Шымкент қаласы
№25 Т,Рысқұлов атындағы гимназия мектебі,
Түйебаева Үрзия
Сабақтың тақырыбы Ана бақыт, ана күн
І. Сабақтың мақсаты: Тіршілікті жалғастыруш:ы аналардың өмірі, олардың
қасиеті, құдыреттілігі неде екенін оқушыларға түсіндіру.
ІІ. Тәрбиелік мәні: Ананы сыйлау, құрметтеу, анаға бас июге тәрбиелеу.
IV. Сабақтың көрнекілігі: Сыныпты мерекеге сай безендіру. Даналық сөздер
жазып, іліп қою, гүлдер, суреттер, оқушылар
шығармашалығы.
V. Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды тәрбие сағатына
дайындау, кіріспе сөз (мұғалім).
Балаға ең жақын, сіз ана, даналар,
Сіздің ыстық құшағыңыз балаға пана болар!
Жүрегіңнің бір бөлшегі – бала үшін
Сізден жақын адам бар ма, аналар! — дей келе құрметті аналар қазір балаларыңыздың құттықтау тілек сыйлықтарын қабыл алыңыздар!
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Ана – Бақыт, Ана – Күн
Әдеппен бас иеміз. (бас ию)
оқушы: Ана, Ана, Ана! Не деген мейірімді не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріпиен құралған қасиетті сөздің түп-төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші!
оқушы: Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сидырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен өмірде?!
оқушы: Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған.Олай болса да бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ!
оқушы:
Мақтан етер анасын
Әркім өзінің панасын.
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым!
оқушы:
Ақ қабақты анамсың
Күн сәулесі панамсың.
Әлпештеген баласын
Айналайын анашым
оқушы:
Әлпештеген, аялаған
Ақ сүт берген, апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
«Ана туралы ән»
оқушы:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген — бәйтерегі өмірдің,
Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.
оқушы:
Ана деген — асыл жандар болаттай,
Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай
О, адамдар, қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды, тоқтатпай?
оқушы:
Ана десем, сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемге тыныштық.
Би. «Қыздар»
Мерекеге орай — «Ана, әйел, қыз бала туралы мақал-мәтелдер айту».
Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
Күннің шуағы – жылы,
Ананың шуағы – жылы.
Қыз өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі.
Қыз елдің сәні,
Гүл жердің сәні.
Әке – асқар тау,
Ана – етегіндегі бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақдей келе ортаға үш бала шақырамыз. Берілетін тапсырма, берілген уақыт ішінде мына картоптарды таза, жылдам аршып бітіру керек. Бір, екі, үш – бастадық.
Тақпақтар.
«Қыздарға гүл сыйлау»
оқушы:
Бүгін – наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз – Адамның,
Анаға айтар лебізі.
оқушы:
Анасыз бір жоқ күнің,
Әжемсіз бір жоқ күнің,
Ұсынамыз бүгін біз
Қырдың қызыл шоқ гүлін – дей отырып, қыздарға гүл сыйлау.
Ойын «Гүл жинау»
«Гүл бейнесіне ана туралы өз ойын жазу»
оқушы:
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
оқушы:
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын,
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Апашымды сыйлаймын.
оқушы:
«Анамыздай» — десек те,
«Әжеміздей» — десек те,
Жарасады апайға,
Тек жат қылық көрсетпе.
оқушы:
Қасымызда күн бойы,
Бәйтек болып жүргені.
Анамыздай ардақтап,
Құрметтейміз біз де оны.
оқушы:
Айналайын дегені,
Жанға рахмент береді.
Көңіліңді табады,
Сабағыма қарайды.
Құрметіңізге көп рахмет!
оқушы:
Ана тілін, қазақ тілін,
Оқытады ерінбей,
Сөйткен анам аман бол
Айтқан тіліңді аламын,
Жақсы оқитын боламын.
Көмегіңізге көп рахмет!
Жұрттың бәрі білетін
Бала оқытып жүретін
Үйде де тыным таппайтын
Оқуыма қарайтын
Ардақты Ана!
Рахмет, сізге мың алғыс!
М. Мақатаевтің сөзіне жазылған «Құттықтаймын мама» әні
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден,
Анамызға сыйлаймыз – деп жасаған гүлдерін аналарға сыйлаймыз.
VII. Қорытынды: Мұғалім.
Шуақ төгіп күлімдейтін қарасам
Анашымды күнге ғана боласам
Жер бетінде ең жақыным өзіңсің
Мәпелейсің, аялайсың әрқашан – дей отырып бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.
[bws_related_posts]