Ақтөбе облысы
Хромтау ауданы,
Аққұдық орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі.
Сагидуллина Даригуль Саиновна.
Сабақтың тақырыбы: Пропорция.Пропорцияның негізгі қасиеті.
Сабақтың мақсаты: 1. Пропорция ұғымдарын дамыта оқыту;
2.Ұйымшылдыққа,бірлікке,достыққа тәрбиелеу;
3. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,сабаққа деген қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: мазмұнына қатысты суреттер, интерактивті тақта, слайдтар,электронды
оқулық, тапсырмалар.
Сабақтың әдістері: қызығушылығын ояту, ойын, сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту
Сабақтың барысы:
І.Бағдарлау – мотивациялық кезең
Бұл сабақ жаңа ұғымды ашу үшін бейне сөзді шешуден басталады .
1.Қызығушылығын ояту.
,,Бұл сабаққа келмейді ешкім ермек үшін,
Есеп-қисап,сан-цифр термек үшін.
Көрсетіп есептеудің жолын қалай,
Келдім оларды айтып бермек үшін,, -деп сабағымызды бастаймыз .
Бейнесөз шешу арқылы төмендегі сөзді шығарып аламыз
,,,, , , , ,,,,,
/ПРОПОРЦИЯ/
Мұғалім:-Енді осы жаңа сөздің тарихына шолу жасайық,алғаш рет кім енгізген,қандай сөзден шыққан,қандай мағынаны білдіреді екен.
2.Тарихи мәлімет.
Біздің заманымызға дейінгі ІV ғасырда пропорцияның жалпы теориясын ежелгі грек ғалымдары жасаған, олардың ішінде аса көрнекті орын алғандары Теэтет пен Евдокс болған еді.
Пропорционалдық тәуелділік архитектура мен өнерде жиі пайдаланылады.
Себебі құрылыстың, кескіннің көрнекті, үйлесімді әсем болуы ондағы пропорционал үндестіктің сақталуымен байланысты.
Тіпті , Страдивари да ,өзінің ерекше скрипкасын жасағанда пропорцияны пайдаланған.
Әр түрлі кезеңдерде пропорцияны әр түрлі жазған.
Орта ғасырдадағы ислам елдерінің математиктері еңбектерін араб тілінде оңнан солға қарай жазып, қазіргі түрдегі 8:15=96:180 пропорциясын 180 96 15 8 түрінде жазған, ал XVII ғасырдағы француз математигі Рене Декарт осы пропорцияны 8/15/96/180 түрінде жазған.
Пропорцияны қазіргіше жазуды 1693 жылы неміс физигі,өнертапқыш әрі математик Г.В.Лейбниц енгізген.
3. Жаңа ұғымды түсіндіру электронды оқулықтан көрсетіледі.
Оқулықтың түсіндіру кезіндегі тапсырмаларды сол жерде орындатып, тексеріліп отырады
ІІ . Операциялық – орындаушылық кезең.
1.Оқулықпен жұмыс:
№ 53/1,2/ пропорцияның белгісіз мүшесін табу.
№55/1,3,5/ пропорцияның белгісіз мүшесін табу.
2. ,,Ойлан,тап,,
Электронды оқулықтағы тапсырмаларды шығару.
1-тапсырма:
Жауабын белгіленген уақыттан соң тексереміз.
2-тапсырма:
3.Ой қозғау
Ойланбаса ми сасиды,
Қозғалмаса су сасиды.
4.Ой –тұжырымдамасы:
ІІІ.Рефлексиялық — бағалау кезең.
Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары.
1.
2.
3.
4.
Дұрыс жауаптары:
1.С 2.Д 3.Д 4.В
Тесттің жауаптары интерактивті тақта арқылы тексеріледі.
Өзін-өзі бағалау парағының үлгісі
р/с |
Тапсырмалар |
Мұғалім берген ұпай саны |
Оқушының жинаған ұпай саны |
Баға |
1 |
Қызығушылығын ояту |
2 |
||
2 |
Ауызша есеп /электронды оқулықтағы/ |
5 |
||
3 |
Оқулықпен жұмыс |
5 |
||
4 |
Ойлан,тап |
5 |
||
5 |
Ой қозғау |
5 |
||
6 |
Тест |
5 |
||
барлығы |
27 |
25-27 ұпай«5», 20-24 ұпай «4», 10-19 ұпай «3».
Үйге тапсырма : № 57,58,59
[bws_related_posts]