Басы » Баяндамалар » ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖОЛДАРЫ

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖОЛДАРЫ

АбдыгалиеваГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖОЛДАРЫ
 
Катонқарағай ауданы
«Ново – Хайрузовка орта мектебі» КММ
А. Ж. Абылгалиева география пәні мұғалімі
Әрбір пән мұғалімінің  мақсаты – оқушыларға  сапалы білім  беру. Сабақта қолданыланған оқытудың әр түрлі  әдістері оқушылардың білім сапасын арттыруда және  пәнге қызығушылығын,  сонымен қатар әр баланың іскерлігін, ізденімпаздығын, байкау қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Сабақта қай  тақырыпта  болса да  ғылыми – теориялық әдебиеттер, оқу- әдістемелік құралдар, көрнекіліктер, электронды материалдар, т.б.  пайдалануға  болады. Басқа пәндерге қоса географиядан да тиянақты білім  берудің негізі – географиялық білім түрлерін жүйелі оқыту. Географиялық білім түрлерін  атап айтар болсақ: геологиялық, климаттық, картографиялық, номенклатуралық, топонимикалық, тарихи, экологиялық және  экономикалық білім деп бөлуге болады.
Геологиялық  білім арқылы оқушылар жер қыртысының тұрақты және тұрақсыз  түрлерімен танысып, соған  байланысты табиғаттың бірнеше ғасыр бойы табиғи  жолмен  даму  тарихынан  білім алады. Бұл   теориялық білімдерін танымжорық  кезінде өз  өлкесінен  жинап алған   тау  жыныстарының  түрлерін  анықтауға тапсырма  беру  арқылы   практикалық  дағдыларымен ұштастыра   аламыз.
Климаттық білім жер бетіндегі климаттың климат  туғызушы факторларына тәуелділігін, ауа-райы құбылыстарының  шаруашылықты  ұйымдастыруға  әсерін  үйрете отырып, картаны пайдалану және оны оқи білуге баулу, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру арқылы беріледі.  Мысалы, Шығыс Қазақстан облысының  климатының ерекшелігін   сипаттауда  оқушылар    қаңтардың орташа температурасы — 170 С , шілденің  орташа температурасы + 20°С, жауын- шашын   солтүстігінде -350мм, оңтүстігінде -250 мм, батысында -200мм, Кенді Алтайдың батыс бөлігінде 1000 – 1500 мм түсетінің анықтады.

Картографиялық білім оқушылар картамен  жұмыс  істеу  кезінде беріледі. География сабағында   жер бедерінің  формасын анықтауда,   масштабты қолдана отырып  қашықтықты   есептеуде,    климаттық картаның  көмегімен әр материктің  климатын  оқи біліп, климатты қалыптастырушы  факторларды  анықтауда,  елдердің  физикалық – географиялық  жағдайын сипаттауда  және  экономикалық  географиясына, т.б.    сипаттама беруде   географиялық картаның маңызы зор. Профессор  В. П.  Будановтың   айтуынша: «Картаны  оқи білу – ол картографиялық әліппенің белгілерінен,  нақтырақ айтқанда  оның шартты белгілері мен  бояуларынан  сөздер  мен сөйлемдер  құрастыру, ал  бұл  дегеніміз – картадағы нышандардың  үйлесімі  арқылы  жергілікті  жерді өз қалпында көре білуге, картаға  жан бітіруге үйрену; картадағы  жергілікті  жерді   жанды  нәрселерге, қозғалысқа толтыру».

Номенклатуралық  білім оқушы картамен  жұмыс істеп,   географиялық  атауларды меңгеріп отырса   беріледі.  Мысалы, 6 сыныптыңлитосфера тарауында ең биік  10 тау,  ең ірі 10 жазық, гидросфера тарауында  ірі 10 теңіз, ең ұзын 10 өзен, ең ірі 10 көлді картаға түсіріп  жаттау арқылы  білімін  арттырса, дүние жүзінің  әлеуметтік — экономикалық  географиясы сабағында  жер көлемі  ірі елдер, халқының саны көп 10 ел, экономикасы дамыған  елдерді  анықтап,   есте сақтаулары  арқылы  номенклатуралық білімдерін  арттырамын.Осындай тапсырмалар арқылыоқушылар  картамен жұмыс істеуге төселіп,олардың  танымдық  білімдері мен  есте сақтау қабілеттері   артады. Егер  оқушы өзінің  оқыған географиялық атауларының  шығу  тегімен танысып, тоқталып, мән беретін болса, топонимикалық білімі бекітіледі. География  сабағында  оқушыларға өздерінің  қалауы бойынша  үш  сөздің  тарихын   тауып келуге  тапсырма беру  арқылы  оларға шығармашылық  жұмыс істеуге жағдай жасаймыз.

Экологиялық білім  табиғатты қорғауға, аялауға  тәрбиелеуде, туған жерге деген перзенттік адамгершілік  борышын сезінуге көмектеседі. Түрлі  экологиялық  тапсырмалар, яғни өз  ауылындағы   бұлақтар немесе өзеннің  табиғат  компоненттерінің  ерекшеліктерін   сипаттау, жыл мезгілдері бойынша өзгерістерін бақылау,  ауыл халқының  тұрмысы мен  шаруашылығында алатын орнын  анықтау, адам әрекеті нәтижесінде болатын   табиғаттағы өзгерістердің  себебі мен  оны  жою  жолдарын табуда   оқушыларға  тапсырма  беру  арқылы  экологиялық білімдерін өз беттерінше  арттыруларына көмектесе аламыз.Мысалы,  ауыл  жаңындағы «Төменгі  Түскайың» бұлағыны экологиялық  ерекшелігі зерттеліп, бұлақ  табиғатының  мониторингі  шығарылды. Оқушылар  бұлақтың  геологиялық, биологиялық, экологиялық , шаруашылық сипаттамасын жасады.Бұлақ  Ново – Хайрузовка ауылының  Шірікқайың өзенінен  1 км қашықтықта, ауылдың солтүстігінде     жазық жерде орналасқан.Бұлақтың  сулы қабаты кұмнан  және саздан тұратын , су өткізгіш  қабаттың  төменгі жағында  орналасқан. Ал су өткізгіш  қабат  метафизикалық жыныстан  тұратын  су өткізбейтін қабаттың үстінде орналасқан.Су өткізбейтің қабат кұм, гранит  және дала шпаты жыныстарынан тұрады. Бұлақ суы осы жыныстардың арасымен  жайлап  ағады.Геологиялық қабаттың  қалындығы 0,7 м. Төменгі Түсқайың бұлағы   жер бетінің  жоғарғы қабатындағы жыныстарды шаюына байланысты бұлақ орналасқан жер  сайға айналған. Бұлақтың өсімдіктер дүниесі шөпті және бұталы өсімдіктерден  тұрады. Өсімдіктері көп түрлі, жиі және  тығыз өскен.Бұлақ жануарлар дүниесіне  бай.Сүткөректілерден  қоян және сарышұнақ  мекендейді.Құстардан  қаратамақ шымшық , бозторғай, сарышымшық кездесті.Қосмекенділерден  бақа,  бауырымен жорғалаушылардан  кесіртке, буынаяқтылардан  қоныздар, инеліктер,  өрмекшілер т.б. болды.Бұлақ суының  шаруашылық пайдасы: бұлақтың суы  ішуге қолайлы,  үй жануарлары мен  жабайы аңдар бұлақ суымен қоректенеді. Оқушылар  бұлақтың көзін ашып, тұнбадан, қоқыстан, кепкен шөптерден тазартып тұрады.Міне, осы  Төменгі Түсқайын бұлағының  экологиялық жағдайын  зерттеуде оқушылар  бірнеше күн  танымжорыққа шығып,  табиғатта жүрудің   ережелерін  сақтай отыра,   сабақта алған білімдерін  пайдалана,   бұлақтың табиғатын бақылау жасады. Бұл бақылауға  алған  жұмыстарының   сараптамасын  жасап, оның экологиялық жағдайын  анықтады. Экологиялық тазалық адамдардың азаматтық борышы  екенін үнемі  балалардың есіне салып отыру  үлкендердің  парызы. Сондықтан  «Жер Жаннаты»  немесе «Екінші Швейцария»  аталған  ауданымыздың табиғатын тамаша күйінде сақтап қалу үшін жасөспірімдерге экологиялық білім мен  тәрбие беруде  сабақта түрлі әдістерді қолдана   қызықты  өткізуге  тырысамын.

Экономикалық  білім де экономикалық білім жүйесін игеру  барысында,  экономикалық есептеуде, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру,  өндірістегі іс- әрекет  экономикасын  талдау арқылы меңгеріледі.Оқушыларға нарықтың құрылымы мен кәсіпкерлік  жүйесін  ұғындыруда,  нарықтық білім  берудің  бағыттары мен  кәсіпкерлікке баулудың әлеуметтік  педагогикалық  қажеттілігін түсіндіреді. Сонымен қатар, оқушыларға нарықтық ұғымдарды оқыту барысында экономикалық білімдерін қалыптастырады.  Оқушыларға  ауыл  халқының өсу динамикасын  анықтау, әр шаруа  қожалықтарының  шаруашылықты ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысу, қорытынды жасау, өнімнен түсетін қаржыны болжау  жұмыстарын үйрету арқылы экономикалық білім  беруге болады.Өзімнің  «География сабағында аймақтық компоненттерді оқытуда оқушылардың  өз бетімен жұмыс істеулерін ұйымдастыру» атты өзекті  тақырыбым бойынша, Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық  географиясы  сабағында Шығыс Қазақстан  экономикалық ауданын өткен кезде оқушыларға  косымша  материалды қолдана отырып,  білімдерін өз беттерімен  арттыруға  тапсырма  беремін. Оқушылар  Мемлекет басшысы  Н. Назарбаевтың  «Қазақстан -2050  Стратегиясы  — қалыптасқан мемлекеттің  жаңа саяси  бағыты»  атты Қазақстан  халқына Жолдауында  белгіленген  міндеттер мен  тапсырмалар Шығыс өңірінде  кезеңдеп орындалып жатқаның  оқып білді. Облыс басшысы Б. Сапарбаевтың  бастамасымен жүзеге асып жатқан ауқымды  жобалардан мәлімет алды. Ол жобалар: 1)Шығыс Қазақстан  облысы – еліміздің  үдемелі  индустриялық дамуында жетекші орында.  Мұнда бүгінгі таңда  53 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. 2)Электр қуатының  балама көзін іздестіру  жұмыстары, яғни электр куатын  өңдірудің ең экологиялық таза әрі қауіпсіз  тәсілі  қарастырылуда . 3)Шығыс Қазақстан облысы  интеграциялық байланыстарды  жолға қоюда  Ресеймен, Монғолиямен және Қытаймен  экономикалық байланыстар орнатқан. Биыл «Қуатты аймақтар – қуатты Қазақстан»  атты  өңіраралық  форум өтті. 4)Шығыс Қазақстанға  тән  марал мен бал шаруашылығына  облыс бюджетінен 60-70млн субсидий  бөлінген. 5) Ауыл , қалаларымен қатар облыс орталығы да  өркендеп келеді. Ертіс  жағалауы абаттандырылған, қала жасыл  желекке малынған. 6)Үкіметтің тірек ауылдар  бағдарламасына  әр ауданның  3-4 ауылы еніп, қысқа мерзімде  әлеуметтік  ахуалын  жақсартуға  қол жеткізді. 7)  «Туған жерге —  тағзым»   акциясы  Шығыс Қазақстанның  түлектерінің облыстың  өркендеуіне  үлес косуына жол ашты. Осы арқылы  кәсіпкерлердің , елге белгілі азаматтардың демеушілігімен   миллиардтаған теңге тұратын көптеген нысандар бой көтерді. 8)Қазіргі кезде Шығыс өңірі өзінің  рухани – мәдени  орталық екенін дәлелдеді. Биыл екінші рет «Алтай –Түркі әлемінің алтын бесігі» атты  халықаралық форум өтті.Міне, оқушылар өз беттерімен  қосымша жаңа материалдар алып, туған өлкесінің  экономикасының  өркендеуідегі  он жетістіктерді білді.

Мұғалім жоғарыдағы білім түрлері арқылы география пәндерін оқытуда оқушылардың   танымдық деңгейін арттырады.  Яғни,  оқушылар  өз беттерімен тапсырма  орындап, оқу материалдарының  мазмұнын  жақсы меңгеріп, өз ойларын  толық  және дәлелді жеткізуге  төселеді. Олардың ойлау және сөйлеу қабілеттері артады.  Өз беттерімен керекті материалды тауып, тапсырмаларды дұрыс орындауға  үйренеді.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *