арттыратындай түрлендіріп , күрделене берілген. Проблемалық, ситуациялық, логикалық сұрақтар оқу материалын тиімді менгеріп, есте сақтауда көмектеседі.
Дидактикалық материалдар тарауларды қорытындылауда, қайталауда пән мұғалімдері мен оқушыларға көмектеседі. Оқу бағдарламасы негізінде жасалғандықтан дидактикалық материалдардың тапсырмалары түсінуге қолайлы , орындауға ыңғайлы. Оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, дайын тапсырмалар беруде қолдануға болады.